Жетісудағы көтеріліс
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Тақырып: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы
Білімдік мақсат
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтарын меңгерту, ұлт зиялыларының ұстанымын және қозғалыстың тарихи маңызын түсіндіру.
Дамытушылық мақсат
Азаттық күреске басшылық еткен тарихи тұлғалар туралы ой қорытып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік мақсат
Тарихқа құрмет, елге сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру; туған жерді қорғаған Амангелді батырдың ерлігін үлгі ету.
Қолданылатын ресурстар
Көрнекіліктер
- Плакаттар, маркерлер, түрлі-түсті жапсырма қағаздар
- Мәтіндер жинағы, карта
- Тарихи және әдеби кітаптар
Ұсынылатын әдебиеттер
- С. Асфендияров — «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс»
- М. Әуезов — «Қилы заман»
- С. Мұқанов — «Ботагөз»
- Ж. Аймауытов — «Қартқожа»
- С. Сейфуллин — «Тар жол, тайғақ кешу»
Дереккөздер
- Оқулықтағы тақырыпқа сәйкес материалдар
- Электронды оқулық
- Интернет дереккөздері
Әдістер мен тәсілдер
- Топтық жұмыс, пікір алмасу
- «Ыстық орындық», «Автор орындығы»
- «Бағдаршам» арқылы бағалау
- «Серпілген сауал»
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, сурет, география.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды 3 топқа бөлу
- Әр топтан топ басшысын сайлау
- Бағалау парақтарын тарату
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру.
3) Жаңа сабақтың негізгі бағыттары
- А. Иманов бастаған көтеріліс
- Жетісудағы көтеріліс
- Қозғалыстың тарихи маңызы
Тұлға арқылы тақырыпқа шығу: Амангелді Иманов
Оқушыларға ұсынылатын жетекші сұрақ: «Суретте кім бейнеленген?» Суретте халық батыры Амангелді Иманов бейнеленеді.
Амангелдіге арналған туындылар мен бейнелер көпшілікке кеңінен таныс: суретшілер Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, Н. Б. Нұрмұхамедов, В. Шамшин полотнолары, сондай-ақ Х. Наурызбаев және басқа мүсіншілердің мүсіндік портреттері.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ұлтымыздың бас бостандығы үшін күрес тарихында талай батыр бар. Солардың бірі әрі бірегейі — Амангелді Иманов. Ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, қол бастаған батырлардың қатарынан орын алды. Сабақта батырдың ерлігімен қатар, оған арналған өлең-жырлар мен көркем шығармаларға да назар аударамыз.
Әдеби мұрадағы бейне
- Омар Шипин — «Амангелді батыр»
- Күдері Жолдыбаев — «Амангелдінің Торғайды алғаны»
- Күдері Жолдыбаев — «Амангелді батырдың сарбаздары»
- Күдері Жолдыбаев — «Амангелді маршы» (жорық жыры)
Ұрпақтар сабақтастығы: ерлік дәстүрі
- Атасы — Иман батыр: Кенесары бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қатысқан.
- Өзі — Амангелді Иманов: 1916 жылғы ұлт-азаттық күрестің басшыларының бірі.
- Баласы — Рамазан Амангелдиев: Ұлы Отан соғысында Мәскеу шайқасына қатысып, Серпухов түбіндегі Воронино маңындағы ұрыста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан.
Үш ұрпақ өкілі Отан үшін от кешті. Бүгінгі ұрпақ — ата-баба аманатына адал болып, ерлік дәстүрін жалғастырушы болуы тиіс.
Мағынаны ашу: қозғалыс неден басталды, немен аяқталды?
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жеңілу себептері, зардаптары және тарихи маңызы туралы ұжымдық талқылау жүргізіледі.
1-топ
Қозғалыстың себептері, мақсаты және сипаты.
2-топ
Қозғалыстың қозғаушы күштері.
3-топ
Қозғалыстың басшылары.
Жұмыс тәртібі
- Алдымен жеке жұмыс: ойды жазу.
- Жұппен талдау: нақтылау, толықтыру.
- Шағын топта жинақтау: схема, тезис, сурет т.б. арқылы постер жасау.
- Қорғау: әр топ атынан топ басшысы таныстырады.
- Кері байланыс: әр топтан бір ұсыныс және бір пікір айтылады.
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Қызыл
Түсінбедім.
Сары
Орташа деңгейде түсіндім.
Жасыл
Барлығы түсінікті.
Топ мүшелері бірін-бірі өзара бағалайды.
Ойтолғау: 1916 жылғы маусым жарлығы және қоғамдық пікір
Оқушыларға тапсырма: «Сендер 1916 жылғы маусым жарлығына байланысты жиынға қатысып отырмыз деп елестетіңдер. Қандай мәселе талқылануы мүмкін?»
«Серпілген сауал» әдісі (үлгі сұрақтар)
-
Сұрақ 1
«Империяның бұратана ер азаматтарын соғыс жүріп жатқан аймақтарға қорғаныс құрылыстарын салу және әскери қатынас жолдарына байланысты қара жұмысқа алу туралы жарлыққа сенің көзқарасың қандай?»
-
Сұрақ 2
«Жарлық қазақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды деген ойды қандай дәлелдермен кеңейтуге болады?»
-
Сұрақ 3
«Естіген ойлардың барлығын бір тұжырымға қалай біріктіруге болады?»
Шығармашылық тапсырмалар
I топ
Торғайдағы көтеріліс және оның ерекшеліктерін сипаттау.
II топ
- Суретпен жұмыс: авторын және атауын анықтау
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру (АКТ қолдану)
III топ
Көтерілістің негізгі ошақтарын картадан көрсету.
Картамен жұмысқа арналған сұрақтар
- Көтерілісшілер қоршауға алған елді мекендерді көрсетіңдер.
- Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі орталықтарын белгілеңдер.
- А. Иманов басшылығымен көтерілісшілер ұзақ уақыт қоршауға алған қаланы анықтаңдар.
- Торғай ошағына қарсы бағытталған жазалау экспедициясының бағытын көрсетіп, оны кім басқарғанын айтыңдар.
Сабақты бекіту: ашық тест
1-сұрақ
Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістаннан қанша адам алу көзделді?
- A) 500 мың адам
- B) 300 мың адам
- C) 400 мың адам
- D) 100 мың адам
2-сұрақ
Қазақ ақсүйектерін қара жұмысқа шақырудан босату туралы құпия бұйрық қай күні шықты?
- A) 1916 жылғы 23 тамыз
- B) 1916 жылғы 15 желтоқсан
- C) 1916 жылғы 25 маусым
- D) 1917 жылғы 27 ақпан
Автор туралы мәлімет
Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы, Кулагин орта мектебінің I санатты тарих пәні мұғалімі — Айсауле Боранғалиева Салықовна.
Материал: «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы».