Бүгінгі Кім жүйрік
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?»
Бұл сабақ ата-аналар мен балаларды ортақ сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр туралы білімін, сондай-ақ ән-би, қолөнер сияқты халықтық өнерден хабардарлығын анықтауға бағытталған.
Сабақ барысында «Отбасы – Отанның бір бөлшегі» екені кеңінен түсіндіріліп, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу көзделеді.
Әдісі
Ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнекілігі
ҚР рәміздері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
«Атамыз қазақ: “Бала – адамның бауыр еті”, “Балалы үй – базар” дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі».
Бүгінгі «Кім жүйрік?» атты сайысқа екі отбасы қатысады. Енді осы отбасылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасын тағайындаймыз.
Сайыс бөлімдері
- Таныстыру
- Күлдіргі жұмбақ
- Жарнама (үйден дайындалған тағамды таныстыру)
- Не істеуге болмайды? (сұрақ-жауап)
- Кім жылдам? (спорттық кезең)
«Кім жылдам?» кезеңінің тапсырмалары
- Шарды жару
- Ине сабақтау
- Қапшықпен секіру
- Асық ату
- Арқан тарту
Сайысты бастауға шақыру
Төрт көзіміз түгел болса, сайысымызды бастайық!
«Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керіледі,
Әдеппен, ізетпен дегендей…»
1-бөлім: Таныстыру
Қатысып отырған командалар өз құрамын таныстырып өтеді.
2-бөлім: Жарнама
Үйден дайындалып келген тағамды таныстырып, жарнамалау.
Күлдіргі жұмбақтар
Сайыскерлердің білім деңгейін байқау үшін күлдіргі жұмбақтарға кезек береміз.
- Кім барлық тілде сөйлейді? Жауабы: Жаңғырық.
- Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай жазуға болады? Жауабы: Мысық.
- Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? Жауабы: Ой-қиял.
- Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? Жауабы: Жоқ, ол уақыт та түн мезгілі болады.
- Қандай кезде аспан жерден төмен тұрады? Жауабы: Аспанның суреті суда көрінген кезде.
- Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Жауабы: Іші толы бөшкеге.
- Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? Жауабы: Түйеқұс ұшпайды.
- Қосарланып жегілген ат 1 сағатта 12 км жүреді. Осы уақытта бір ат қанша жол жүреді? Жауабы: 12 км.
- Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? Жауабы: 1, 2, 3.
- Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны өзіңнен гөрі басқалар жиі айтады? Жауабы: Сенің есімің.
«Не істеуге болмайды?» (жалғастыр ойыны)
Бұл бөлімде шапшаң жауап беру қажет. Төмендегі бастамаларды дұрыс жалғастырыңыздар.
1-топқа
- Үлкендер…
- Бейуақытта…
- Ауызды…
- Есікті…
- Қатты дауыс…
2-топқа
- Үлкендер…
- Аналарды…
- Қателігіңді…
- Досқа…
- Үлкендердің…
«Кім жылдам?» (спорттық кезең)
Бұл бөлімде ата-аналар мен балалардың ептілігі мен шапшаңдығы сыналады.
1
Шарды жару
2
Ине сабақтау
3
Қапшықпен секіру
4
Асық ату
5
Арқан тарту
Сайыс соңы
Бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Енді сөз кезегін қазылар алқасына береміз: жеңіске жеткен командаларды бағалап, марапаттарын табыстасын!
Қорытынды
- Білім мен тапқырлық
- Өнер мен шеберлік
- Ынтымақ пен бірлік
- Ептілік пен жылдамдық