Аралас сандарды азайту
Математика
5-сынып
Сандарға амалдар қолдану
Сабақ тақырыбы: аралас сандарды қосу және азайту
Сабақ мақсаттары
- Аралас сандарды ажыратады.
- Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше түрлендіреді.
- Аралас сандарды қосуды және азайтуды орындайды.
Тілдік мақсаттар
- 2 1/3 және 1 7/12 сияқты жазулардың аралас сан екенін түсінеді.
- Қосу және азайту кезінде бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру қажеттігін түсінеді.
- Аралас сандардың бөлшек бөліктері үшін ең кіші ортақ бөлімді табады.
Назар аударатын дағдылар
- Терминдерді дұрыс қолдану.
- Алым, бөлім, ортақ бөлім ұғымдарын ажырату.
- Жауапты ықшам және дәл жазу.
Пәнге тән лексика мен терминология
Оқушылардың сөздік қорын біріздендіру үшін негізгі терминдер үш тілде беріледі.
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Бөлшек
дробь
fraction
Жай бөлшек
обыкновенная дробь
common fraction
Алымы
числитель
numerator
Бөлімі
знаменатель
denominator
Бұрыс бөлшек
неправильная дробь
improper fraction
Дұрыс бөлшек
правильная дробь
proper fraction
Бөлшектің бүтін бөлігі
целая часть дроби
the integer part of the fraction
Аралас сан
смешанное число
mixed number
Ортақ бөлім
общий знаменатель
common denominator
Қосу
сложение
addition
Азайту
вычитание
subtraction
Диалог пен жазуға арналған пайдалы сөздер мен тіркестер
Түсіндіру үлгілері
- Аралас сан дегеніміз — …
- Бұл есептегі … аралас сан, себебі …
Әрекет жоспары
- … аралас санды қосу үшін … деп ойлаймын.
- … аралас санды азайту үшін … деп ойлаймын.
- Ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз және …
- Бұл аралас санның бүтін бөлігін …
Сабақтың басы: «Миға шабуыл» (5 минут)
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу және қатысымды тексеру.
- Сабақ мақсаты мен күтілетін нәтижелерді жариялау.
- Үй тапсырмасын тексеру: мұғалім интерактивті тақтада шешу жолдары мен жауаптарды көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын сәйкестендіреді.
Қайталау сұрақтары
- Жай бөлшек дегеніміз не?
- Бөлшектің алымы дегеніміз не?
- Бөлшектің бөлімі дегеніміз не?
- Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
- Жай бөлшектерді қалай азайтамыз?
- Ең кіші ортақ бөлім дегеніміз не?
- Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
- Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
Жаңа білім: анықтама және түрлендіру
Аралас санның жазылуы
Егер сан a b/c түрінде жазылса, онда бұл сан аралас сан деп аталады. Мұндағы:
- a — бүтін бөлігі;
- b — алымы;
- c — бөлімі.
Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру үшін алымды бөлімге бөлеміз: бөліндінің бүтін бөлігі — аралас санның бүтін бөлігі, ал қалдық бөлшек бөлікті құрайды.
Нәтиже a b/c түрінде жазылады.
Топтық жұмыс: «Галерея» стратегиясы
Оқушылар 4-ке санау арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ мұғалім дайындаған материал бойынша постер әзірлеп, оны сыныпқа «галерея» форматында таныстырады. Қалған топтар сұрақ қойып, талқылауға қатысады.
І топтың тақырыбы
Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.