Шешендік өнер сайысы

Пән

Биология, 6-сынып

Сабақ түрі

Ашық сабақ: «Білгір биолог»

Мақсаты

Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру, тірі ағзаларға, қоршаған орта мен табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Топқа бөлу

Сынып 3 топқа бөлінеді:

  • 1-топ

    Бәйшешек

  • 2-топ

    Қызғалдақ

  • 3-топ

    Жауқазын

Сайыс кезеңдері

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Бізден сұрақ — сізден жауап
  3. 3 Ойлан, тап
  4. 4 Кім тапқыр?
  5. 5 Топ басшылар сайысы
  6. 6 Шешендік өнер
  7. 7 Образға ену ойыны
  8. 8 Қорытындылау

1) Таныстыру

Әр топ өз атауын таныстырып, ұранын немесе қысқа таныстыру мәтінін ұсынады.

2) Бізден сұрақ — сізден жауап

Бұл бөлімде әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Оқушылар сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беруі керек. Егер жауап болмаса, келесі топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі.

1-топқа сұрақтар

  • А) Қызыл кітап не үшін қажет?
  • Б) Гүлдің құрылысын атаңыз.
  • В) Жапырақтың қызметі қандай?

2-топқа сұрақтар

  • А) Тозаңдану дегеніміз не?
  • Б) Жылдық сақина қалай пайда болады?
  • В) Жеміс пен тұқым неден дамиды?

3-топқа сұрақтар

  • А) Микроскоптың құрылысын түсіндіріңіз.
  • Б) Өсімдік ұлпаларын атаңыз.
  • В) Фотосинтез үдерісін ашқан ғалым кім?

3) Ойлан, тап

Берілген әріптерден өсімдіктер мен жануарларға қатысты сөздер құрастырып жазыңыз. Бұл кезеңде оқушының шапшаңдығы да бағаланады.

1-жиынтық

Ж, ұ, а, т, л, п, ү, ы, п, а, р, л, к, і, а, қ

Жауаптар: ұлпа, жапырақ, түлкі

2-жиынтық

Г, ж, қ, а, ү, а, с, қ, с, у, л, ы, р, ш, а

Жауаптар: гүл, жасуша, қасқыр

3-жиынтық

Ж, е, т, ү, й, м, і, а, р, е, к, ы, р, с, м

Жауаптар: жеміс, тамыр, үйрек

4) «Кім тапқыр?» ойыны

Сандыққа бір жеміс немесе көкөніс жасырылады. Сұрақ оқылғаннан кейін, бірден дұрыс жауап берсе — 5 ұпай. Егер 2-көмек алса — 3 ұпай, ал 3-көмек алса — 1 ұпай беріледі.

1-топ

  1. А) Ежелгі Египетте пирамида салған құлдарды ауыртпау үшін тағамына қосқан өсімдік.
  2. Б) Фитонцидтері көп, тұмау кезінде пайдаланылатын өсімдік.
  3. В) «Жуаның інісі».

Дұрыс жауап: сарымсақ

2-топ

  1. А) Бет күтімінде маска жасауға, секпілді кетіруге қолданылатын жеміс.
  2. Б) Құрамының 98%-ы су.
  3. В) «Огурецтің» қазақша атауы.

Дұрыс жауап: қияр

3-топ

  1. А) Отаны — Оңтүстік Америка. Шырындары асқазан ауруына ем.
  2. Б) Спирт, крахмал алынады; мал азығы ретінде де қолданылатын техникалық өсімдік.
  3. В) «Көзшелерін» кесу арқылы көбейтіледі.

Дұрыс жауап: картоп

5) Топ басшылар сайысы

Әр топ басшысы қоржындағы асықтар арқылы тапсырма таңдайды.

Тапсырма 1

Тірек-сызбаны аяқтаңыз: «Тозаңдану».

Тапсырма 2

Тәжірибені баяндаңыз.

Тапсырма 3

Есепті шығарыңыз: 1 га жердегі жас терек 1 жылда 300 кг шаң жинайды. Ол 15 жылда қанша шаң жұтады?

Жауабы: 4500 кг

6) Шешендік өнер

Берілген тақырыптар бойынша ойды жүйелі жеткізу ұсынылады. Бағалау өлшемдері: сөйлеу мәнері, сөз саптау, сауатты сөйлем құрау. Уақыты — 5 минут.

Тақырып 1

Өсімдіктердің пайдасы

Тақырып 2

Жануарлардың пайдасы

Тақырып 3

Жануарлардың зияны

Қонақтармен ойын

Логикалық есеп 1

9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі?

Жауабы: 2 ешкі, 7 тауық

Логикалық есеп 2

5 адамға 5 алманы бөлу керек. Әр адам бір алманы алсын, бірақ бір алма кәрзеңкеде қалсын. Қалай бөлеміз?

Жауабы: 1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен бірге алады

Қорытындыға арналған шағын жұмбақ-өлең

Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан өсімдік бар.
Соларды топтастырып, жүйеге сап,
Ғылымда өз алдына атайды — түр.

Түрлерді топтастыру — ол да дұрыс,
Ол тобын өсімдіктің дейді — туыс.
Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас өсімдік тобы — тұқымдас.

7) Образға ену ойыны

Қимыл арқылы табиғат құбылыстары мен тірі ағзалардың әрекетін бейнелеңіз:

  • 1 Гүлдің солуын қимылмен көрсетіңіз.
  • 2 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген араны бейнелеңіз.
  • 3 Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты көрсетіңіз.

8) Қорытындылау

Сайыс нәтижесі шығарылады, ұпайлар есептеледі, белсенді қатысушылар атап өтіледі. Сабақ соңында табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау туралы қысқа рефлексия жасалады.