Қозыкүрең әңгімесі аяқталғаннан кейінгі Ағыбай әрекеті
Сабақ тақырыбы
Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасы.
Түйінді идея
«Отаныңа опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің» (халық мақалы).
Сабақтың мақсаты
- АКТ көмегімен шежіресі мол Отырар қаласы туралы ақпарат алу.
- Топтық жұмыс барысында поэманың мазмұнын өз бетінше меңгеру.
- Ақын әрі жазушы Мұхтар Шахановтың шығармашылығын зерттеп, зерделеу.
- Өзінің және сыныптасының жұмысына сыни көзбен қарап, пікір білдіру.
- Бағалаудың маңызын түсіну.
Күтілетін нәтиже
Білім
Ақын шығармашылығын зерделеп, қажетті ақпаратты алады; поэманың мазмұнын меңгереді.
Сыни ойлау
Орындалған жұмысқа сыни пікір айта алады; ақпараттан нені және қалай оқу керектігін түсінеді.
Бағалау
Өзін және сыныптастарын бағалай алады, кері байланыс арқылы өз жұмысын жетілдіреді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
«Шаттық шеңбері» әдісі: «Сәттілік» тренингі. Оқушылар шеңберге тұрып, көршісіне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Кері байланыс: «Қозыкүрең» әңгімесі бойынша сұрақ-жауап.
Сұрақ-жауап (Қайталану)
- Қазақ пен қырғыз ежелден қай таудың бөктерін қатар жайлап келген?
- Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.
- Ағыбай Төреқұлдың ауылына кімді ертіп барды?
- Төреқұл алдымен кіммен амандасты?
- Ержан қырғыз бен қазақты қалай ұқсатты?
- Қырғыз елінен майданға аттарды қай жылы апарды?
- Жылқышылар жирен айғырды не себепті «Қозыкүрең» атады?
- Қозыкүреңнің түсі қандай?
- Қозыкүреңнің қашқалы жүргенін кім байқайды?
- Саяқбай ауырған Қозыкүреңді қалай емдеді?
- «Қозыкүрең» әңгімесі аяқталғаннан кейін Ағыбай қандай әрекет жасады?
- Қырғыз бен қазақ салтындағы айырмашылықты қай тұстан байқадың?
- Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан және қалай басталды?
- Әңгімеде қандай мақал-мәтелдер кездесті? (Жауап нұсқасы: алтын алқа, күміс алқа, қола алқа тағу)