Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары
Сабақтың тақырыбы
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың өз бетімен білімін толықтыруға жағдай жасау.
- Ойлау қабілеттерін дамыту.
- Пәнге қызығушылықты, білімге құштарлықты және адамгершілік қағидаларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- Жүректің құрылысы және қан айналым жүйесінің сызбанұсқалары.
- Сфигмоманометр (қан қысымын өлшейтін құрал) және фонендоскоп.
Сабақтың кезеңдері
- 1 Ұйымдастыру кезеңі.
- 2 Жаңа сабақты түсіндіру.
- 3 Пысықтау.
- 4 Үй тапсырмасын беру.
Эпиграф
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
I кезең: Білім деңгейін көрсету
Тірек-сызба нұсқалары 3 оқушыға таратылады. Төмендегі ұғымдар бойынша қысқаша қорытынды жасалады.
1) Қанның қызметтері
- Тіршілік көзі, ағзаны қоректендіреді.
- Дене қорғанысын қамтамасыз етеді.
- Дене температурасының тұрақтылығын сақтауға қатысады.
- Гуморальді реттеуге қатысады: гормондарды тасымалдайды.
- O2-ні жеткізіп, CO2-ні әкетеді.
- Мүшелерді байланыстыратын тасымалдаушы орта.
Ескерту: Қан ағзада үздіксіз айналып отырады.
2) Иммунитет түрлері
Табиғи
- Туа біткен
- Жүре пайда болған
Жасанды
- Белсенді
- Енжар
Қан айналым мүшелері
- Жүрек
- Артерия
- Вена
- Капилляр
II кезең: Қан тобы және мінез ерекшеліктері
«Өзіңді танып біл!» атты шығармашылық тапсырмада әр қан тобына тән мінез сипаттамалары талқыланады.
I топ
Ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзілқой; өмірдегі құбылыстарға сергек қарап, айқындықты ұнатады.
II топ
Сезімтал, ұсақ нәрсеге тез ренжуі мүмкін; сырттай ұстамды және байсалды көрінгенімен, жүйкесі нәзік. Өзіне талап қойғыш, іс-әрекетін мұқият бақылауға бейім.
III топ
Сенімшіл, айналасына күдікпен қарайды, уайымға жиі берілуі мүмкін. Дегенмен, тез сабасына түсіп, болған жайтты жылдам ұмытады.
IV топ
Мақсатына жету үшін күш-жігерін аямайды; кейде өзгелерді өз мақсатына тиімді пайдалануға икемді. Махаббат мәселесінде шыдамсыздық пен тұрақсыздық байқалуы мүмкін.
III кезең: Венн диаграммасы (қан жасушалары)
Эритроциттер
- 1 мм3 қанда шамамен 4,5–5 млн болады.
- Тегершік пішінді, ядросыз.
- Гемоглобин арқылы O2 және CO2 тасымалдайды.
- Орташа тіршілік ету ұзақтығы: 120 күн.
Ортақ белгілер
Қан жасушаларының негізгі бөлігі сүйек кемігінде түзіледі.
Лейкоциттер
- 1 мм3 қанда шамамен 4 мың болады.
- Амеба тәрізді пішінді, ядросы бар.
- Микробтарды жойып, қорғаныш қызмет атқарады.
- Орташа тіршілік ету ұзақтығы: 12–15 күн.
IV кезең: Қан айналым шеңберлері
Суреттер бойынша қан айналымының шеңберлері көрсетіліп, анықтама беріледі. Оқушылардан мазмұнын айтып, негізгі ұғымдарды дәлелдеуі сұралады.
V кезең: Жаңа сабақты меңгеру
1) Жұмбақтар
Жанды мотор сынбайды,
Күні-түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды.
Жауабы: Жүрек (сердце)
Тарам-тарам бір ғалам,
Ағыш-ұйғыш шырмалған.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
Жауабы: Қан тамыры (кровеносный сосуд)
2) Қан қысымымен байланысты аурулар
Гипертония
Қан қысымының көтерілуі.
Инфаркт
Жүрек бұлшықетінің бір бөлігінің өліеттенуі.
Инсульт
Миға қан құйылу немесе қан айналымының күрт бұзылуы.
Гипотония
Қан қысымының төмендеуі.
Мектеп мейірбикесі Рақымжанова Ү. К. сабақ қонағы ретінде қан қысымын өлшеу құралымен таныстырып, бір оқушының қан қысымын өлшеп көрсетеді.
3) Қан кеткенде алғашқы көмек
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлері талқыланады. Мысалы, халқымызда қанды тоқтатудың дәстүрлі тәсілдерінің бірі ретінде күйдірілген киізді басу айтылған.
Маңызды: нақты жағдайда алғашқы көмекті қауіпсіздік ережесін сақтай отырып көрсету және қажет болса медицина қызметкеріне жүгіну керек.
4) Қан аурулары
Қан аздық (анемия)
- Темірдің жетіспеуі.
- Қансырау.
- Тағамнан темірдің дұрыс сіңбеуі.
«Ақ қан» (лейкоз)
Лейкоциттердің шамадан тыс көбеюімен байланысты қан ауруы ретінде түсіндіріледі.
5) Қауіп факторлары
- Жүйке жүйесінің зорығуы.
- Аз қимылдау (гиподинамия).
- Дұрыс тамақтанбау.
- Алкоголь және никотиннің әсері.
- Гигиеналық талаптарды сақтамау.
6) Алдын алу шаралары
Күнделікті дағдылар
- Жеке бас гигиенасын сақтау.
- Күн тәртібін реттеу.
- Зиянды әдеттерден аулақ болу.
Денсаулықты нығайту
- Тиімді тамақтану.
- Денені шынықтыру және қозғалыс белсенділігі.
Ақша жоғалтсаң — ештеңе жоғалтпағаның; уақыт жоғалтсаң — көп нәрсені жоғалтқаның; ал денсаулықтан айырылсаң — бәрінен айырылғаның. Сондықтан бірінші байлық — денсаулық екенін ұмытпайық.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
§35, 123–125-беттер.
Бағалау
Сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.