Оқулықтағы мәтінді төрт бөлімге бөліп оқыту
Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл
Бұл сабақта оқушылар жыл мезгілдері туралы мәтінді талдай отырып, сын есімнің сұрақтарын анықтайды және мәтін мазмұнын өзгеге жүйелі түрде түсіндіруге дағдыланады.
Мақсаты
- Сын есімге қойылатын сұрақтарды анықтау.
- Мәтін мазмұнын түсініп, өзгеге түсіндіре білу.
Міндеттері
- 1 Түсініп оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; заттың сынын білдіретін сөздер туралы ұғымды кеңейту.
- 2 Мәтін туралы ойды жүйелі жеткізу; ұйқас өлеңдерді оқи отырып, ұйқасын табу.
- 3 Топтық жұмыста пікір алмасуға және ой таластыруға жаттығу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың ынтасы артады; өз ойын және білгенін еркін айтуға, дәлелдеуге үйренеді.
Сабақ сипаттамасы
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдістері
- Әңгімелеу, бағыттап оқыту, ой қозғау, толғаныс стратегиясы, ой шақыру
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер
Қажетті құралдар
- A1 форматты қағаз
- Стикерлер
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Қима қағаздар
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
4 минут
- Амандасу, бүгінгі көңіл күйге сәйкес смайлик таңдау.
- Жыл мезгілдерінің суреттері арқылы топқа бөлу.
- Топ жетекшісін өздері сайлау.
- Әр топқа «Гүл жамылған өлке» өлеңін тізбектей оқыту.
II. Қызығушылықты ояту
2 минут
Жұмбақ
Ортасында ақ көлдің,
Қара көлге тап болдым.
Жауабы: көздің ағы мен қарасы
Талқылау сұрақтары
- «Көздің ағы», «қарасы» сөздеріне қандай сұрақ қоямыз?
- Бұл сөздер заттың нені білдіреді?
III. Ой қозғау
3 минут
Оқушылар стикерлерге жауаптарын жазып, ортақ тақтаға іледі.
- Жылдың қай мезгілін ұнатасыңдар?
- Әр жыл мезгіліне қандай айлар тиесілі?
- Әр топ өз мезгіліне сәйкес айларды жазып шығады.
IV. Мағынаны тану
20 минут
Жыл мезгілдері өмірге қалай келді? Оларды реттілікпен кім бөліп берді? Бұл туралы «Төрт мезгіл» ертегісінен оқып білеміз.
Оқулықтағы мәтін 4 бөлімге бөлініп, кезекпен оқылады. Әр бөлімнен кейін талқылау сұрақтары қойылады.
1-бөлім бойынша сұрақтар
- Жыл ақсақалдың ұл-қыздарын атай аласыңдар ма?
- Ақсақал ұл-қыздарының есейгенін қалай сипаттады?
- Ақсақал сұрай әрі сынай отырып, балаларына қандай ой айтқысы келді?
2-бөлім бойынша сұрақтар
- Қатулы ұлдың жауабы қандай болды?
- Сұлу қыз — көктем — өз жауабын қалай жеткізді?
- Көңілшек күз жауабын қалай баяндады?
- «Мен де!» деп жадырап жауап берген қызын атай аласыңдар ма?
3-бөлім бойынша сұрақтар
- Риза болған ақсақал балаларына не бергісі келді деп ойлайсыңдар?
- Ораулы қағаз саны қанша болды?
- Әр баласы қаншадан бөліп алуы мүмкін?
- Шашылған қағаздарды қалай жинап алуға болады?
4-бөлім бойынша сұрақтар
- Жыл ақсақалдың шешімі қандай болды?
- Ақсақал шешімді неге сүйеніп қабылдады деп ойлайсыңдар?
- «Әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет етуді ұмытпаңдар» деген сөзді ақсақал не үшін айтты?
- Ақсақалдың ұл-қыздары сендерге қалай қызмет етеді?
- Сен үшін ақсақал балаларының орны қандай?
- Бұл «кейіпкерлермен» достық қарым-қатынаста боласың ба? Неліктен?
- Ақсақалдың ұл-қыздарының ішінен саған ерекше ұнағаны қайсысы?