Көп сөз - күміс
«Білімді мыңды жығар» зияткерлік ойыны (презентациямен)
Мақсаты
Оқушылар арасында салауатты бәсекелестік қалыптастыру арқылы білімге құлшынысты арттыру; логикалық ойлау қабілетін дамыту; өз білімін көтеру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Көрнекіліктер
- Компьютер, интерактивті тақта, графопроектор
- Слайдтар, тапсырмалар
- Залды шарлар, гүлдермен безендіру
- Білім туралы қанатты сөздерді ілу
Қатысушылар
9–11-сыныптардан, әрқайсысы 3 оқушыдан тұратын 5 топ.
Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және өмірлік ұстанымын таныстырады.
I кезең: «Құпия сөз»
Тапсырма
Берілген әріптер тізбесінен сөз құрастырып, өз тобының атауын табады. Сол сөзден жаңа сөздер шығарып, ұнаған бір сөзді таңдап, шағын шығарма жазады.
Анаграммалар
- шаболқа → Болашақ
- ырадн → Дарын
- нықар → Қыран
- лұртап → Тұлпар
- құрңас → Сұңқар
Музыкалық номер
Хор «Жас Ұландар».
II кезең: «Керемет бестік»
Қазақ тілі
10 ұпай
Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
- A) Синтаксис
- B) Лексикология
- C) Полисемия
- D) Стилистика
- E) Пунктуация
20 ұпай
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
- A) Көп сөз – күміс – аз сөз, алтын.
- B) Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
- C) Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
- D) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.
- E) Көп сөз күміс – аз сөз алтын.
30 ұпай
Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
- A) Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.
- B) Міне, біз де келдік. Кеш те басталды.
- C) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.
- D) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
- E) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
40 ұпай
Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есімді таңдаңыз.
- A) балдырған журналы
- B) Балдырған журналы
- C) Менің атым Қожа хикаяты
- D) абай жолы романы
- E) «Абай жолы» романы
50 ұпай
Одағайды көрсетіңіз.
- A) Өзімдікі болса игі еді.
- B) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
- C) Балам, ойымды таба алмадың.
- D) Мынау не деп тұр?
- E) Қой деймін, бала.
Орыс тілі
10 ұпай
Отвлечённое существительное:
- A) сахар
- B) чтение
- C) листва
- D) детвора
- E) журнал
20 ұпай
Укажите глаголы II спряжения.
- A) махать, хлестать, дышать
- B) дышать, зависеть, приготовить
- C) приготовить, полоть, доверить
- D) доверить, стелить, плескать
- E) плескать, гнать, дремать
30 ұпай
Если страдательное причастие настоящего времени образовано от глагола II спряжения, то пишется суффикс:
- A) -им-
- B) -енн-
- C) -ем-
- D) -ащ-, -ящ-
- E) -ущ-, -ющ-
40 ұпай
В предложении есть причастный оборот:
- A) Наступила осень, похолодало.
- B) А утро было славное, хотя и холодное.
- C) Вернувшись домой, я нашёл эту книгу.
- D) Тропинка, заворачивающая к лесу, была узкой.
- E) Мне не хотелось никого приглашать на свой юбилей.
50 ұпай
Укажите глаголы со значением «интеллектуальная деятельность».
- A) размышлять, сидеть, летать
- B) летать, спать, смеркаться
- C) конструировать, колоть, решать
- D) решать, считать, учиться
- E) учиться, молоть, клеить
Математика
10 ұпай
19 + 10 = 5 қалай шықты? Неге 5 шықты?
20 ұпай
Бұл жұмбақты балабақша баласы 1 минутта шешеді, орта буын оқушысы 5 минутта, жоғары сынып оқушысы 30 минутта, ал профессор ешқашан шеше алмайды.
Б Е Ү Т Б А Ж С Т О
Бұл не?
30 ұпай
Электричка сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатыр. Түтін қай бағытта және қандай жылдамдықпен будақтап шығады?
40 ұпай
1-ден 100-ге дейінгі сандарда «9» цифры қанша рет кездеседі?
50 ұпай
Бақта 4 көктерек өсіп тұр. Әрқайсысында 4 үлкен бұтақ бар. Әр үлкен бұтақта 4 кіші бұтақтан, ал әр кіші бұтақта 4 алмадан. Барлығы неше алма?
Тарих
10 ұпай
«Көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыр кім?
20 ұпай
Қорқыт ата ескерткішінің қандай ерекшелігі бар?
30 ұпай
Елімізде 700 жылдан бері өсіп тұрған ағашты қай жерден кездестіруге болады?
40 ұпай
Тараз қаласының ерте орта ғасырлық атауы қандай?
50 ұпай
Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы кім?
География
10 ұпай
Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда? Қалай аталады?
20 ұпай
Жетісудың жеті өзенін атаңыз.
30 ұпай
Қызыл кітапқа енген Грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы?
40 ұпай
Төбесінен бірден төрт ел — Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия — көрінетін тау жүйесі қалай аталады?
50 ұпай
Джомолунгманы (Эверест) бағындырған қазақ альпинисі кім?
Музыкалық номер
Ән: «Үш Меркі».
III кезең: «Кім тапқыр?» (логикалық сұрақтар)
- Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакандағы шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
- Айналасында су, ортасында заң. Бұл не?
- Көшеде екі әке, екі бала және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
- Аязда термометр –3° көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
- Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан отыр, ал әрқайсысының қарсысында үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
- Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?
- Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан 3-еуі артық. Ұлдар қанша, қыздар қанша?
- Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді. Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытып қалды. Есінде қалғаны: 6*8+20:4-2=40 Жақшаларды дұрыс қоюға көмектесіңіз.
- Мектепте 400 оқушы бар. Олардың кемінде екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.
-
Сәйкестікті табыңыз:
мысық — 3әтеш — 8есек — 2бақа — 3көкек — 4ит — ?
Музыкалық номер
Би: «Кербез керік».
IV кезең: «Жылан ойыны»
Әр топ құрамында «ж» әрпі бар төрт зат есім жазады. Сөздерді қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға болады.
Музыкалық номер
Би: «Тор жорға».
Ойын қорытындысы
| Топ атауы | I кезең | II кезең | III кезең | IV кезең | V кезең | Ұпай саны | Орны |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Болашақ | — | — | — | — | — | — | — |
| Дарын | — | — | — | — | — | — | — |
| Қыран | — | — | — | — | — | — | — |
| Тұлпар | — | — | — | — | — | — | — |
| Сұңқар | — | — | — | — | — | — | — |
Құрметті оқушылар, «Білімді мыңды жығар» атты зияткерлік ойынымыз өз мәресіне жетті. Жеңіске жеткен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Автор туралы
Жакашева Ұлбал Бейсенбаевна — Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы, Жамал Ермегияев атындағы орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
«Үздік тәрбие сағаты» номинациясы бойынша материал.