Сабақтың өтілу барысымен таныстыру

Пән Геометрия
Сынып 8
Тақырыбы «Төртбұрыштар» тақырыбын қорытындылау
Сабақтың типі Білімді қорытындылау, қайталау, жүйелеу
Сабақтың түрі Топтар арасындағы сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Төртбұрыштар» тақырыбы бойынша алған білімдерін еске түсіре отырып, оны тереңдету, қорытындылау және жүйелеу. Фигуралардың негізгі қасиеттерін қайталау арқылы есептер шығарту.

Дамытушылық

Есте сақтау дағдыларын, сызбаларды оқу қабілетін, есептің шарты бойынша сызба салуды дамыту. Венн диаграммасы арқылы фигураларды салыстыру, олардың қасиеттерін еске түсіріп сәйкестендіру және интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру арқылы геометрия пәніне қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Ұжыммен жұмыс істей білуге, өзін және өзгені тыңдауға, өз ойын толық әрі нақты жеткізуге тәрбиелеу. Топтағы рөлін анықтап, жауапкершілікті сезіне білу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекілік және ресурстар

  • 1 Интерактивті тақта
  • 2 Флипчарттар
  • 3 Бағалау парағы
  • 4 Фигуралардың кескіндері (трапеция, параллелограмм, ромб)
  • 5 Білім алушылар дайындаған презентациялар
  • 6 Маркерлер, плакаттар, магниттер

Ескерту: фигуралардың саны сыныптағы білім алушылар санына байланысты алдын ала дайындалады.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы топтық жұмысқа негізделген. Әр кезең білімді қайталау, жүйелеу және қолдануға бағытталады.

1-кезең: Ұйымдастыру

Сабаққа дайындықты тексеру, сабақтың мақсат-міндеттері мен жұмыс форматын нақтылау, топтарға бөліну және бағалау жүйесін таныстыру.

  1. Сабаққа дайындық Қатысуды тексеру және қайталау тақырыбын хабарлау.
  2. Сабақтың өту барысымен таныстыру Кезеңдер мен тапсырма түрлерін қысқаша түсіндіру.
  3. Топқа бөлу

    Білім алушыларды алдымен өз еркімен отырғызу. Әр білім алушыға фигураның кескіні бар карточкалар таратылады: трапеция, параллелограмм, ромб. Таңдаған фигурасына сәйкес білім алушылар келесі топтарға бірігеді:

    I топ
    Трапеция
    II топ
    Параллелограмм
    III топ
    Ромб
  4. Топ атауын бекіту Әр топ өз атауын таңдаған фигурасына сәйкес бекітеді: трапеция, параллелограмм, ромб.
  5. Топ басшысын сайлау Топ басшысы сабақ барысында топ жұмысының орындалуын бақылап, ұйымдастыруға көмектеседі.
  6. Бағалау парағын тарату

    Әр топқа бағалау парағы беріледі. Парақта топ атауы, топ басшысы, білім алушылардың аты-жөні және тапсырмалар бойынша ұпайлар белгіленеді.

    Өлшем Мазмұны
    Топтың аты ____________________________
    Топ басшысы ____________________________
    Қатысушылар Аты-жөні тізімі
    Бағалау бөлімдері Өткен тақырыпты қайталау · Есептер шығару · Суреті бойынша есеп шығару · Сәйкесін тап · Салыстыру · Бейне сұрақ · Қорытынды