Үшбұрыштардың түрлері

Сабақтың алғы сөзі

Үшбұрыш — жай фигураларға бөлінбейтін алғашқы фигура. Сондықтан шекарасы мен формасы бар кез келген заттың іргетасы — үшбұрыш.

Джордано Бруно

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыш. Үшбұрыштардың түрлері.

Сабақ мақсаты

Білімділік

Оқушыларға үшбұрыштың анықтамасын түсіндіріп, үшбұрыштардың түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге және жоғары нәтижеге ұмтылуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды, білім мен білік-дағдыларды дамыта отырып, геометрияға қызығушылықты арттыру.

Сабақ сипаттамасы

Түрі

Жаңа білім беру сабағы.

Әдісі

  • Топпен жұмыс
  • Жеке оқушымен жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірме материалдар (қағаздар)

Пәнаралық байланыс

  • Алгебра
  • Сызу

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
  3. 3 «Лездік тапсырма» (сұрақ-жауап)
  4. 4 Жаңалық (тақтамен жұмыс)
  5. 5 «Сергіту сәті»
  6. 6 «Алғырлық кілті» (кітаппен жұмыс)
  7. 7 «Біліктілік» сайысы (топпен жұмыс)
  8. 8 «Шешуші сәт» (семантикалық карта)
  9. 9 Үйге тапсырма
  10. 10 Қорытындылау

I бөлім: «Алғашқы қадам»

Үй тапсырмасын орындап келген оқушылардың жұмысы бағаланады.

Қайталау сұрақтары

  1. Аксиома дегеніміз не?
  2. Теорема дегеніміз не?
  3. Сыбайлас бұрыштар деп қандай бұрыштар аталады?
  4. Вертикаль бұрыштар дегеніміз қандай бұрыштар?

Есеп: № 69

II бөлім: «Лездік тапсырма»

Сұрақ

Геометрияның негізгі ұғымдарын атаңдар.

Жауап: нүкте, түзу, жазықтық.

Сұрақ

Анықтама деген не?

Жауап: жаңа ұғымның мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлем анықтама деп аталады.

III бөлім: «Жаңалық»

Тақтамен жұмыс

Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеңдер. Сол нүктелерді ретімен үш кесіндімен қосыңдар.

Нәтижесінде қандай фигура пайда болады? Үшбұрыш.

Үшбұрыштың анықтамасы

Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден, осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигура үшбұрыш деп аталады.