Тірек сөздермен жұмыс
Сабақ тақырыбы: «Алтын балта»
Бұл сабақта оқушылар ертегі мәтінін түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды және кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершілік құндылықтарын талдайды.
Сабақ мақсаты
Мәтінді түсініп оқу.
Сабақ міндеттері
- Білімділік: Бай мен кедей арасындағы әңгімені оқып, мазмұнын түсіну.
- Дамытушылық: Ертегідегі сөз тіркестерінің мән-мағынасын ашып түсіну.
- Тәрбиелік: Көре алмаушылық, дүниеқорлық сияқты жағымсыз қасиеттерден сақтандыру.
Сабақ форматы
- Түрі: ауызша сабақ (Ауызша–1)
- Технология: БжС
- Құрал: сабақ картасы
Сабақтың құрылымы (кезеңдер бойынша)
Сабақ картасы негізінде жұмыс реті түсіндіріледі: өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар, тірек сөздер, мәтінмен жұмыс, ҚҚС, СТС, ТСҚ.
1-кезең. Ұйымдастыру
- Сабақтың мақсатын айту.
- Карта бойынша жұмыс жасау ретімен таныстыру.
- Көшбасшыға сөз беру.
- Жылдамдық жаттықтыруы (негізгі ұғымдар).
2-кезең. Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру
Үй тапсырмасын қайталау
«Баланың айласы» мәтіні бойынша қарама-қарсы сұрақтарға жауап беру. Матрицамен жұмыс жүргізіледі.
Сынып құрамы және бақылау
- Сыныптағы оқушы саны: 21.
- Матрицаны толтыру және пайызды анықтау.
«Баланың айласы» бойынша қарама-қарсы сұрақтар (27)
- Хан қандай жерлермен келе жатты?
- Олар не көрді?
- Хан не деп бұйырды?
- Шапқыншылар не көрді?
- Қойшы не істеді?
- Шапқыншылар не сұрады?
- Қойшы не деп жауап берді?
- Шабармандар не деп ежіреңдеді?
- Қойшы жауабы қандай болды?
- Шабармандар не деп бұйырды?
- Қойшы неге бармай қойды?
- Хан қандай әмір берді?
- Шабармандар қойшыны қалай алып келді?
- Хан қойшыға не айтты?
- Қойшы ханға не айтып бермек болды?
- Қойшы хикаясы не туралы еді?
- Сұңқар не іздеп келе жатты?
- Ол нені кездестірді?
- Торғай не деп өтінді?
- Сұңқар неге шөже торғайды босатты?
- Қойшы ханға осы оқиға туралы не айтпақ болды?
- Хан не істеді?
- Қойшы ханға қандай сұрақ қойды?
- Хан қойшыдан қалай жеңілді?
- Қойшыны ажалдан құтқарған не?
- Мәтінді тағы басқаша қалай атауға болады?
- Мәтін неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған?
3-кезең. Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздермен жұмыс: сөздерге түсінік беру, есте сақтау тапсырмалары және тексеру.
Тірек сөздер
1) Оқу, есте сақтау
30 секунд
2) Блок жабылады
Есте қалған сөздерді жазу — 30 секунд
3) Тексеру
Күтілетін нәтиже: 6–7 сөз. Матрицаны толтыру, пайызын шығару.
4–5) Толықтыру және ойлау
Жазып алу; көзді жұмып 3 сөзді өшіру, оны тапқызу және сөйлем құрату.
4-кезең. Ұғынуды ұйымдастыру
- Мәтінді оқу (1 бетке — 3 минут).
- Тірек сөздердің мазмұнын ашу (4 минут).
Назар аударатын тұстар
- Адалдық пен қанағат ұғымдарын кейіпкер әрекеті арқылы дәлелдеу.
- «Сиқырлы» ұғымының мәтіндегі қызметін анықтау.
- Сөз тіркестерінің астарлы мағынасын ашу.
5-кезең. Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама-қарсы сұрақтар бойынша барлық оқушы сұралады. Матрица толтырылады, пайыз есептеледі. Нәтижесі төмен оқушыларға ерекше назар аударылады.
«Алтын балта» бойынша қарама-қарсы сұрақтар (23)
- Кедей балтаны кімнен сұрады?
- Ол қайда бармақ болды?
- Кедей балтасының басы қайда түсіп кетті?
- Кедей диірменшіден не деп өтінді?
- Диірменші кедейге қандай балталарды ұсынды?
- Кедей қандай балтаны алды?
- Ол неліктен алтын, күміс балтаны алмады?
- Шал кедейге қандай балта сыйлады?
- Кедейге ол не айтты?
- Шалға кедей не үшін ұнады деп ойлайсың?
- Кедей балтамен қалай еңбек етті?
- Оның балтасы қандай балта болып шықты?
- «Сиқырлы» деген сөз нені білдіреді?
- «Үйге береке кіруі» дегенді қалай түсінесің?
- Көрші бай не туралы сұрады?
- Кедей оған не айтты?
- Бай қайда барды?
- Ол не істеді?
- Шал оған қандай балтаны көрсетті?
- Бай қандай балтаны алуға ұмтылды?
- Диірменші шал байға алтын балтаны неге бермеді?
- Диірменші шал байды не деп ұрысты?
- Бай неліктен «сары ауру» болды?
6-кезең. Біріншілік бекіту
Сын тұрғысынан сұрақтар бойынша барлық оқушы сұралады. Матрица толтырылады, пайыз есептеледі.
Сын тұрғысынан сұрақтар (дұрыс/бұрыс)
Белгілер: + дұрыс, - бұрыс
- Кедей көршілес байдан балта алды. +
- Ол орманға жидекке бармақ болды. -
- Кедей балтасының басы балшыққа түсті. -
- Кедей балтасын өзі алып шықты. -
- Диірменші шал кедейге алтын балта берді. +
- Кедей оны алды. -
- Кедей балтаны алды. -
- Диірменші шал кедейге темір балтаны сыйлады. -
- Ол кедейге «Сен адал жан екенсің» деді. +
- Кедей алтын балтамен еңбек етпеді. -
- Оның өз балтасы сиқырлы. -
- Кедейдің ісі оңға баспады. -
- Көрші бай мұны байқады. +
- Бай диірменшіге барды. -
- Ол балтасын жоғалтты. -
- Ол балтасын диірменшіден сұрады. +
- Диірменші оған күміс балта берді. -
- Бай алтын балтаны алды. -
- Бай темір балтамен үйіне қайтты. +
- Байдың шаруасы жөнделмеді. +
Тақырыптық сөздік қор
Тақырып бойынша сөздік қорды толықтыру: негізгі ұғымдарды қолданып, қысқа әрі нақты сөйлемдер құрау.
7-кезең. Талдау
Тақырыптық сөздік қор (ТСҚ): мәтіннен сөздер жазу немесе мәтін мазмұнын қысқаша, жүйелі түрде баяндау. Норма: 37 сөз.
Жұмыс реті
- Матрицаны толтыру.
- Ең көп сөз жазған оқушы өз жазғанын оқып береді.
- ТСҚ пайызы есептеледі.
Бағалау өлшемі (түйсіну)
- 4–5 белгі — 5 ұпай
- 3 белгі — 4 ұпай
- 2 белгі — 3 ұпай
- 1 белгі — 2 ұпай
Қорытынды сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 5 ұпай алуы тиіс.
Үй тапсырмасы
4 белгіден төмен нәтиже көрсеткен оқушыларға үй тапсырмасы беріледі (қайталау және мәтінмен қосымша жұмыс).