Жатыс септіктегінің сұрақтары мен жалғаулары туралы білімдерін тиянақтап, бағалау
Сабақтың тақырыбы
Білімді тиянақтау. Септіктер. Жатыс септік.
Сабақтың түрі
Ойын сабақ
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, алдын ала дайындалған флипчарт
Негізгі назар
Септік жалғаулары мен сұрақтары, жатыс септік
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту.
- Септік жалғаулары мен сұрақтарын толық меңгерту.
- Жатыс септіктің сұрақтары мен жалғаулары бойынша білімдерін тиянақтау және бағалау.
2) Дамытушылық
- Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
- Сабаққа қызығушылығын арттыру.
- Сөздік қорын және күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3) Тәрбиелік
- Дәптермен жұмыс барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Өз ойын дәлелді жеткізе білуге дағдыландыру.
- Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау- Амандасу.
- Сыныпқа қонақтар келгенін хабарлау: олар — ұстаздар. Оқушыларды білімдерін көрсетуге ынталандыру.
Кіріспе өлең жолдары
Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.
II. Үй тапсырмасын сұрау
57-жаттығуФлипчартта оқушылар сөздердің астын сызады (1-флипчарт).
III. Жаңа сабақ
Тапсырмалар1-тапсырма (2-флипчарт)
Оқушылар интерактивті тақтадағы сөздерді қалам арқылы тиісті орнына орналастырады.
2-тапсырма (3-флипчарт)
Дәптермен жұмыс.
3-тапсырма (4-флипчарт)
Төмендегі сөздерді орнына қой.
| Септік | Мысалдар |
|---|---|
| Атау | әже, шебер, қобыз |
| Ілік | әженің, қобыздың, шебердің |
| Барыс | әжеге, шеберге, қобызға |
| Табыс | әжені, қобызды, шеберді |
| Жатыс | әжеде, қобызда, шеберде |
4-тапсырма (5-флипчарт)
Оқушылар берілген сөздерді жатыс септігіне қойып, флипчартта қалам арқылы жазады.
5-тапсырма (6-флипчарт)
Оқушылар флипчартта түсіп қалған сөздерді толықтырып жазады.
IV. Бекіту
Ойын элементіОқушылар түс таңдайды, таңдалған түстердің астындағы сұрақтарға жауап береді.
V. Бағалау
Қорытынды
“Төрт” дегенің — жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
“Бес” дегенің — үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
VI. Үй тапсырмасы
63-жаттығу
Күнделікті енді ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Септіктен алған білімді
Ұмытпай, есте сақтайық.
- 63-жаттығу.
- Ережелерді қайталау.