Жеті ата. Венн диаграммасы
Бастауыш сынып мұғалімі
Нурбекова Ботагөз
Пән
Ана тілі
Сабақ тақырыбы
Жеті ата. Сөйлем
Сабақтың мақсаты
- Сөйлем туралы ұғымды кеңейту және тыныс белгілері жөнінде түсінік қалыптастыру.
- Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
- «Жеті ата» ұғымын түсіндіру.
- Жазу дағдысын жетілдіру.
- Оқушылардың белсенділігін арттыру.
Оқыту нәтижелері
Сөйлем туралы білім
Сөйлемге тән белгілерді біледі және сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюды үйренеді.
Оқу дағдысы
Өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға жаттығады.
Тәрбиелік бағыт
Жеті ата туралы түсінік қалыптастырып, отбасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайтады.
Қатысу
Топтық және жеке жұмысқа белсенді қатысады.
Сабақ кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Оқу құралдарын дайындап, зейінді сабаққа аударту.
- Ынтымақтастық атмосферасын орнату (өлең оқу).
- Слайд: «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша жануарлар арқылы топқа бөлу: аю, қоян, қасқыр, түлкі.
II. Өткенді пысықтау (Білу және түсіну)
14 минутҚызығушылықты ояту
- Ертегі қалай басталады?
- Слайд: әжеге бауырсақ пісіруге көмектесу.
Үй тапсырмасы: «Қолғанат». «Кім зерек?»
Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын айту:
- 1-топ: Әңгімеде кім туралы айтылған? С. Сейфуллин кім?
- 2-топ: Сәкен қандай бала?
- 3-топ: Сәкен қарындастарына қандай қамқорлық жасады?
- 4-топ: Анасы Сәкенді не үшін мақтан етеді?
- 5-топ: Сәкеннен қандай үлгі алдың?
Ой тұжырымдау (слайд: бауырсақты суыту)
- 1-топ: Венн диаграммасы — дауысты және дауыссыз дыбыстарды салыстыру.
- 2-топ: «Балық қаңқасы» — әліпби туралы білетіндерін жазу.
- 3-топ: «Балық қаңқасы» — буын мен тасымалға тән белгілерді жазу.
- 4-топ: Топтастыру стратегиясы — мәтінге тән белгілерді жазу.
III. Жаңа сабақ (Қолдану және талдау)
14 минутСлайд: Қоянның тапсырмасы
- Жаңа сабақты хабарлау.
-
Кіріспе әңгіме (сурет бойынша):
- «Туыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Суретте отбасында кімдер бар?
Мұғалімнің түсіндірмесі: Қазақтың салт-дәстүрінде жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бір атадан тараған, жеті атаға толмаған туыстар өз жұрты деп аталады.
-
Оқулықпен жұмыс. Өлең: «Жеті ата»
- Өлең авторы — Ермек Өтетілеуұлы (1938–2006), Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Балаларға арнап өлеңдер жазған ақын, жазушы, аудармашы.
- Ақынның бұрын оқылған өлеңдерін еске түсіру: «Қазақ әліпбиі», «Нағашы жұрт».
- Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
- Өлеңді 1 шумақтан бірнеше оқушыға тізбектей оқыту.
Слайд: Аюдың тапсырмасы
-
Оқу тобы
Өлең бойынша кестені толтыру: Өз жұртың, Жеті ата.
-
Жазу
«Ата-ана қандай болады?» тақырыбында топтастыру.
-
Өнер тобы
«Ата-анаңды табиғаттағы нелерге теңер едің?» Суретін салу.
-
Зерттеушілер
Туысқандар қандай қарым-қатынаста болады?
Нақыл сөздің мағынасын ашу
«Жеті атасын білмеген — жетесіз,
Жеті атасын білген ер — жеті жұрттың қамын жер.»
Оқушыларға «жеті ата» ұғымының мәнін түсіндіру: тегін білу, туыстықты сақтау, үлкенге құрмет пен отбасылық жауапкершілік.
Слайд: Қасқырдың тапсырмасы (Ой қозғау)
1) Сөздерден сөйлем құрау
- «Мен анама көмектесемін.»
- «Атам бізге ақылын айтады.»
2) Сөйлем және тыныс белгілері
- Сөйлемге тән белгілерді атау, артық ережені табу.
- Сызба арқылы сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерімен танысу.
Слайд: Түлкінің тапсырмасы (Дәптермен жұмыс)
142-жаттығу: адасқан сөйлемдерді тыныс белгісіне қарай өз «үйшігіне» орналастырып, көшіріп жазу.
IV. Сабақты қорыту (Жинақтау)
4 минут«Ой толғаныс» стратегиясы
- 1-топ: Әжең, анаң сені қалай еркелетеді?
- 2-топ: Ата-аналаларың сендерге қандай ақыл айтады?
- 3-топ: Ата-анаңнан қандай өнер үйреніп жүрсің?
- 4-топ: Ата-анаңа, туысқандарыңа қандай тілек айтқың келеді?
Қорытынды сұрақ
Сөйлем туралы не білдік?
V. Бағалау
1 минут- Формативті бағалау.
- Бүгін алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?
VI. Рефлексия
0,5 минут- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
- Сабақ ұнады ма?
- Қай тапсырма қиын болды?
VII. Үй тапсырмасы
0,5 минут- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Жеті атасын біліп келу.
- 141-жаттығу.