Тілімізде неше сөз табы
Сабақтың тақырыбы
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (сын есім бойынша өткенді қайталау).
Сабақтың мақсаты
- 1 Сын есімнен алған білімін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау және бекіту.
- 2 Эстетикалық тәрбие беру, сабаққа қызығушылығын арттыру, әдемілік пен сұлулықты түсінуге тәрбиелеу.
- 3 Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі
- Оқулық
- Тест тапсырмалары
- Кестелер
- Плакаттар
Ұйымдастыру
- Сабақтың түрі
- Сайыс, жинақтау, топшылау сабағы.
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, топтық жұмыс.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, топтарға бөлу, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша білім деңгейін анықтау және қателермен жұмыс.
Негізгі кезең
I. «Сиқырлы сандықша» (сұрақ-жауап)
Жұмбақты кім тез шешсе, сол оқушы сиқырлы сандықшаны ашу құрметіне ие болады. Сандықшаның ішінде білімді бекітетін сұрақтар бар.
Жұмбақ
Есімнен ол жасалған,
Заттың сынын білдірер.
Анықтап ол тұрады,
Сөйлем оның тұрағы.
Ол не? (сын есім)
Сұрақтар
- Тілімізде неше сөз табы бар?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Неше сөйлем мүшесі бар?
- Тілімізде жұрнақ көп пе, әлде жалғау көп пе?
- Жалғаудың неше түрі бар?
- Сөз таптарын нешеге бөлеміз?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Сын есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
- Сын есім жасалу жолына қарай неше түрге бөлінеді?
- Сын есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
- Сын есімде неше шырай бар?
- Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- Ішінде сын есім бар қандай мақал-мәтел білесің?
II. «Тізбек» ойыны
Оқушылар кезекпен бір сын есім айтады. Сөздің соңғы дыбысына қарай келесі оқушы сол дыбыстан басталатын сын есімді жалғастырады.
III. «Кім жылдам?»
Тақтада жазылған сын есімге 5–6 зат есім тіркестіріп жаз.
IV. «Алдардың ала дорбасы»
Төмендегі сипаттамаларды бір сөзбен ата.
- Қиыстырып, тауып сөйлейтін адамды кім дейміз?
- Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адамды кім дейміз?
- Көрінгенге соқтыға беретін баланы кім дейміз?
- Тез ашуланатын баланы кім дейміз?
- Ата-анасының тұңғыш баласын қалай атаймыз?
- Ата-анасының ең кенже баласын қалай атаймыз?
V. «Жұмбақтай ата сәлемдемесі» (сын есімді тап)
Жұмбақтың шешуін тауып, сол жолдардан сын есімді анықта.
- Үй үстінде ұсақ тас. (жұлдыз)
- Көк күшігім көкке қарап ұшады. (түтін)
- Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
- Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. (қазан мен от)
VI. «Кім тапқыр?»
А және Ә дыбыстарынан басталатын сын есімдерді топтап жаз.
VII. «Есеп жабық»
Берілген үлгі бойынша сөздерді әріптер арқылы тізіп көрсет.
------- жазық а -------------------- а б -------------------- з ы ------------------- ы қ -------------------- қ
VIII. «Терме сынақхаты» (мәтіннен сын есімді теріп жаз)
Ескендір өте сүйкімді оқушы. Ескендірді анасы өте зерек оқушы деп мақтайды. Бірақ ол тез ашуланшақ бала. Ескендір ауылдың ұсақ балаларымен ойнайды.
Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
Жаман көлдің суы ащы, жаман адамның тілі ащы.
Ең тәтті де, ащы да — тіл.
Тапсырма: мәтін мен мақал-мәтелдерден сын есімдерді теріп жаз, қызметін анықта.
IX. Шешендік сөздер (көрініс)
Балалар, ата-бабаларымыздан мирас болып қалған ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік сөздер. Шешендік сөздерде сын есімдер жиі кездеседі.
Тапсырма: шағын көрініс көрсетіп, мәтін ішінен сын есімдерді тауып белгіле.