Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік

Сабақ тақырыбы

§21. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: өсімдіктердің өсімді мүшелер арқылы көбею жолдарын меңгерту арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.
  • Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, бір-бірінің пікірін сыйлауға және өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: ой-танымдық белсенділікті дамыту, өз бетімен әрекет ете алатын ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Шығармашылық ізденіс, деңгейлеп-саралап оқыту
Әдістер
Түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық мазмұндау, топтық және жеке шығармашылық жұмыс

Қолданылатын ресурстар

Жаңа технология
Үш өлшемді жүйе технологиясы
Көрнекілігі
Тірек-сызбалар, үлестірмелі топтамалар, слайдтар
Пәнаралық байланыс
Информатика

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

I деңгей · Репродуктивтік

«Кім жылдам?» сұрақтары

  1. Сарыағаштың жапырағы неге айналған? — тікенге.
  2. Тікенге айналған жапырақты сояудан қалай ажыратуға болады және оның өсімдік үшін маңызы қандай? — тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы мен тақтасының жиегі тікенектенеді.
  3. Ылғал жетіспейтін шөл, шөлейт, құмды жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары қалай аталады? — жетілмеген жапырақтар.
  4. Асбұршақ пен үрмебұршақтың жапырақтары неге айналған? — мұртшаға.
  5. Шырынды жапырақтары бар өсімдіктерді ата. — бозкілем, сарысалма.
  6. Теңгежапырақты шықшылдақ қай жерлерде тіршілік етеді? — Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан.
  7. Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы қандай? — бүршік пен пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, сондай-ақ улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды.
  8. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай? — (талқылауға арналған сұрақ).
  9. Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік? — итмұрын.
  10. Түрі өзгерген жапырақтарды ата. — тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ, бунақденелілерді ұстауға арналған жапырақтар.

III. Білімді тексеру

Кесте

«Біліміңді тексер» тапсырмасы: кестені толтыру.

Тікен Мұртша Шырынды Аулағыш құрал
  • Түйетікен
  • Шағыртікен
  • Сарыағаш
  • Кактус
  • Қарлыған
  • Асбұршақ
  • Үрмебұршақ
  • Пияз
  • Қырыққабат
  • Шықшылдық
  • Шыбынжұт

IV. Мақсат қою

Жоспар
  1. 1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею.
  2. 2. Өсу мүшелерінің бөліктері арқылы көбейту.
  3. 3. Телу арқылы көбейту.

V. Жаңа сабақты түсіндіру

Түсіндіру

Мұғалім жоспар бойынша өсімдіктердің вегетативті көбею жолдарын түсіндіреді, мысалдар мен слайдтарды қолдана отырып негізгі ұғымдарды нақтылайды.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

II деңгей · Алгоритмдік

Сызықтық диктант

Әр оқушыға сөйлемдері бар парақ беріледі. Сөйлем дұрыс болса +, қате болса белгісін қояды.

  • Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбеюге пиязшық арқылы көбею жатады.
  • Картоп мұртшалары арқылы көбейеді.
  • Қызғалдақ түйнек арқылы көбейеді.
  • Көзшелеп телуде бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.
  • Інжугүлді пиязшық арқылы көбейтеміз.
  • Тал, терек, қарағаш, үйеңкі жас өркендері арқылы көбейеді.

VII. Бекіту

III–IV деңгей

III деңгей · Эвристикалық

Ой толғау: әр оқушы қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өз бетінше жауап дайындайды.

Сұрақ: телудің маңызын түсіндіріңдер.

IV деңгей · Шығармашылық

Шығармашылық жұмыс: мектеп гүлзарын сәндік мақсатта көгалдандыру үшін тамырсабақты, түйнекті, пиязшықты өсімдіктерді отырғызу тәсілін сипаттау.

VIII. Бағалау

Қорытынды

Оқушылардың тапсырмаларды орындау белсенділігі мен жауаптарының нақтылығына қарай бағалау жүргізіледі.

IX. Үй тапсырмасы

Оқу

§21. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары.