Теориялық білім тексеру
Сабақ тақырыбы
Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын жетілдіру; ондық бөлшектерді натурал санға бөлу алгоритмін меңгерту және оны есеп шығаруда қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық
Шығармашылық қабілетін дамыту; теориялық және практикалық сауаттылығын арттыру; пәнге қызығушылығын күшейту.
Тәрбиелік
Нақтылыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу; ұжым намысын жоғары ұстауға баулу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Сабақ типі
- Жаңа сабақ
- Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар
- Дидактикалық қамтамасыз ету
- Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер, бағалау жетондары
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушылар санын түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларды жұмысқа бағыттау үшін сабақты Карл Гаусстың сөздерімен бастау ұсынылады: «Математика — ғылымдардың патшасы». Бүгінгі сабақта математика пәні бойынша оқушылар арасында топтық олимпиада түріндегі жұмыс ұйымдастырылады.
а) №1101. Амалдарды орындаңдар
- (24 − 15,7) · 6,4 + 0,08 · 11 = 54
- (5,69 − 2,85) · 1,5 + 7,8 · 5,4 − 23,88 = 22,5
- (98,6 · 0,1 + 14 · 0,15) · 3,5 − 36,86 = 5
- (103,92 − 5,6 · 4,2) · 0,75 − 2,8 · (10 − 8,25) = 55,4
ә) Теориялық білімді тексеру
- Ондық бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеміз?
- Ондық бөлшектерді ондық бөлшекке қалай көбейтеміз?
- Ондық бөлшектерді разрядтық ондық бөлшекке қалай көбейтеміз?
Сабақ ұстанымы
Ағылшын философы Роджер Бэконның ойы бүгінгі сабақтың ұстанымы болсын:
«Оқу — адамды білгір етеді. Тыңдау — зерек етеді, ал жазып алу — ұқыпты етеді».