Денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау

Сынып: 4-сынып Ашық тәрбие сағаты Тақырып: «Салауатты өмір салтын сақтайық!»

Мақсаты

Денсаулықтың қадірін ұғындыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Әдіс-тәсілдер

  • Спорттық жаттығулар
  • Сұрақ-жауап
  • Кластер құру
  • Сызба-нұсқа

Мұғалім

Сабыр ет, бейтаныс бала.

Балалар, бұл бала неге бұлай кетті деп ойлайсыңдар? Оның ісі дұрыс па? Жоқ, әрине.

Денсаулық туралы ой қозғау

1-оқушының өлең жолдары

Бейтаныс бала, сен ауырдың, күндіз дерт емдің,

Терледің түнде, өртендің.

Көзіңнен ыстық бу атып,

Өзіңнен өзің жеркендің.

Қорықтың мына сұрыңнан,

Бет-аузың әбден бұзылған.

Құтылмай қойдың біраз болды,

Сарнаған залым ызыңнан.

2-оқушының үндеуі

Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сау болса.

Денсаулық — терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы ойшыл-данамыз да.

Бүгінгі ашық тәрбие сағаты денсаулықтың қадірін ұғындыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналады. Олай болса, дәптерлеріңе бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар.

Салауатты өмір салты деген не?

Мұғалімнің сұрағы

Балалар, «салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесіңдер?

Анықтама

СӨС — денсаулығы мықты, спортпен үнемі айналысатын, дұрыс тамақтанатын және күн тәртібін нақты құратын азаматтардың өмір салты.

Қозғалыс

Жаттығу, серуен, спорт.

Тамақтану

Дұрыс әрі уақытылы ас ішу.

Тәртіп

Күн тәртібі, ұйқы, демалыс.

Таңдау

Зиянды әдеттерден аулақ болу.

Денсаулыққа зиян келтіретін заттар: темекі

Сұрақ

Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білесіңдер?

Жауап: Темекі.

3-оқушы: никотиннің әсері

Темекі жапырағында никотин уы бар. Ол жүректі, миды және өкпені уландырады. Сондықтан шылым шегетін адамдар шылым шекпейтіндерге қарағанда жиі ауырады.

Маңызды дерек

Олар бронхит және басқа тыныс жолдары ауруларымен 15 есе жиі ауырады.

4-оқушы: тәуелділік

Темекінің тағы бір зияны — ағза никотинге дағдыланып, онсыз тұра алмайтын күйге ұшырайды. Мұндай адам темекіні қатты аңсап, өзін шөлдеп не ашығып тұрғандай сезінеді.

5–6-оқушылар: қорытынды ой

Темекіден түтін сорсаң — уланаcың,
Өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.

Сондықтан темекіні тастау кейде өте қиынға соғады. Ең жақсысы — оны ешқашан тартпау, ауызға алмау.