Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата
Сабақ тақырыбы
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы.
Сабақ мақсаты
Білімділік
- У дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру.
- У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету.
Дамытушылық
- Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөз құрылымын түсінуге бағыт беру.
- Ойлау, еске түсіру, шығармашылық қабілет пен тіл мәдениетін дамыту.
- Өз пікірін сенімді айтып, ортаға салуға үйрету.
Тәрбиелік
- Ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
- Татулыққа, өнер мен еңбекті сүюге баулу.
- Экологиялық тәрбие беру.
Сабақ форматы
Түрі
Ертегі сабақ.
Әдістері
Зерттеушілік, ізденушілік, сұрақ-жауап, интерактивті жұмыс, көрнекілік.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, орман және құстар суреттері.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, математика.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, ынтасын ояту.
Пәнге қызығушылықты арттыру үшін сабақ мына жолдармен басталады:
Қазақ тілі — бал тілім,
Өзің барда шалқимын.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін?
Бүгінгі сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, тиянақты білімімізбен қарсы алып, жақсы әсермен шығарып салуға тырысайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы білімді нақтылау және белсендіру.
А) 4-жаттығу
У дыбысы бар сөздерді тауып, неге бұл жағдайда дауысты болып тұрғанын түсіндіру.
Ә) Өткен тақырыпты еске түсіру (сұрақ-жауап)
-
1. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)
-
2. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? (Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.)
-
3. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
-
4. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (Не істеді? Қайтті?)
-
5. Бас әріппен жазылатын сөздерді ата. (Адам аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына қойылатын аттар)
-
6. Адамға және мамандық атауларына қандай сұрақ қойылады? (Кім?)
-
7. Жануарларға қандай сұрақ қойылады? (Не?)
-
8. У дыбысы қай уақытта дауысты болады? (Дауыссыз дыбыстан кейін келгенде)
Актуалдау: филворд шешу
Математикамен байланыс: филвордты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Шешуі: У дыбысы.
III. Жаңа сабақ
Ертегі арқылы түсіндіру және тәжірибелік тапсырма.
Бүгін қазақ тілі сабағын дәстүрлі емес форматта — ертегі сабақ түрінде өткіземіз.
Ерте-ерте, ертеде жапан түзде сиреп қалған орман ішінде бір құс өмір сүріпті. Ол таңның атысы, күннің батысы ағаштарды тұмсығымен шоқып, тоқылдатумен болады екен. Қатты дыбыстан мазасы кеткен ормандағы аңдар мен ағаштар құсты орманнан қуып жіберіпті.
Құс кеткеннен кейін біраз күн өтеді. Ормандағы ағаштардың жапырақтары қурап, бұтақтары сынып, діңіне құрт-құмырсқа түсіп, шірей бастайды. Құрт ауруына шалдыққан ағаштар күні-түні көмек сұрап, зарлай береді екен.
Сол дауысты естіп, бір күні көгершін ұшып келіпті. Мән-жайды түсінген соң: «Дәрігердің кім екенін білмеймін, бірақ іздеп келейін», — деп көгершін ұша жөнеледі.
Мұғалім:
Балалар, ағаштарға көмектескіміз келе ме?
Оқушылар:
Иә.
Тапсырма (интерактивті тақтамен жұмыс)
- Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі.
- Суреттегі заттардың атауын жазу.
- У әрпінің қандай дыбыстан кейін тұрғанын анықтау.
- У дыбысының дауысты не дауыссыз екенін сәйкестендіру арқылы белгілеу.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы
Мұғалім
Мухадиева Жанат Шәріпқызы