Практикалық тапсырма
Информатика (5-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Білімділік мақсат
Windows жүйесінің негізгі нысандары туралы түсінік қалыптастыру; бума мен жарлық құруды үйрету.
Тәрбиелік мақсат
Жұппен жұмыс жасау мәдениетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәл жеткізуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсат
Пәнге қызығушылықты арттыру, көріп-естіп қабылдау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту және компьютерде сауатты жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар
- Компьютер
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Жұмыс дәптері
- Бағалау парақтары
- Тірек-сызбалар
- Ойын элементтері
- Тест тапсырмалары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- 2Құрал-жабдықтарын тексеру.
- 3Назарын сабаққа аудару.
- 4Өлең жолдары арқылы оқушылардың ынтасын көтеріп, сабаққа дайындау.
Ынталандыру (өлең)
Ей, болашақ ұланым! Болашағы қазағымның, Сендерсің деп білемін. Балғын да жас болашақ, Мен сендерге сенемін!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «Шыңға шығу» ойыны арқылы сұралады: жалаушаларда жасырылған сұрақтарға жауап бере отырып, «тау шыңына» көтеріледі.
Ойын сұрақтары
- Терезе деген не?
- Терезелердің түрлерін атаңдар.
- Пернетақта көмегімен бір терезеден екіншісіне қалай ауысуға болады?
- Айналдыру жолақтары не үшін керек?
- Alt + F4 тіркесімі қандай қызмет атқарады?
Жалғасы
- Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
- Берілген батырма қандай қызмет атқарады?
- Берілген батырма қандай қызмет атқарады?
- Берілген батырма қандай қызмет атқарады?
- Терезе неше бөліктен тұрады?
Одан кейін миға шабуыл сұрақтары арқылы жаңа тақырып ашылады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар және жарлықтар.
Файлдар
Файл — байттардың белгілі бір атауы бар тізбегі. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 таңбаға дейін болуы мүмкін.
- Файл аты екі бөліктен тұрады: аты және кеңейтілуі.
- Кеңейтілу файлдың түрін (мазмұнын) көрсетеді.
Маңызды
Файл атында мына таңбаларды қолдануға болмайды: \, :, *, |.
Бумалар
Бума — объектілер сақталатын орын (қойма).
Жүйелік бумалар
Windows өзі құрып, жұмысқа көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа орынға жылжытуға болмайды.
Жұмысшы бумалар
Пайдаланушы өзі құрады. Windows рұқсат ететін әрекеттердің барлығын орындауға болады.
Бума әдетте белгішесін тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту арқылы ашылады.
Жарлықтар
Жарлық — нысанға қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме. Ол бағдарламаны жылдам іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.
- Жарлықтың белгішесінің төменгі сол жақ бұрышында сілтеме белгісі болады.
- Негізгі орындалатын файл жойылса — бағдарлама жұмысын тоқтатады.
- Жарлық жойылса — бағдарламаға ештеңе болмайды, тек қайтадан жарлық құру керек.
ЕСТЕ САҚТА!
Егер жарлықты ақпарат тасымалдағышқа (мысалы, флешкаға) көшірсеңдер, басқа компьютерде файлдарың ашылмауы мүмкін. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес, файлдың өзін көшіру қажет.
Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)
Бумалар бірінің ішінде бірі орналасуы мүмкін. Мұндай құрылым бұтақталу (иерархия) деп аталады. Бұтақталған құрылымда файлды табу үшін сол файлға дейінгі жолды көрсету қажет.
Файл атымен бірге жазылған сол жол файлдың толық аты деп аталады.
IV. Жаңа түсінікті тексеру
Жұптық жұмыс: практикалық тапсырма орындау.
Практикум-
Компьютерде орындаңдар:
- Жұмыс үстеліндегі Құжаттар (Документы) бумасын ашыңдар.
- Ашылған бумада Жаңа бума (Новая папка) бұйрығы арқылы жаңа бума құрып, ат беріңдер.
- Құжаттар бумасындағы бірнеше файлды көшіріп, өздерің құрған бумаға орналастырыңдар.
- Файлдардың бір-екеуінің атын өзгертіңдер.
- Бумадан шығып, өздерің құрған бумаға жұмыс үстеліне жарлық құрыңдар.
-
Жіктеу тапсырмасы:
Жұмыс үстеліндегі Windows нысандарын атауларымен бірге кестеге бөліп жазыңдар: файлдар, бумалар, жарлықтар.
V. Жаңа тақырыпты бекіту
Жеке жұмыс: «Өзіңді тексер!» тесті.
Тест1) Байттардың атауы бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
- A) Файл
- B) Бума
- C) Бағдарлама
- D) Құжат
2) Жарлық — бұл:
- A) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
- B) Қол жеткізуді жеңілдететін бума
- C) Арнайы түрде құрылған нысан
- D) Мәтіні бар файл
3) Файл атауындағы таңбалардың ең үлкен саны:
- A) 100
- B) 200
- C) 50
- D) 255
4) Буманы ашу үшін не істеу керек?
- A) Сол жақ батырмамен бір рет шерту
- B) Оң жақ батырмамен бір рет шерту
- C) Сол жақ батырмамен екі рет шерту
- D) Оң жақ батырмамен екі рет шерту
5) Белгіше — бұл:
- A) Жүйелік бума
- B) Жұмысшы бума
- C) Жарлық
- D) Файл
6) Белгіше — бұл:
- A) Файл
- B) Бума
- C) Жарлық
- D) Компьютер
7) Белгіше — бұл:
- A) Файл
- B) Бума
- C) Жарлық
- D) Компьютер
8) Белгіше — бұл:
- A) Файл
- B) Бума
- C) Жарлық
- D) Компьютер
Бағалау шкаласы
- 8 ұпай — «5»
- 6–7 ұпай — «4»
- 4–5 ұпай — «3»
- 4-тен төмен — «2»
VI. Қорытындылау
«Блум гүлі» әдісі: оқушыларға гүл күлтешелері таратылады. Әр оқушы күлтешеге бүгінгі сабақтан не үйренгенін қысқаша жазып, тақтаға іледі.
VII. Үйге тапсырма
Тақырып: «Файлдар, бумалар және жарлықтар».
VIII. Оқушылар еңбегін бағалау
Бағалау парақтары бойынша қорытынды баға қойылады; жұптық және жеке жұмыстағы белсенділік ескеріледі.