Бағалау парағын толтыру

1-апта • 1-күн • 1-сабақ

Excel-де берілгендерді енгізу: формула енгізу және көшіру

Бұл сабақта электрондық кестеде мәліметтерді дұрыс енгізу, формулаларды құрастыру және сілтемелердің түрлерін пайдалана отырып формулаларды көшіру арқылы есептеулер жүргізу қарастырылады.

Сілтемелер

  • Ғаламтор ресурстары
  • «Информатика негіздері» журналы
  • 8-сынып информатика оқулығы, 101–103-беттер
  • allbanks.kz сайты

Сабақтың бағыты

Жалпы мақсаты

Мәліметтер типтерін ажыратып, күрделі формулаларды құра білу.

Оқу нәтижесі

Мәліметтерді ажыратады; абсолютті, аралас және салыстырмалы сілтемелерді пайдаланып формулаларды көшіру арқылы күрделі экономикалық есептеулер жүргізеді.

Оқыту тәсілдері

АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру

3 минут

Сергіту сәті

«Қорқынышты жеңу» психологиялық ойыны арқылы жағымды және еркін атмосфера қалыптастыру.

Топқа бөлу

«Кесте», «баған», «қатар», «ұяшық» сөздері жазылған қағаздар таратылады. Электрондық кесте ұғымдарының байланысын сақтай отырып, оқушылар топтарға бірігеді. Жауап парақтары таратылады.

2) Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

«Келесі…» ойыны: әр сұраққа 1 ұпай, қосымша жауапқа 1 ұпай бонус беріледі. Оқушылар слайдтағы сұрақтарға жауап береді; жауап бере алмаған оқушы «Келесі» дейді. Бағалау парағы толтырылады.

3) Жаңа сабақ

15 минут

Тапсырма

«Не дер едіңіз?» сұрағына толық жауап: 10 ұпай.

Жұмыс форматы

Берілген объектілер бойынша мәлімет жинақтап, флипчартқа түсіру және топ болып қорғау. Ой қозғау үшін Мұхтар Әуезовтің:

«Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана — шын мәнінде қымбат табыс.»

Топтардың жауаптары салыстырылады: қай топ тақырыпты толық ашты, қандай тұстар жетіспеді? Пікірталас ұйымдастырылады. Бағалау парағы толтырылады.

4) Бекіту

15 минут

«Валюта айырбастау» тапсырмасы: толық жауап — 5 ұпай. Практикалық жұмыс барысында оқушылар банктердің валюта айырбастау курстарын ғаламтордан тауып, кестені толтырады.

Есептеулер

  • Сілтемелерді қолдана отырып, формула арқылы 45 000 ₸ сомасын долларға немесе еуроға айналдыру.
  • 1500 $ сомасын теңгеге немесе еуроға айналдыру.
  • Кесте соңындағы қосымша тапсырмаларға жауап беру.

Салыстыру және қорытынды

Өздері құрастырған «калькулятор-кесте» нәтижелерін allbanks.kz сайтындағы онлайн калькулятормен салыстырады. Нәтижелер бойынша ең тиімді банкті анықтайды. Әр топ өз шешімін қорғайды, топ мүшелері баяндайды. Бағалау парағы толтырылады.

5) Үй тапсырмасы

2 минут

  • Кемінде 5 банктің несие алу калькулятор-кестесін құрып, талдап келу.
  • Ата-анамен несие туралы әңгімелесу.
  • Банктерден жарнамалық буклеттер алып келу.

6) Сабақты қорытындылау

5 минут

Оқушылар шеңберге тұрып, бүгінгі сабақта кездескен терминдерді қайталайды және глоссарийді толтырады.

7) Бағалау және кері байланыс

3 минут

Бағалау парағы толтырылады, кері байланыс беріледі.

Негізгі ұғымдар

Мәліметтер типі

Сан, мәтін, күн-ай, пайыз сияқты мәндерді дұрыс тану және енгізу.

Формула және көшіру

Есептеу логикасын құру, автотолтыру арқылы формулаларды жылдам тарату.

Сілтемелер түрлері

Салыстырмалы, абсолютті және аралас сілтемелерді тиімді қолдану.