Жеті сандарының мағынасы
Топтамадағы сабақтар тізімі
- Сандардың нумерациясы
- 3-ті қосу және азайту
- 7-ге көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы
7-ге көбейту және бөлу
Мақсаты
Оқушыларды 7-ге көбейту және 7-ге бөлу кестесімен таныстыру; 7-ге көбейту кестесін шығарып алу және оған сәйкес 7-ге бөлу кестесінің мән-мағынасын түсіндіру; есептерді шығару жолдарын меңгерту арқылы танымдық қабілетін, зейінін, белсенділігін дамыту. Ауызша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастырып, тапқырлыққа, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге, дербестікке, белсенділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Көбейту кестесі
- Карточкалар
- Киіз үйлер
- «Жеті ата ауылы»
Әдіс-тәсілдер
- Ойландыру
- Сұрақ-жауап
- Өрнек құру
- Ой шақыру
- Тест
- Математикалық диктант
- Кроссворд
Түрі: саяхат сабақ
Типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
1, 2, 3 —
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгін сабақты мына ұранмен бастаймыз:
Білім ал да, еңбек ет,
Дем ал, досқа бер көмек.
Отанды сүй, адал бол,
Өнегелі адам бол!
Бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты 7 санына тоқталамыз. Қазақ халқында 7 — киелі сан. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген сөзге сүйене отырып, сабағымызды «Жеті атаға саяхат» түрінде өткіземіз.
7 санының мағынасы (ұлттық таным)
Жеті жұт
- Құрғақшылық
- Жұт (мал қырылу)
- Өрт
- Оба (ауру)
- Соғыс
- Топан су
- Зілзала (жер сілкіну)
Жеті жоқ
- Жерде өлшеуіш жоқ
- Аспанда тіреуіш жоқ
- Тасбақада талақ жоқ
- Аллада бауыр жоқ
- Жылқыда өт жоқ
- Таста тамыр жоқ
- Құста сүт жоқ
Жеті қазына
- Ер жігіт
- Сұлу әйел
- Ақыл-білім
- Жүйрік ат
- Қыран бүркіт
- Берен мылтық
- Ит (жүйрік тазы)
«Жеті ата» тізбегі: Ата → Әке → Бала → Немере → Шөбере → Шөпшек → Немене. Осы тізбек бойынша «ауылдан ауылға» саяхат жасаймыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
6-ға көбейту кестесін қайталау
Кестені жатқа сұрау.
Математикалық диктант
6×1=6
6×4=24
6×3=18
36:6=6
48:6=8
18:6=3
Математикалық тест
Дұрыс жауапты таңда.
2×3+6
Жауаптар: 11, 5, 12
3×3+9
Жауаптар: 13, 18, 0
12:6+10
Жауаптар: 5, 4, 12
5×3+5
Жауаптар: 10, 9, 20
6×3+2
Жауаптар: 0, 41, 20
10:2+20
Жауаптар: 13, 25, 41
4×4+4
Жауаптар: 20, 35, 16
20:4+6
Жауаптар: 10, 21, 11
20:10+30
Жауаптар: 0, 32, 40
Сұрақ-жауап (өткенді пысықтау)
- Қалдық әрқашан бөлгіштен кем болады.
- Жұп сандар — 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар.
- Тақ сандар — 2-ге бөлгенде қалдық қалатын сандар.
- Көбейтуді бөлу арқылы тексеруге болады.
- Бөлуді көбейту арқылы тексеруге болады.
- Көбейту мен бөлу — өзара кері амалдар.
- Көбейткіштердің орындарын ауыстырса, көбейтіндінің мәні өзгермейді.
- Бір заттың массасын табу үшін, жалпы массаны заттар санына бөлу керек.
- Заттар санын табу үшін, жалпы массаны бір заттың массасына бөлу керек.
- Жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
- Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.
- Заттың бағасын табу үшін, жалпы құнын заттардың санына бөлу керек.
- Заттардың санын табу үшін, жалпы құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
- Санның жартысын табу үшін, санды 2-ге бөлу керек.
- Санның бестен бір бөлігін табу үшін, санды 5-ке бөлу керек.
3) Жаңа тақырып: 7-ге көбейту және бөлу
Көбейтуді қосынды арқылы түсіндіру
Суреттерді (видеопроектор) көрсете отырып, 7-ге көбейтудің мәнін бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде түсіндіреміз:
7×6 = 7+7+7+7+7+7
7×7 = 7+7+7+7+7+7+7
7×8 = 7+7+7+7+7+7+7+7
7×9 = 7+7+7+7+7+7+7+7+7
Оң жақта — көбейтінді, сол жақта — қосынды. Әрбір келесі мән 7-ге артып отырады. Бұл тәсіл түсінуге көмектескенімен, ұзақ. Сондықтан бірдей қосылғыштарды көбейтіндімен алмастырамыз.
7-ге көбейту және 7-ге бөлу — кері амалдар
7×2=14
14:7=2
7×3=21
21:7=3
7×4=28
28:7=4
7×5=35
35:7=5
7×6=42
42:7=6
7×7=49
49:7=7
7×8=56
56:7=8
7×9=63
63:7=9
Ереже: көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді — бұл көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Мысалы: 8×7 = 7×8, 9×7 = 7×9.
Оқулықпен жұмыс
5-тапсырма: бос орынға тиісті санды қой
7×7=49
63:7=9
49:7=7
8×7=56
7×8=56
63:9=7
6-тапсырма: теңдеулер құр және шеш
а) x + 253 = 609
ә) 63 : x = 9
4) Сергіту сәті
7-тапсырма: тиісті санды орнына қой
2×7×2 = 6 + 22
56:7 = 4×2
5×9 + 18 = 9×7
5) Есептер шығару
8-а) Жеміс туралы есеп
Өрік — 35, шие — 49. Өріктер шиелерден қаншаға кем?
35:7=5
49:7=7
7−5=2
Жауабы: өріктер шиелерден 2-ге кем.
Қосымша сұрақ: 7-ге тең бөлініп салынды. 1 топтағы өріктер шиелерден қаншаға кем?
8-ә) Тосап туралы есеп
7 банка — 3 кг, 6 банка — 2 кг. Барлығы қанша кг тосап дайындалды?
7×3=21
6×2=12
12+21=33
Жауабы: барлығы 33 кг тосап дайындалды.
9) Ауызша тапсырма
Қайсысы көбірек ауданды бояды? (сыныптық талқылау)
Логикалық есеп
Қорапшада барлығы 15 шар бар: қара, қызыл және ақ. Ақ шарлар қара шарлардан 7 есе көп. Неше қызыл шар бар?
Жауабы: 7 қызыл шар.
6) Қалдықпен бөлу және тексеру
Қалдықпен бөлуді орындап, көбейту арқылы тексер:
8:7 = 1 (қ1)
7×1 + 1 = 8
9:7 = 1 (қ2)
7×1 + 2 = 9
10:7 = 1 (қ3)
7×1 + 3 = 10
11:7 = 1 (қ4)
7×1 + 4 = 11
12:7 = 1 (қ5)
7×1 + 5 = 12
13:7 = 1 (қ6)
7×1 + 6 = 13
15:7 = 2 (қ1)
7×2 + 1 = 15
16:7 = 2 (қ2)
7×2 + 2 = 16
17:7 = 2 (қ3)
7×2 + 3 = 17
18:7 = 2 (қ4)
7×2 + 4 = 18
19:7 = 2 (қ5)
7×2 + 5 = 19
20:7 = 2 (қ6)
7×2 + 6 = 20
7) Қорытынды бөлім
Кроссворд
Математикалық кроссворд шешу (сыныппен).
Не үйрендік?
- Ауызша және жазбаша есептерді орындадық
- Есептерді салыстырдық
- Кроссворд шештік
- Логикалық есеп шығардық
Негізгі сұрақ
Қай санның көбейту кестесімен және бөлу кестесімен таныстық? 7 саны.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма беріледі.