Жеңіске жеткізген цифрлар

Жеңіске жеткізген цифрлар

Сыныптан тыс шара: Ұлы Отан соғысындағы сандар арқылы тарихи шындықты сезіну және ұрпақ жадын жаңғырту.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ұлы Отан соғысындағы сандар» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер.

Статистика — аяусыз ғылым. 1941 жылы мектеп бітірген 15–16 жастағы өрендердің тек 3%-ы ғана соғыстан аман-есен оралған. Яғни, жүз жігіттің үшеуі ғана ата-ана, ағайын-бауырмен тірі қауышқан.

Суреттер сөйлей алмайды. Бірақ ондағы сандар мен цифрлар тіл бітірсе, талай сырды ашар еді: біреуі жау дзотын кеудесімен жапты, біреуі танкімен окопты таптады, біреуі зеңбіректей атылып, басқыншының үстіне бомба болып құлады.

Соғысты тек ерлердің ісі деп кім айтты? Отан ұғымы ұлға да, қызға да ортақ. Нәзік жандылардың арасында дәл көздейтін мергендер, мейірімді медбикелер, қаһарман барлаушылар мен байланысшылар аз болған жоқ. Біз олардың ерлігін бір ауыз сөзбен «көзсіз ерлік» деп бағалаймыз.

Сайыс форматы

5 «А» және 8 «А» сынып оқушылары екі топқа бөлініп, тапсырмаларды жарыс түрінде орындайды. Әр бөлімнің нәтижесі соғыс тарихындағы бір деректі білдіреді.

1-бөлім: ЕҮОБ тапсырмалары

Есептерді шығарып, соңғы цифрларды атаңдар. Цифрлар жиынтығы қандай оқиғаны білдіреді? (1941 ж. 22 маусым — соғыстың басталуы)

  • ЕҮОБ(4, 6) = 2
  • ЕҮОБ(6, 8) = 2
  • ЕҮОБ(36, 42) = 6
  • ЕҮОБ(7, 9) = 1
  • ЕҮОБ(81, 72) = 9
  • ЕҮОБ(16, 20) = 4
  • ЕҮОБ(13, 15) = 1

2-бөлім: Теңдеулер

Теңдеулерді шешіп, шыққан мәндердің цифрларын атаңдар. Цифрлар жиынтығы қандай деректі білдіреді? (Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақ саны — 410 мың)

  • 4(2x + 13) = 84
  • (y + 14)2 − 225 = 0
  • (x + 69) · 5 = 350

3-бөлім: Танк саны

Есепті шығарып, соңғы шыққан санды атаңдар. Бұл сан қандай оқиғаны білдіреді? (Ленинградты 900 күн мен түн қорғау)

Егер бірінші дивизияда 250 танк болса, ал үшінші дивизияда екінші дивизияға қарағанда 150 танкке көп болса, барлық танкілер саны 2200 болса, онда екінші дивизияда қанша танк болған?

4-бөлім: Нан мөлшері

Есепті шығарып, соңғы санды атаңдар. Бұл сан қандай деректі білдіреді? (Қызметкерлер мен 12 жасқа дейінгі балаларға — 125 г нан)

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жұмысшыларға күніне 250 г нан берілген. Ал 12 жасқа дейінгі балалар мен қызметкерлерге оның жартысы берілсе, олар күніне неше грамм нан жеді?

5-бөлім: Окоп көлемі

Окоптың көлемін тауып, оның қандай окоп екенін анықтаңдар. (Жатып атуға арналған бір адамдық окоп)

Бір адамдық окоптың ұзындығы 17 дм, ені 6 дм, биіктігі 3 дм. Осы окоптың көлемін есептеңдер.

6-бөлім: Жеңіс күніне апарар сандар

Тапсырмаларды орындап, соңғы цифрларды атаңдар. Бұл цифрлар қандай датаны білдіреді? (9 мамыр 1945 — Ұлы Отан соғысының аяқталған күні)

  1. (x + 3) · 2 = 24
  2. ЕКОЕ(1, 5) = ?
  3. ЕКОЕ(1, 19) = ?
  4. Егер бір катеті 3 см, ал гипотенузасы 5 см болса, екінші катетін табыңдар.
  5. Егер катеттері a = 3 см, b = 4 см болса, гипотенузасы неге тең?
Сергіту сәті
Флешмоб

7-бөлім: Сөзжұмбақ

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңдер.

  1. Бұл кімдер?
  2. «… ару қызы сен халқымның, … батыр қызы сен халқымның…» — қай әннің қайырмасы?
  3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің көбейтіндісі неге тең?
  4. Бір нүктеден бірдей арақашықтықта жататын нүктелер жиынын қалай атаймыз?
  5. Тең бөліктер қалай аталады?
  6. Тікбұрышты үшбұрыштың элементтерінің бірі.

8-бөлім: Логикалық есептер

а)

Соғыста жоқ, Жеңісте бар. (ж, е, ң, і)

ә)

Бір патша тұтқынға: «Маған бірдеңе айт. Егер өтірік айтсаң — атып өлтірем, шын айтсаң — дарға асам», — дейді. Тұтқын не деп аман қалады?

Жауабы: «Мені атып өлтіресің», — дейді. Егер атып өлтірсе — шындық айтқан болып, дарға асу керек; ал дарға асса — өтірік болып, ату керек. Сондықтан патша шешім шығара алмайды.

б)

Жас солдат көлге шомылуға барады. Киімі ұрланбасын деп қағазға: «Бұл киімдер ауыр салмақты кәсіпқой бокс чемпионының киімі» деп жазып қояды. Қайтып келсе, киімі ұрланған. Орнында қалған қағазда не деп жазулы?

Жауабы: «Бұл киімді ұрлаған адам — жеңіл атлетикадан, яғни марафоннан чемпион».

Қорытынды

Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз! Еліміз тыныш болсын, нанымыз мол болсын, уайым-қайғымыз азайсын.