Қамбар ата
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Тақырып: Төрт түлік мал мен егіншілік — ел берекесі (7-сынып)
Сабақ тақырыбы: Ғ. Мұстафин — «Шығанақ» романы
Мектеп
Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Подгорное орта мектебі
Мұғалім
Абай Алтынгүл Абайқызы
Оқу мақсаттары
- 7.Т2: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
- 7.О5: Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба және шартты белгілер арқылы ұсыну.
- 7.ТБ1.3: Топтау сан есімдерін жазбаша және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу, түсіну және қолдану.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі
- Берілген кестелерді толтырады.
- Мәтіннің негізгі идеясын ашады.
Кейбір оқушылар
- Тапсырмаларды өз бетінше орындайды.
- Топтау сан есімдері бойынша жазбаша жұмыс орындайды.
- Топта көшбасшылық танытады.
Бағалау критерийлері
- Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
- Ақпараттың өзектілігін анықтайды.
- Мәліметтерді кесте және сызба арқылы ұсынады.
Тілдік мақсаттар
Тапсырма орындауға байланысты Ғ. Мұстафиннің өмірбаянынан сөйлемдер ұсынылады.
Оқушылар сан есімдерді топтау сан есімге айналдырып, сөздерді қатесіз айтып, сөйлем құрап жазады.
Сабақтың басы (7 минут)
Психологиялық ахуал: «Жүректен жүрекке»
Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін атап, жылы лебіздерін білдіреді.
Топқа бөлу (2 минут)
Екі топқа бөліну
1-топ: Егіншілер
Тары, бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері.
2-топ: Қамбар ата
Шопан ата, Зеңгі баба, Шекшек ата, Ойсылқара; бақташы және мал пірлері туралы ұғымдар.
Кіріспе бөлім (3 минут)
Миға шабуыл: «Ой шақыру»
1-тапсырма — екі бағанды сәйкестендір
| Сұрақ | Жауап |
|---|---|
| Мал аталары | Ойсылқара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата |
| Мал төлдері | Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ |
| Сүттің қасиеті | Ақ түсті, сұйық; ұю қасиеті бар |
| Кім бағады? | Түйеші, жылқышы, шопан, бақташы |
| Малдың пайдасы қандай? | Еті, сүті, терісі |
Талқылау сұрағы
Егіншілік туралы не айта аласыңдар?