Добрый день дорогие друзья
Павлодар облысы, Качир ауданы, Федоровка ауылы. Федоровка орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Бегимбаева Гулайым Жумахановна.
Кітапханашылар күніне арналған мерекелік іс-шара
Кітап — білім бұлағы. Ал сол білімнің көзін ашатын жандар — мұғалім мен кітапханашы. Инабаттылықты, шыдамдылықты және терең білімді талап ететін бұл мамандыққа әркім әртүрлі жолмен келеді, бірақ келген адам көп жағдайда ұзақ жылдарға қалады. Өйткені кітап әлемінің өзіне тән «сиқыры» бар: бір баураса, алыстап кету қиын.
Елімізде Кітапханашылар күнінің аталып өтуі — осы мамандық иелеріне көрсетілген сый-құрметтің айғағы.
Адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа бастайтын қазына — мәдениет. Ұлттың рухын көтеріп, мерейін асырып, мәртебесін асқақтататын да — мәдениет. ХХІ ғасырдың руханият, мәдениет және ақпарат ғасыры екені айқын. Қай қоғамның тұрақты дамуында мәдениеттің орны ерекше болса, рухани тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі — кітапханалардың жағдайы.
Егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында мәдениет саласының орны бөлек. Ал мәдениеттің маңызды бір тармағы — кітапхана. Бүгінгі кешімізге мектебіміздің кітапханасына саналы ғұмырын арнаған жан — Люблинская Нина Федоровнаны шақырамыз. Ортамызға қош келдіңіз!
Сәлемдесу
Добрый день, дорогие друзья!
Мы рады видеть нынче вас
Сегодня в этом зале.
Пусть этот день и этот час
Ваш скромный труд прославит.
Профессия — библиотекарь. Разными путями мы приходим к ней, но в выбранном деле учимся видеть смысл и ощущать значимость. И если, говоря словами Ушинского, вложить в работу всю душу — счастье обязательно найдёт нас.
Да, я люблю свою профессию
И с каждым годом всё сильней.
Она похожа на поэзию,
Хоть много будничного в ней.
Она, как стих, не терпит серости,
Не терпит косности и зла.
Она ещё в глубокой древности
Талант и мудрость обрела.
Кітапты алып қолыңа,
Дәптердің әр жолына
Шимай салып отырсың.
Кітапты алып қолыңа, бірдеңе деп оқисың.
Тауып ал да жалғаса бер,
Жазым өтіп, күз келсін.
Құдай сенің әрқашан
Осы ынтаңды үзбесін.
Қазіргі кітапхананың міндеті
Бүгінгі талап — оқырманға қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеру. Ол үшін кітапханаларда енгізілген жаңа технологияларды жұмыста кеңінен қолданып, өркениетті әрі қолжетімді қызмет ұсыну маңызды. Осы арқылы кітапхананың қазіргі қоғамға қажетті ақпарат орталығы екенін дәлелдеп, беделін арттыруға болады.
Ақпарат пен қор
Ақпарат көздері мен әмбебап құжаттардың толық жинағын жүйелеу, сақтауды күшейту және қолжетімділікті арттыру.
Құндылықтарды насихаттау
Әлемдік және ұлттық мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеп, жергілікті қоғам үшін кітапхананың қажеттілігін айқын көрсету.
Кітапханалар тарихына шолу
Ендеше, кітапханалар тарихына қысқаша көз жүгіртейік.
Отырар: Ұлы Жібек жолы бойындағы білім ордасы
Ежелгі Отырар қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдарының торабында орналасқан. V–VII ғасырларда Қытайдан Батысқа қарай Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы жібек тасымалданғандықтан бұл жол «Жібек жолы» аталды. Күндіз-түні керуендер ладан, женьшень, бояулар, піл сүйегі, жібек, алтын, кілемдер, кейінірек қағаз секілді тауарларды алып өтті. Отырарға маталар, зергерлік бұйымдармен қатар кітаптар да жеткізіліп отырған.
Отырарда бірнеше медресе болған. Онда Құран, сүрелер, араб тілімен қатар математика, география, астрономия, философия оқытылған. Отырар медреселерінде Аристотель, Платон, Әл‑Фараби еңбектері зерделенген. Әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген бұл еңбектер Отырар кітапханасында жинақталған.
Қалада жұлдызшы-ғалымдар, ойшылдар, болжаушылар өмір сүріп, атақты кітапхананың қазынасын оқып қана қоймай, өздері де эпостар мен поэмалар жазған.
Хорезм және медресе кітапханалары
Ежелгі дәуірде Хорезм қаласында аса бай кітапхана болғаны айтылады. Орта ғасырларда кітапханалар медреселер жанынан ашылып, Сығанақ пен Сайрамда қызмет еткен. XI–XIII ғасырлар кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде де кітапхана орналасқан зал болған.
XIX ғасыр: Қазақстандағы алғашқы қоғамдық кітапханалар
XIX ғасырда алғашқы кітапханалар Орал, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Павлодар, Зайсан қалаларында ашыла бастады. Бұл үрдіс оқу-ағартудың кеңеюіне, қоғамдағы ақпарат пен білімге сұраныстың артуына ықпал етті.