Қыс өлеңін жатқа айт
Қазақ әдебиеті (5-сынып): сабақ тақырыбы
Бұл сабақ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шілде» өлеңін меңгертуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Шілде» өлеңінің көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық
Зерттеу жобасын жасау арқылы негізгі ойды ажырату, саралау қабілеттерін дамыту; тезис және тірек-конспект ұғымдарымен таныстыру.
Тәрбиелік
Жаз мезгілінің ерекшеліктерін таныта отырып, әсемдікке баулу; оқушы бойында сұлулықты сезіну мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың сипаты
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Пәнаралық байланыс
Тарих, бейнелеу өнері, музыка.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, әңгімелесу
- Ревин әдістемесі
- Рефлексия, талдау
- Шығармашылық жұмыс, ойын, тренинг
Көрнекіліктер
- Таныстырылым
- Таратпа қағаздар
- Сөзжұмбақ
- Стикерлер, жапсырғыштар
- Суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Қадамдар
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Психологиялық тренинг: «Менің жақсы көретін түсім».
Оқушылар ұсынылған түрлі түсті парақтардың бірін таңдайды. Таңдаған түсіне сәйкес қысқаша сипаттама алады және топтарға бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Серпілген сауал» ойыны
Шарты: мұғалім үрленген шарды оқушыларға лақтырып, сұрақ қояды. Шарды ұстаған оқушы сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, өз өнерін көрсетеді.
Сұрақтар
- Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
- Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?
- «Қыс» өлеңінде ақын қысты неге теңейді?
- «Қыс» өлеңін жатқа айт.
- Өлеңдегі Қондыбай мен Қанай кімдер?
- Қыстың қиындығын кімдер көбірек көреді?
- Ақын «адам болу үшін» неден қашық, неге асық болу керек дейді?
- «Дүние де өзі, мал да өзі» деген тіркесті қалай түсінесің?
- «Ғибрәтлі», «нәфрәтлі» сөздеріне анықтама бер.
III. Жаңа сабақ
1) Табиғат дыбыстарын тыңдау
Оқушыларға табиғат дыбыстары тыңдатылады. Тыңдалған дыбыстар бойынша ой бөлісу сұралады:
- Қандай дыбыстарды естідіңдер?
- Бұл дыбыстар жылдың қай мезгіліне тән?
- Осыған дейін табиғат туралы қандай шығармалармен таныстыңдар?
Қалаған оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» шығармасынан немесе Абайдың «Қыс», «Күз» өлеңдерінен үзінді оқиды.
2) Сөзжұмбақ шешу
Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе, бүгінгі сабақтың басты кейіпкерінің есімі анықталады.
3) Ақын өмірі мен шығармашылығы
ДЖИГСО әдісі арқылы ақын өміріне қатысты мәтін бөліктері топтарға таратылады. Әр топ оқып, талқылап, ортақ қорытынды жасайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қысқаша мәлімет
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл-Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы, Қызылту ауданы) дүниеге келген.
Әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) — кедей, момын шаруа болған. Кедейліктің ауыртпалығын көп көрген ол Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сол жерде отбасын құрып, Байқоңыр мен Сұлтанмахмұт атты ұлдары дүниеге келеді.
Сұлтанмахмұт екі жасында анасынан айырылып, жетімдікті көріп өседі. Анасы қайтыс болғаннан кейін әкесі балаларын алып, өзінің туған жері — Павлодар облысы, Баянауыл ауданына көшеді.
Алғашында Сұлтанмахмұт арабша хатты әкесінен таныған. Кейін Тортай, Мұқан сияқты ауыл молдаларынан білім алады.