Эстафеталық ойындар
Сабақ туралы
- Сынып
- 6-сынып
- Тақырып
- Эстафеталық жүгіру (4×60 м)
- Өткізілетін орны
- Мектеп стадионы
- Қажетті құрал-жабдықтар
- Ысқырық Эстафеталық таяқша Доп Секіргіш Кедергілер Сұрақтар
Сабақтың мақсаты
4×60 м эстафеталық жүгіру техникасын дұрыс меңгерту арқылы икемділікті дамыту және тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
- 4×60 м эстафеталық жүгіру түрін түсіндіру және негізгі ережелерін меңгерту.
- Адамгершілікке, Отанды сүюге, ұқыптылыққа және төзімділікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың шапшаңдық пен шыдамдылық қасиеттерін дамыту.
Дайындық бөлімі
1) Сапқа тұрғызу
- «Түзел!», «Тік тұр!» пәрмендері.
- Рапорт қабылдау, сәлемдесу.
2) Саптық жаттығулар
- Оңға, солға, артқа бұрылу.
- Бір қатардан екі қатарға сап түзеу (және басқа да саптық элементтер).
3) Бірқалыпты жүгіру және тыныс алу
- Ойын алаңын екі айналып жүгіру.
- Тыныс алу жаттығуы: қол жоғары, аяқтың ұшымен терең дем алып, еңкейіп дем шығару.
4) Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ)
Б.Қ.: аяқ иық көлемінде, қол белде
1–2 — басын солға, 3–4 — оңға айналдыру.
Б.Қ.: аяқ иық көлемінде, қол иықта
1–2 — шынтақты алға, 3–4 — артқа айналдыру.
Б.Қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол кеуде алдында
Қолды жартылай және толықтай бүгіп-жазу.
Б.Қ.: оң қол жоғарыда, сол қол төменде
Қолды жоғары-төмен сермеу.
Б.Қ.: сол қол белде, оң қол жоғарыда
Солға және оңға иілу.
Б.Қ.: аяқ иық көлемінде, қол белде
1–2 — белді солға, 3–4 — оңға айналдыру.
Б.Қ.: аяқ иық кеңдігінде
1 — қолды жоғары көтеру; 2 — еңкейіп, қолды аяқтың ұшына тигізу; 3 — қолды алға созып отыру; 4 — бастапқы қалыпқа келу.
Б.Қ.: аяқ иық кеңдігінде, қол алда
1 — отыру; 2 — бастапқы қалыпқа келу.
Негізгі бөлім
Жеңіл атлетикадан қысқаша деректер
Қазақстандағы алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада — 1928 жылы Петропавл қаласында өтті.
Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев (1943) алды.
Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттарда және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлдегер атанды. Олардың қатарында: Е. Кадяйкин, Ұ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л. Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, В. Муравьев, В. Савин, В. Солдатенко, Л. Микитенко, А. Бадранков және т.б.
Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы — Е. Кадяйкин.
Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII Олимпиялық ойындарда кедергілер арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дәуірден бастау алады: табиғи қозғалыстар (жүру, тұру, секіру) адамзатпен бірге қалыптасты. Деректерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің дәуірімізге дейінгі 776 жылы өткізілген.
4×60 м эстафеталық жүгіру техникасы
- Эстафеталық жүгіру түрегеп тұрған бастапқы қалыптан басталады.
- Қатысушылар эстафеталық таяқшаны бір-біріне беру арқылы жүгіреді.
- «Дайын бол!» пәрменінен кейін аяқ тізеден бүгіліп, кеуде алға еңкейеді.
- «Марш!» пәрмені естілгенде, сөреден шыққаннан кейін кеуде тез жазылып, жүгіру ырғағы алынады.
- Таяқшаны беру кезінде: сол қолмен беру, оң қолмен қабылдау ұсынылады.
- Мәре сызығына шамамен 1 метр қалғанда, жылдамдықты бәсеңдетпей, денені алға еңкейтіп мәре сызығын жүгіріп өткен дұрыс.
Эстафеталық ойындар
Кім жылдам жауап береді?
Сұраққа шапшаң әрі дұрыс жауап беру эстафетасы.
Таяқшамен жүгіру
Эстафеталық таяқшаны дұрыс беру-қабылдауға бағытталған.
Допты қолмен жылжыту
Командалық үйлесімділік пен дәлдікті дамытады.
Секіргішпен жүгіру
Қозғалыс координациясы мен төзімділікті арттырады.
Қаппен секіру
Жылдамдық пен тепе-теңдікті дамытуға арналған ойын.
Қорытынды бөлімі
- Сапқа тұрғызу.
- Сабақты қорытындылау және бағалау.
- Үй тапсырмасы: 60 м жүгіру.