Ұқыпты бала - әдепті бала
Сабақтың тақырыбы
Ұқыпты бала — әдепті бала.
Сабақтың мақсаты
Балалардың әдептілік, сыпайылық сияқты адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Ұқыптылық, жинақылық және әдептілік туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сыпайы қарым-қатынасты дамыту.
Сабақ туралы мәлімет
- Көрнекілігі
- Оқулық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат.
- Сабақтың типі
- Білім, іскерлік, дағдыны дамыту сабағы.
- Сабақтың түрі
- Шығармашылық сабақ.
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Қызығушылықты ояту.
II. Негізгі бөлім
- Әңгімелесу.
- Жағдаяттарға байланысты ойлану.
- Шығармашылық жұмыс.
- Мәтінмен жұмыс.
- Сергіту сәті.
- Шығармашылық жұмыс (топтық).
III. Қорытындылау
- Есіңде сақта.
- Рефлексия.
- Қорытындылау.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен жүргіземін.
Қызығушылықты ояту: бүгінгі сабағымызда «Ұқыпты бала — әдепті бала» тақырыбын жалғастырамыз.
Ойын: «Мен әдепті баламын, өйткені…» Оқушылар сөйлемді жалғастырып, ұйқастырып, өз ойларын білдіреді. Ойын бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін жалғасады.
Негізгі бөлім: әңгімелесу
Өткен сабақта жылы жүрек пен жақсы тілектің адамды бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық пен әдептілік туралы әңгімелесеміз.
Сұрақтар
- Өзара сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер? (Адамдардың бір-бірін сыйлап, құрметтеуі.)
- Әдептілік деген ұғымды қалай түсінесіңдер? (Адам бойындағы жақсы қасиет.)
- Қандай жағдайда және кімдерге көмек көрсете аласыңдар? (Ата-анамызға, үлкен кісілерге, достарымызға, жақындарымызға.)
- Адамның әдептілігін қалай білуге болады? (Оның іс-әрекетінен.)
Қазақ халқында өзінен үлкен кісімен, сондай-ақ жасы кіші, сыйлы адамдармен «Сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластық пен құрметті білдіреді.
«Жалғыз ағаш орман болмас» деген мақал бар. Сол сияқты адам өз бойындағы жақсы қасиеттерді көбіне өзге адамдармен қарым-қатынас барысында көрсетеді.
Жағдаяттар: ойланайық
I жағдаят
Ұланға ата-анасы жұмысқа кетерде: «Біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел», — деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болғаннан кейін достары Айдын мен Дидар келіп, оны футбол ойнауға шақырды. Ұлан ата-анасының тапсырмасын орындау керек пе, әлде достарының көңілінен шығу керек пе — деп екіұдай күйге түсті.
- Ұланның орнында болсаң, не істер едің?
- Неліктен?
Қорытынды: әрдайым үлкеннің айтқанын тыңдап, оларды құрметтеу қажет.
II жағдаят
Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің қасынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге қарай өтіп бара жатты. Ернар: «Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жібер», — деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға бір нәрсені түсіндіре бастады.
- Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
- Ернардың орнында болсаң, не істер едің?
Қорытынды: үлкен-кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау — инабаттылық пен сыпайылықтың көрінісі.
Шығармашылық жұмыс
«Ұқыпты болу үшін не істеу керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, кеңестер мен қағидалар жазыңдар.
Жауапты бағыттайтын үлгі сұрақтар
- Күнделікті қандай әдеттер ұқыптылыққа үйретеді?
- Оқу құралдарын қалай таза әрі жинақы ұстауға болады?
- Сөз мәдениеті мен әдептілік ұқыптылықпен қалай байланысты?
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтан М. Гумеровтың «Дәме» әңгімесін оқу.
Мәтін бойынша сұрақ: «Сендер қалай ойлайсыңдар? Бұл мүмкін бе? Неліктен?»
Сергіту сәті
- 1, 2 — басымыз тік.
- 3, 4 — қол созамыз.
- 5 — қолды сермейміз.
- 6 — партаға отырамыз.
- Әдептілікті сақтап ойлаймыз.
- Әдептілікті сақтап өрлейміз.
Шығармашылық жұмыс (топтық)
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген тақырып бойынша тірек-сызба құрастырады:
1-топ
Ұқыпты бала
2-топ
Ұқыпсыз бала
3-топ
Мен әдепті баламын
Есіңде сақта
- Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.
- Өзіңе қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзің де өзгелерге дәл солай қарым-қатынас жаса.
- Сыпайы, достық пейілмен сәлемдес.
- Сыпайылық пен әдептілік ережелерін сақта.
Рефлексия
- Осы сабақтан не үйрендік?
- Өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
- Кімнен үлгі алар едіңдер?
Қорытындылау
Әдептілік деген не? «Әдептілік» ұғымын қасиеттер арқылы топтастырайық.
Ұқыпты балаға тән қасиеттер