Ұлы Ыбырай атамыз, Ұстаздардың ұстазы
Мұғалім туралы
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ғ. Молдашев атындағы ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі — Мустанова Айжан Темирболатовна.
Мақсаты
- Үйренгендерін ортаға салу арқылы оқушылардың білімін және Әліппеге деген ризашылығын көрсету.
- Оқушылардың жан-жақтылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Өнерге құштарлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Музыка әуенімен оқушыларды ортаға шақыру.
Тақырыбы
«Қош, сүйікті Әліппем!»
Оқушылардың орындауы
Мөлдір
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Ұрпағың келді ортаға.
Фархат
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпті.
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Әділжан
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Айдос
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Ән
«Әліппе»
Альбина
Жырын жаттап жатамыз,
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз —
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастар көп елге:
«Кел, балалар, оқылық!»
Ықыласпен тоқылық.
Ерсұлтан (хормен)
Біз екі тоқсан бойы Әліппені игердік.
Оқуды да, жазуды да үйрендік.
Осының бәрін үйреткен —
мектеп, мұғалім, Әліппе!
Айша
«А»-ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
42 әріптің бәрін танып,
Сөз оқимын, буынды енді айырам.
Би
Өзбек биі (Эльвира)
Тәрбиелік ой
Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған жоқ. Ол өнегелі болып, мектеп ережесін сақтайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті.
Архат
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
Назар
Барлық әріп бағалы —
Айттық әділ бағасын.
Әріпсіз сөз болмайды,
Онсыз буын толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Аружан
Өтті оқудың сан сабағы —
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Әліппемізбен қоштасамыз.
Елжан
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған —
Құтты болсын тойларың!
Ерхан
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Айдана
Мынау менің Әліппем —
Көгілдір туым түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Ерболат
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын — сәнімін.
Бек
Білімге жолды бастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
«Оқы!» деп ұран тастаған,
Әліппем, саған мың алғыс.
Ән
«Балапан»
Адильжан
Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен табысамыз.
Кейіпкерлер: «Әліппе» және «Ана тілі»
Әліппе
Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың басталады сендерден.
Танысыңдар досыммен, достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен:
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілінен ақыл-білім алыңдар.
Ана тілі (келеді)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа оқулықтарың боламын.
Мені жақсы оқыңдар, күтіп ұстаңдар.
Қаның, жаның — тіліңде,
Арың, нәрің — тіліңде.
Ұмтыл оны білуге,
Тілден алып ғибрат —
Құлшынасың білімге.
Ана тілі
Сәлем, ойшыл достарым!
Терең білім ой-санаға әрбір сезім ой салады.
Ғылым, тәлім, өнерім көп —
Достасқанға берерім көп!
Әліппе
Айналайын балдырғандар, менен білім алдыңдар.
Озат достар оқыды, ойға білім тоқыды.
Әр сөзімді жаттаған достар үшін мақтанам.
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Аман-есен болыңдар!
Ата-анаға алғыс
Әліппені игеріп, жақсы оқуымызға ата-анамыздың қосқан үлесі мол. Сондықтан балалар, ата-анамызға алғыс айтайық.
Ән
«Ата-ананы тыңдаймыз»
Қорытынды сөздер
Әліппе
42 әріпті игердің,
Әріптен буындап сөз тердің.
Ризамын, балалар, сендерге —
Рахмет айтар кез келді.
Айнамкөз
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаңда оқып, жаза білдім,
Сауатты адам қатарына кірдім.
Айкүн
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол —
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Ән
«Рахмет саған, Әліппе!»
Тілектер
Ата-аналар мен ұстаздардың тілектері.