Қайталау сабақ
Павлодар қаласы • №16 лицей-мектебі
Мұғалім: Сүлейменова Альбина Сансызбайқызы • Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы
Қайталау сабағы: «Спорт» модулі және сан есім тақырыбы.
Сабақтың мақсаты
-
1
«Спорт» модулі бойынша алған білімді пысықтау, сан есімнің түрлерін қайталау.
-
2
Лексикалық қорды байыту, қойылған сұрақтарға еркін жауап беру дағдыларын дамыту.
-
3
Салауатты өмір салтына баулу және спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Қолданылатын құралдар мен әдіс-тәсілдер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Тыңдалым тапсырмалары
- Кестемен жұмыс
- Рефлексия («Дұрыс/дұрыс емес»)
Құралдар
- АҚТ (интерактивті материалдар)
- Кесте қағаздары
- Парақшалар (оқулық беттерімен жұмыс)
- Бағалау фишкалары
Бағалау тәсілі: дұрыс жауаптарға фишкалар беріледі. Сабақ соңында фишкалар саналып, жинаған ұпайға сай баға қойылады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- «Біз бақытты балалармыз» (тілді жаттықтыруға арналған ән) орындалады.
- Амандасу.
- Кезекшінің есебі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгін «Спорт» тақырыпшасы бойынша өткен материалды қорытындылаймыз. Әр оқушы дәптеріне бүгінгі сабаққа өзі қойған мақсаттарын жазады (мақсаттар тексеріледі).
Белсенділік пен дұрыс жауап үшін фишкалар беріледі. Сабақ соңында фишкалар саналып, қорытынды баға шығарылады.
3) Жедел сұрақтар (фишкамен бағалау)
- 1.Спорттың түрлерін атаңыздар.
- 2.Лондонда Олимпиада қай жылы өтті? (2012 жылы)
- 3.2012 саны дара сан есім бе, әлде күрделі сан есім бе?
- 4.Қазақстанның қандай белгілі спортшыларын білесіздер?
- 5.Илья Ильин кім?
- 6.Қандай Олимпиадаға қатысты?
- 7.Нешінші орынға ие болды? (бірінші)
- 8.Бірінші — сан есімнің қай түрі?
4) Кестемен жұмыс
Оқушыларға парақшалар таратылады. 126-беттегі кесте 5–7 минут ішінде толтырылады, кейін тексеріліп, жауапқа сай фишкалар беріледі.
5) Сөздік жұмысы
Сөздерді еске түсіреміз: оқимыз, сөз тіркестерін құрастырамыз (дұрыс жауаптарға фишкалар беріледі).
Заманауи — современный
Ойлап тапқан — придумал
Сақиналар — кольца
Таным белгі — опознавательный
Ұсынған — предложили
Құрлық — материк
6) Мәтінмен жұмыс (127-бет): «Сіз білесіз бе?»
Оқу • талдау • сан есімБүгінде біз тамашалап жүрген заманауи Олимпиада ойындарын алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да таным белгі ретінде ұсынған екен.
Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка және Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антарктида ол кезеңде назарда болмаған.
Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде қабылданып, 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада алғаш рет қолданылды.
Мәтін бойынша сұрақтар (фишкамен бағалау)
- 1.Олимпиада ойындарын кім ойлап тапқан?
- 2.Олимпиаданың белгісі қандай?
- 3.Сақиналардың түстері қандай?
- 4.Сақиналар нешеу?
- 5.Бесеу — сан есімнің қай түрі?
- 6.Қай жылы заңды түрде қабылданған?
- 7.Мәтіндегі сан есімдерді атап, түрлерін ажыратыңыз.
- 8.Олимпиаданың ұраны қандай? (Шапшаңырақ, биігірек, күштірек)
7) Сергіту сәті және тыңдалым
Оқушылар диалогты 3 рет тыңдайды. Кейін 1 және 2 нұсқаға бөлініп, кесте қағаздарындағы тапсырмаларды орындайды (тексеру барысында фишкалар таратылады).
Тыңдалым тапсырмалары — 1-нұсқа
- 1.Темірлан кіммен сөйлесті?
- 2.Мұрат кіммен сөйлесті?
- 3.Темірлан футболға қатыса ма?
- 4.Ал Мұрат ше?
- 5.Қандай жарыс өтеді?
- 6.Жарыс қашан өтеді?
- 7.Салтанат футбол ойнағысы келе ме?
- 8.Ол жарыста не істейді?
Тыңдалым тапсырмалары — 2-нұсқа (кесте)
| Тапсырма | Темірлан | Мұрат | Салтанат |
|---|---|---|---|
| Футболға қатысқысы келеді | |||
| Футбол көргісі келеді | |||
| Футболға дайындалғысы келеді | |||
| Жанкүйерлер тобын жинағысы келеді | |||
| Астанаға барғысы келеді |
Кестені тыңдалым бойынша толтырыңыз, кейін жұппен тексеріңіз.
8) Ой толғаныс (3–4 минут): «Дұрыс / Дұрыс емес»
Тұжырымдарды оқып, дұрыс немесе дұрыс емес екенін белгілеңіз.
1. Спорт пайдалы емес.
2. Спорт шымыр қылады.
3. Спорт қарым-қатынас орнатуға жол ашады.
4. Сенің мінез-құлқыңды көркейтеді.
5. Адамның дұрыс тәрбиеленуіне септігін тигізеді.
6. Өзін-өзі қолға алып, шығармашылық қасиеттерін күшейтеді.
7. Спорт сабырлылыққа бейімдейді.
9) Қорытындылау
- 1.Бүгінгі сабақта нені қайталадық?
- 2.Қандай тапсырмалар орындадық?
- 3.Сабақтан өзіңізге қандай ой түйдіңіз?
- 4.Қойған мақсаттарыңызға жеттіңіз бе?
- 5.Сабақ ұнады ма?
Қосымша
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп алуға болады.