Мәтіннің неше абзацтан, неше сөйлемнен құралғанын табыңдар

Атырау облысы, Исатай ауданы

Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тулеуова Бибигүл Орынғалиевна

Сабақтың тақырыбы

Мәтін туралы қосымша түсінік

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазбаша жұмыстар арқылы бекіту.

Күтілетін нәтиже

  • Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
  • Мәтіннің сөйлемдер мен абзацтардан тұратынын біледі.
  • Мәтінді түріне қарай ажыратады.

Сабақтың жүрісі

Сабақ кезеңдері бойынша жоспарланған іс-әрекеттер төмендегідей ұйымдастырылады.

Ұйымдастыру бөлімі

Уақыты: 2 минут

Бастау

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және күтілетін нәтиже нақты айқындалады.

Қызығушылықты ояту

Форматы: сұрақ–жауап

Белсендіру

«Сұрақ – сізден, жауап – бізден» әдісі арқылы оқушылардың бастапқы түсінігі мен ойы қозғалысқа келтіріледі.

Мағынаны тану

Уақыты: 20 минут

Топтық жұмыс

Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма мәтіннің құрылымын, тақырып пен негізгі ойды айқындауға бағытталған.

I тапсырма

  • Сөйлемдерді мәтін болатындай етіп құрастырыңдар.
  • Мәтінге ат қойыңдар.
  • Мәтіннің неше абзацтан және неше сөйлемнен құралғанын анықтаңдар.
  • Мәтіннің негізгі ойын табыңдар (мәтін не туралы?).

Бағалау

Смайликтер арқылы топтар бір-бірінің жұмысын өзара бағалайды.

II тапсырма

  • Суреттерді мұқият тамашалаңдар.
  • Өздеріңе ұнаған сурет бойынша шағын мәтін құраңдар.
  • Мәтінге ат қойып, тақырыбын анықтаңдар.

Назар

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы бір-бірімен байланысты екенін дәлелдеуге тырысыңдар.

Ой толғаныс

Уақыты: 10 минут

Рефлексия

Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша тұжырымдап айтады.

Жапсырмадағы жазбалар

Оқушылар өз пікірін жапсырмаға жазып, ұсынылған алаңға орналастырады.

Қосымша

Толық нұсқасын жүктеу.