Атайдың қарбызды балаларға тіліп беруі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың атауы
Ж. Әлмашев — «Қауын мен Қарбыз»
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер
Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан ойлау технологиялары
- Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар
- «Микрофон» әдісі
- «Джигсо» әдісі
Мақсат
1) Ойды еркін жеткізу
Оқушылар ертегінің мазмұнымен таныса отырып, өз ойларын және пікірлерін еркін, дәлелді айтуға үйренеді.
2) Табиғатты қадірлеу
Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық танытып, Жер-Ананың адамзатқа берген байлығын бағалауға дағдыланады.
Бағалау критерийлері
- Өз ойы мен пікірін еркін айта алады.
- Өсімдіктердің тіршілігіне қызығушылық танытады және бағалайды.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты сабаққа жұмылдыру, мақсатты қысқаша таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Микрофон» әдісі арқылы әр оқушы қысқа әрі нақты жауап береді.
3) Жаңа сабақ
Ой қозғау тапсырмалары, мәтінмен жұмыс және топтық талқылау.
Қызығушылықты ояту: сөзжұмбақ
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпқа біртіндеп бағытталады.
- Қырандардың ішіндегі ең ірі, бітімі мығым, жылдам ұшатын құс қалай аталады?
- Бетінде төбе көп кездесетін жазықты қандай жазық деп атаймыз?
- «Қолтырауын» сөзінің орысша баламасы қандай?
- Қарағандыдан алынатын жанғыш пайдалы қазба қалай аталады?
- Сөз мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?
- Көршілес екі көбейткішті олардың көбейтіндісімен алмастырса немесе жақшалардың орнын өзгертсе, көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл көбейтудің қандай қасиеті?
- Ең кіші уақыт бірлігі.
Жұмбақ
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Домаланған ала бас.
Еті — секер, сүті — тәтті,
Дәмді шырын — дайын ас.
Жауабы: қарбыз және қауын.
Осы сөздер жаңа тақырыптың өзегіне айналады.
Мағынаны тану
Топқа бөлу
Оқушылар қауын мен қарбыздың түс ерекшелігіне қарай топтарға бөлінеді:
- Қауын: қызғылт және сары
- Қарбыз: ала және қара
Тірек ұғым: халық ауыз әдебиеті
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Әдеби ертегі
Кейбір ертегілердің авторы белгілі болғандықтан, олар әдеби ертегі деп аталады. Бүгінгі ертегінің авторы — Жолтай Әлмашев (Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында туған), жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты.
Мәтінмен жұмыс: «Джигсо» әдісі
Әр оқушы мәтіннің өзіне берілген бөлігін оқып, түсінгенін айтады. Топ мүшелері бірін-бірі толықтырады.
Мәтін бөліктері
- Қауын мен Қарбыздың шешімі.
- Атайдың қарбызды балаларға тіліп беруі.
- Қарбыздың мұңы.
- Баланың қарбызды тауып алуы.
Талқылау сұрақтары
- Бұл үзіндіден нені түсіндің?
- Нені түсінбей қалдың?
- Оқиғаның ары қарай дамуына қандай болжам айта аласың?
Сұрақтар топ ішінде талқыланып, негізгі ойлар тақтаға жазылады. Әр топтан бір оқушы шығып, қорытындысын ұсынады.
Оқиға картасы
Әр топ оқиға картасын толтырып, сынып алдында қорғайды. Бұл тапсырма мәтіндегі себеп–салдар байланысын, кейіпкерлер әрекетін және негізгі ойды нақтылауға көмектеседі.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Аягөз қаласы, Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы КММ
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Касенова Жадыра Едиловна