Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №2 санаториялық балабақшасының психологы — Алтынбекова Асылзат Нурлановна. Білім саласы: шығармашылық. Тақырыбы: «Ғажайып көбелек».

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ертегі терапиясы және құм терапиясы.

Мақсаты

  • Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы психоэмоционалдық жағдайын тұрақтандыру.
  • Ішкі күйзелісті азайту, релаксацияға көмектесу.
  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
  • Өзіне деген позитивті көзқарасты қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Кіріспе: «Жүрек жылуы»

Психолог балаларды жылы қарсы алып, оң қолдарын жүректеріне қойғызады: «Естіп тұрсыңдар ма? Тук-тук…» Содан кейін әр баланың жүрегінде кішкентай мейірім шуағы бар екенін елестетіп, сол жылуды бір-біріне беруді ұсынады.

Балалар қол ұстасады. «Кішкентай күн шуағы үлкен күнге айналды» деген оймен, енді осы жылуды «таңғажайып әлемнің» тұрғындарына апарып, көмектесуге ниеттенеді.

Негізгі ой: мейірім, батылдық және өзара қолдау — қауіпсіз орта құрудың іргетасы.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Жаңбыр»

Психолог балаларды сиқырлы орманға «саяхатқа» шақырып, табиғаттың оянуын қимылмен бейнелеуді ұсынады. Балалар шыныққан сайын таңғажайып әлем «жан бітіре» бастайды.

  1. 1) Жылы жаңбыр жауды. Екі қолды артқа ұстап, кезек-кезек алға созу.
  2. 2) Жаңбырдан кейін кемпірқосақ көрінді. Қолды екі жаққа «қанатша» жайып, еңкейіп бір қолды екінші қолға жеткізу.
  3. 3) Өсімдіктер күнге жапырақтарын жайды. Аяқты артқа созып, қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу.
  4. 4) Құстар ұшуға дайындалды. Қолды «қанатша» қағып, отырып-тұру.
  5. 5) Жан-жануарлар ояна бастады. Тізерлеп тұрып, аяқтарды созу.
  6. 6) Көбелектер ұшуға дайын. «Лотос» қимылы.

Психолог балалардан: «Мына әдемі көбелек бізді қайда шақырып тұр?» — деп сұрап, көбелектің соңынан еріп, келесі кезеңге өтуді ұсынады.

Құм терапиясы: сезім арқылы тынышталу

Балалар құм салынған үстелге жақындап, құммен жұмыс арқылы денені босаңсытып, назарды қазіргі сәтке шоғырландырады.

  • Қолды құмға батыру Сезімді байқап, тынысты реттеу.
  • Құмды саусақ арасынан уқалау Тактильді әсер арқылы жайлану.
  • Қолды құмға жасыру Ойын элементі арқылы қауіпсіздік сезімі.
  • Құмды себелеп құю Ырғақ пен қозғалыс арқылы релаксация.

Ертегі терапиясы: «Ғажайып көбелек»

Балалар кілемге жайғасып, ертегіні тыңдайды. Психолог «Түстер көбелегі» туралы ертегіні баяндайды.

Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүріпті. Күндіз олар ұйықтайды, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына — үлкенге де, кішіге де — ұшып барады.

Түстер көбелегінің қанаты ғажайып: одан гүлдің де, жаңбырдың да иісі сезіледі. Егер көбелек қанатымен жеңіл қағып өтсе, сол адамға жақсы түс кіреді. Ал қара көбелек қағып өтсе, қорқынышты түс кіреді.

Психолог балалардан өз түстерін еске түсіруді сұрайды: қандай түстер көресіңдер, қорқынышты түстер бола ма?

Жұмыс: «Қара көбелектерден құтылу»

Психолог қорқынышты түстерді «әкелетін» қара көбелектерді көрсетіп, балаларға оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Қорытынды ой: енді біз ондай түстерден қорықпаймыз.

Шығармашылық тапсырма: «Қандай түс көргің келеді?»

Психолог балалардан: «Қандай түс көргілерің келеді?» — деп сұрайды. Балалар сол арман-түстің суретін салып, бояйды.

Ойын: «Болады — болмайды»

Психолог сөйлемдерді оқиды. Егер айтылған жағдай болуы мүмкін болса — балалар қол соғады, ал болмайтын болса — аяқтарымен топылдатады.

Мысал (болады): Қасқыр орманда кезіп жүреді.

Мысал (болмайды): Қасқыр ағаштың басында отыр.

  • Кастрөлде кесе қайнап жатыр.
  • Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр.
  • Ит аспанда жүзіп келеді.
  • Қыз үйдің суретін салып отыр.

Тренинг: «Қорқыныш»

Психолог көріністі сипаттайды: орманда қараңғы, түрлі дыбыстар естіледі. «Бұл не болды екен? Қорқып кеттік…»

Қорыққанда не істейміз?

  • Балалар «тұрып қалады», мимикамен қорқынышты көрсетеді, көзін жұмады.
  • Кенет «мяу» деген дыбыс естіледі.
  • Көзімізді ашсақ — ол қорқынышты аң емес, кішкентай мысық екен.
  • Мысықты қолымызға алып, жылытамыз, сипаймыз. Осылайша дос боламыз — енді қорықпаймыз.

Бұл тренинг балаларға қорқынышты тану, атау және қауіпсіз әрекет арқылы жеңілдету дағдысын береді.