Күрделі тіліктер

Күнделікті сабақ жоспары (Сызу, 9-сынып)

Негізгі мәліметтер

Тақырып
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау.
Сабақ №
54
Тақырыптар
21. Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау.

Көрнекіліктер

  • A4 пішіміндегі қағаз
  • Қарындаштар
  • Сызғыш
  • Өшіргіш
  • Шеңберсызар және т.б.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға дұрыс орналастыруға үйрету. Оқушыларды өз бетінше ізденіп жұмыс істеуге дағдыландыру, ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтауға, сауатты әрі көркем сызба түсіруге баулу.

Дамытушылық

Шығармашылық жұмыс пен ізденіс арқылы білімді тереңдету; ой-қиялды, өз бетімен шешім қабылдауды, белсенділікті және танымдық қабілетті дамыту.

Тәрбиелілік

Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиеттерін дамытуға және эстетикалық әсемдікті тани білуге тәрбиелеу.

Сабақтың өту барысы

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. 4. Тапсырмаларды орындау
  5. 5. Сабақты бекіту
  6. 6. Үйге тапсырма

Күрделі тіліктер: негізгі түсініктер

Сатылы тіліктер

149-суретте сатылы горизонталь тіліктің, 150-суретте сатылы профиль тіліктің мысалдары берілген. Суреттерге мұқият қарап, тіліктердің орындалу ерекшеліктерін түсініп ал.

  • Сатылы фронталь тілік алдыңғы көріністің орнына салынады.
  • Сатылы горизонталь тілік үстіңгі көріністің орнына салынады.
  • Сатылы профиль тілік сол жақ көріністің орнына салынады.

Сынық тілік (қиылысқан жазықтықтар)

Сынық тілікте қиюшы жазықтықтар өзара доғал бұрыш жасап қиылысады. Мұндайда қиюшы жазықтықтардың біреуін олардың қиылысу сызығы бойымен айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне параллель болса, онда сынық тілік соған сәйкес көріністің орнына салынады.

151-сурет бойынша түсіндіру

151-суретте сынық тіліктің үлгісі көрсетілген: қиюшы жазықтықтардың біреуі горизонталь, ал екіншісі фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр болғанымен, горизонталь проекциялар жазықтығына көлбеу орналасқан.

Екі иінді иінтіректі осы горизонталь және фронталь проекциялаушы жазықтықтармен қиып, оның жоғарғы бөлігін ойша алып тастаймыз. Иінтіректің оң жақ бөлігін қиюшы жазықтықтардың қиылысу сызығынан айналдырып, сол жақ бөлігінің деңгейіне дейін бұрамыз. Нәтижесінде қима горизонталь проекциялар жазықтығына параллель бір жазықтықта орналасады.

Кейін қарастырылып отырған жартыны горизонталь проекциялар жазықтығына тікбұрыштап проекциялаймыз да, қиюшы жазықтықтарда орналасқан бөліктерін сызықтаймыз. Түсінікті болу үшін 151-суретте бұрылған бөлік алдынан қарағандағы көріністе нүктелі үзілме сызықпен және проекциялық байланыс сызығымен көрсетілген. Сызбада бұл сызықтарды салу міндетті емес.

Маңызды ереже

Нәрсенің жұқа пластинка тәрізді бөліктері және беріктік үшін қалдырылған жұқа қанаттары (қырлары) қиюшы жазықтық олардың үлкен жағын қуалай орналасса, тілікте сызықталмай көрсетіледі. Сондықтан 151-суреттегі тіліктен тетікбөлшекте беріктік үшін қалдырылған қанат (қыр) бар екенін байқауға болады.

152-сурет: сынық тілік бас көріністің орнына салынғанда

152-суретте сынық тілік бас көріністің орнына салынған. Тілік фронталь және горизонталь проекциялаушы жазықтықтардың көмегімен алынған. Горизонталь проекциялаушы жазықтықты қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь жазықтықпен беттестіреміз.

Айналдыру кезіндегі сақтық

Айналдыру кезінде қиюшы жазықтықтың арғы жағында орналасқан нәрсе бөлігін қозғамау керек. 152-суреттегі фиксатор (Б) тетікбөлшегінің цилиндр тәрізді шығыңқы бөлігі қиюшы жазықтықтың арғы жағында орналасқандықтан, айналдыруға қатыспайды. Ол проекциялық байланыста бастапқы қалпында көрсетіледі.

Тапсырма

153-суретті көшіріп, алдыңғы көріністің орнына көрсетілген сатылы тілікті салып орында.

Толық нұсқасын қарау.