Атомдар мен молекулалар
Сабақ тақырыбы
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы.
Сабақ мақсаты (білімділік)
Оқушыларға атомның химиялық элементтің қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшек екенін түсіндіру және алған білімді өмірде қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ мақсаты (дамытушылық)
Логикалық ой-өрісті дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ мақсаты (тәрбиелік)
Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және өз ойын ашық жеткізе білуге үйрету.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс
Химия, биология.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Плакаттар, карточкалар
- Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі және портреті
- Жұмбақ жинағы
- Слайдтар, интерактивті тақта
- Кодоскоп
- Электронды оқулық
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
2 минут- Оқушылармен сәлемдесу, қатысуды түгендеу және сабаққа әзірлігін тексеру.
- Назарын сабаққа аударып, сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минутСөзжұмбақ арқылы қайталау
- АҚШ пен Англияда қолданылатын ұзындық бірлігі қалай аталады?
- Сыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай?
- м³ бірлігімен өлшенетін физикалық шама қалай аталады?
- Ертеде қазақтар ұзындықты өлшеу үшін қандай бірлікті қолданған?
Физикалық диктант (негізгі ұғымдар)
- Табиғаттағы кез келген өзгерістер құбылыстар деп аталады.
- Физика — табиғаттағы физикалық құбылыстарды және денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым әрі оқу пәні.
- Табиғатты зерттеудің ғылыми негізгі әдістерін атап жазыңыз.
- Өлшеу — физикалық шаманы бірлік ретінде қабылданған басқа біртекті шамамен салыстыру.
- Ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар гипотеза деп аталады.
III. Қызығушылықты ояту
3 минутРебус шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Жаңа сабақты меңгеру
15 минутЕжелгі грек ғалымдары барлық заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған. Демокрит мұндай бөлшектерді атомдар деп атады.
XIX–XX ғасырларда Демокриттің зат құрылысы туралы болжамы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Алайда XX ғасырдың басында атомның да күрделі құрылымды бөлшек екені анықталды. Ең қызығы — табиғаттағы сан алуан заттардың барлығы небәрі 92 химиялық элемент атомдарынан құралады.
Негізгі тұжырымдар
- Заттар элемент атомдарының өзара байланысуы арқылы түзіледі.
- Элементтердің атаулары Д. И. Менделеев құрастырған периодтық жүйеде берілген.
- Ең жеңіл атом — сутегі, ең ауыр атом — уран.
Әлемдегі заттардың шамамен 99%-ы екі элементтен — сутегі мен гелийден — тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелерінде әр 10 000 сутегі атомына шамамен 500 гелий атомы және басқа элементтердің 1 атомы келеді.
Молекула — заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін және олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторлар арқылы бақылауға болады.
Электрондық микроскоп
Ұсақ бөлшектерді жүздеген мың есе үлкейте алады.
Иондық проектор
Үлкейтуі миллиондаған есеге дейін жетеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
8 минутИнтерактивті тақтада слайд арқылы физикалық диктант орындалады.
V. Сергіту сәті
3 минут- Ережелерді дәптерге жазу.
- Кодоскоппен жұмыс.
- Интерактивті тақтада жұмыс.
VI. Қорытындылау
5 минут5-жаттығуды орындау.
VII. Үйге тапсырма
2 минут- §14 оқу.
- 5-жаттығуды орындау.
- Тест дайындау.
- Өзін-өзі тексеру сұрақтарына дайындалу.
VIII. Бағалау
2 минутСабақта белсенділік танытқан оқушыларды топ басшысы бағалайды. Мұғалім сыныптың сабаққа қатысуын және жалпы жұмысын қорытындылап бағалайды.