Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!
Мақсаты
- Оқушыларды жолда жүру ережелерімен және жол белгілерімен таныстыру.
- Бағдаршамның қызметі туралы түсінік беру.
- Жол ережелері мен белгілерін есте сақтауға үйрету.
- Жолда жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдісі мен көрнекілігі
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, үйрету.
Көрнекілік
Бағдаршам, жол белгілері, суреттер.
Сабақтың барысы
Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар, бүгін жолда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Өлең
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын жолда жүру ертеңгілігі.
Жүргізуші және қонақ
Жүргізуші — жас инспектор. Бүгінгі тәрбие сағатымызға дәрігер апай қатысады.
Жүргізуші
Кішіге де, үлкенге де — жасына да, кәрісіне де, жан сая іздеген жандардың бәріне шипагер апайды біз жақсы білеміз, өйткені ол — үлкен дәрігер.
Көрініс
Осы сәтте ортаға қолы таңылған қасқыр шығады.
Жүргізуші
Апай, қараңызшы, мына сұмдықты! Қасқырға не болған? Оны кім жаралаған?
Дәрігер
Қасқырым, не болды? Жасырмай айтшы: қолыңа не болған?
Қасқыр
Айтайын жасырмай шынымды, сақтаңыз шыбындай жанымды. Жолда жүру ережесін білмеген соң, домалап машина астына түсіп қалдым.
Дәрігер
(Басын шайқап.) Қасқырды ауруханаға жеткізейік. Балалар, көрдіңдер ме? Жол ережесін білмеу — қауіпті.
Түйін
Жолда жүргенде әрдайым ережені сақтаңыз: бұл — өзіңіздің де, өзгенің де қауіпсіздігі.
Дәрігер мен қасқыр орындарына отырады. Жүргізуші балаларды жол ережесін бұзбай жүруге шақырып, сабақты жалғастырады.
Бағдаршам сөйлейді
Енді ортаға бағдаршамды шақырамыз.
Қызыл
Жанса қызыл шырағым, көліктерді тоқтатамын.
Сары
Сары көзім жанғанда, қозғалуға дайындал.
Жасыл
Жасыл көз жанғанда, алданбай тура жүр.
Жол белгілері туралы
Балалар, жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі — сақтандыру (ескерту) белгілері.
Сақтандыру белгісі
Қып-қызыл үшбұрыш — ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп, сәт сапар жолдағам.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлікте де,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Қорытынды үндеу
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!