Арыстан мен тышқан

Сабақтың мақсаты

Тақырып: «Арыстан мен тышқан» (С. Торайғыров). Сабақ мазмұны оқушылардың мәтінді түсініп оқуына, негізгі ойды табуына және қорытынды жасай білуіне бағытталады.

Білімділік

  • Мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету, мазмұнын түсінуге жетелеу.
  • Автор туралы бастапқы білім беру.
  • Сөздік жұмысы мен мәтін бойынша тапсырмаларды жүйелі орындау.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін арттыру және сөздік қорын байыту.
  • Өз ойын анық жеткізуге, мәтінді талдауға дағдыландыру.
  • Негізгі ойды табу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Жан-жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
  • Үлкенді сыйлауға, кішіге мейірім танытуға баулу.
  • Көмек сұрағанға қол ұшын беруге дайын болуды қалыптастыру.

Ұйымдастыру

Көрнекілігі
Автор портреті, арыстан мен тышқан суреттері, мультимедиа.
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттеу, талдау, топтастыру, сөздік жұмысы.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық дайындық

Әрбір адам — туысым, досым, жұрағатым.

Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, талдау.

Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.

Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық.

II. Жаңа тақырып бойынша жұмыс

1-кезең

Құрастыру жұмысы: қорытындылау барысында арыстан мен тышқан туралы жаңа мәлімет беріледі.

1-топ: Арыстан

Арыстан (лат. Panthera leo) — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Ол Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна және шөлейт аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы шамамен 2 м-ге дейін, салмағы 250 кг-ға жетеді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Саны азайғандықтан, арыстанды аулауға тыйым салынған. Үндістанда кездесетін түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Көптеген арыстандар хайуанаттар паркінде ұсталады.

2-топ: Тышқандар

Тышқандар (лат. Mus) — ұсақ кеміргіштер тобы. Дене ұзындығы 12,5 см-ге дейін, құйрығы шамамен 10,5 см болады. Дәнді дақылдармен, астықпен, тамырлармен, жидектермен, шөппен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді; көбіне түнде белсенді. Оңтүстік аймақтарда және үйлерде жыл бойы көбейе береді. Егеуқұйрық пен тышқанды ажырату шартты түрде көлеміне сүйенеді. Кейбір түрлері зиян келтіруі мүмкін, бірақ көпшілігі зиянсыз. Көптеген жыртқыш аңдардың олжасы болып саналады.

2-кезең

Автор туралы: мәлімет беріліп, оқушылар ақпаратты топтастырады және өздеріне қажетті деректерді саралайды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров: өмірі мен шығармалары

  • Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы — 21.05.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) — ақын, ағартушы.
  • 2 жасында анасы қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған.
  • Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне жақын жерге қоныстанған.
  • Алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай молдалардан дәріс алған.
  • «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге (Шәкірттерге)», «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат» және т.б. өлеңдер жазған.
  • 1913 жылдың күзінде Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналында жауапты хатшы қызметін атқарған.
3-кезең

Сөздік жұмысы: сөздердің мағынасы талданып, мәтінді түсінуге қажетті тірек ұғымдар нақтыланады.

Сейіл құру

Қыдыру, бой жазу.

Зиян

Залал, зақым.

Азат

Еркін, өз еркі өзінде.

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды

  1. 1Мысалдан қандай сабақ алдың?
  2. 2Бүгінгі сабақтан не білдің?
  3. 3Тағы нені білгіміз келеді?

Түйін:

«Тығырыққа тірелер тұста арыстан да тышқаннан көмек сұрауы мүмкін».

Тәрбиелік жоба: «Жақсылық»

  • Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды.
  • Көмек беру — сауапты іс.
  • Жақсылық жасау керек.
  • Жамандыққа жақсылық жасау — ерлік.
  • Көмек бере білу — адамдықтың белгісі.

IV. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Рөлге бөліп оқу.