Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Сабақ тақырыбы

Дара және күрделі сан есімдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сан есім бойынша білімді кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың тілдік қорын байытып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік

Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілігі

Тірек сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар.

Сабақ барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Сыныптың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгендеу.

  2. 2

    Үй тапсырмасын сұрау және бағалау

    Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп, кері байланыс беру.

    Мәтінмен жұмыс

    • Мәтінді оқу, аудару.
    • Мазмұнын айту.
    • Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
  3. 3

    Жаңа сабақ: Сан есім

    Тақтаға тірек сызба ілінеді. Мұғалім грамматикалық тақырыпты осы сызба арқылы түсіндіреді.

    Тұлғасына қарай

    • Негізгі
    • Туынды

    Құрамына қарай

    • Дара
    • Күрделі

    Мағынасына қарай (6 түрі)

    1. Есептік сан есім
    2. Реттік сан есім
    3. Жинақтық сан есім
    4. Болжалдық сан есім
    5. Топтау сан есім
    6. Бөлшектік сан есім
  4. 4

    Сан есімге сатылай кешенді талдау

    Талдау үлгісі: Қырық тоғыз

    Бұл сөз екі құрамнан тұрады: қырық, тоғыз.

    1. 1) Тұлғасына қарай: туынды; қырық және тоғыз сөздерінің тіркесінен жасалған.
    2. 2) Құрылысына қарай: күрделі, тіркесті сөз.
    3. 3) Мағынасы: бір лексикалық және бір грамматикалық мағынасы бар.
    4. 4) Лексикалық мағынасы: заттың санын білдіреді.
    5. 5) Грамматикалық мағынасы: лексикалық мағынаның жалпылануынан туған.
    6. 6) Сұрағы: Қанша?
    7. 7) Мағынасына қарай: есептік сан есім.
  5. 5

    Кітаппен жұмыс (топтық тапсырмалар)

    1-топ

    Мәтінді оқып шығып, сан есімдердің астын сызыңдар.

    1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (Мақал)
    2. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.
    3. Атадан алтау, анадан төртеу — жалғыздық көрер жерім жоқ. (Абай)
    4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. (Мақал)
    5. Мың жылқыны үш адам бағып жүр. (Ғ. М.)
    6. Ер жігітке жеті өнер де аз.

    2-топ

    Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар.

    Керекті сөздер:

    отыз үшінші жетінші он екінші төрт он екі жиырма төрт бірінші

    1. Бір жылда ... ай, ... мезгіл бар.
    2. Қаңтар — жылдың ... айы.
    3. Жылдың ... айы — желтоқсан.
    4. Бір тәулікте ... сағат бар.
    5. Аптаның ... күні — сәрсенбі, ... күні — жексенбі.
    6. Бір айда ... күн бар.

    3-топ

    «Төртінші» сөзіне сатылай талдау жаса.

    Талдау нысаны: Төртінші

    Бұл сөз бір тұлға ретінде қолданылады, негізі: төрт + -інші.

    1. 1) Тұлғасына қарай: туынды; төрт — негізгі түбір, -інші жұрнағы арқылы жасалған.
    2. 2) Құрылысына қарай: дара, себебі бір ғана түбір негізінде жасалған.
    3. 3) Мағынасы: бір лексикалық және бір грамматикалық мағынасы бар.
    4. 4) Лексикалық мағынасы: заттың саналу ретін білдіреді.
    5. 5) Грамматикалық мағынасы: жалпы грамматикалық мағынасы — сан есім.
    6. 6) Сұрағы: Нешінші?
    7. 7) Мағынасына қарай: реттік сан есім.

    Шығармашылық тапсырма

    Суретке қарап, сан есімдерді кірістіріп, мәтін құрастырыңдар.

    Бірінші топ

    Қамшы

    Екінші топ

    Домбыра

    Үшінші топ

    Жылқы

  6. 6

    Сабақты бағалау

    Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жұмысын бағалау.

    Үй тапсырмасы

    Сан есімдерді қатыстырып, бес сөйлем құрап жазыңдар және әр сөйлемдегі сан есімге сатылай кешенді талдау жасаңдар.