Оқыту жүктемесінің көлемі - аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағатНазар аударыңыз
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Бұл жоспар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерге арналған және төмендегі сыныптар мен курстарды қамтиды.
Алгебра және анализ бастамалары
10-сынып
Геометрия
10-сынып
Алгебра
9-сынып
Геометрия
9-сынып
Оқытудың негізгі міндеттері
Оқу үдерісі барысында оқушылардың теориялық түсініктерін жүйелеу және практикалық дағдыларын дамыту мақсат етіледі.
-
1
Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктілігін бекіту және пысықтау.
-
2
Функция графиктерін салу, график бойынша функция қасиеттерін анықтау және графиктерді түрлендіру дағдыларын жетілдіру.
-
3
Сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктілігін пысықтау.
-
4
Күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, үзіліссіздік, дифференциал және кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру.
-
5
Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялармен, олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру.
-
6
Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін және туынды тақырыбын меңгерту.
-
7
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу біліктілігін қалыптастыру.
Элементар функциялардың, күрделі функциялардың және тригонометриялық функциялардың туындысын табу дағдыларын дамыту.
-
8
Практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану.
Теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуде тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктілігін қалыптастыру.
-
9
Комбинаторика элементтерімен таныстыру.
Оқу жүктемесі
- Апталық жүктеме
- 3 сағат
- Жалпы көлем
- 102 сағат
Жоспарланған оқу мазмұны дағдыларды кезең-кезеңімен нығайтуға және тақырыптарды жүйелі түрде меңгеруге бағытталған.