Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата

Сабақ туралы мәлімет

Бұл сабақта оқушылар пернетақтаның қызметімен, құрылымымен және негізгі пернелердің қолданылуымен танысады.

Сабақтың тақырыбы

Пернетақта

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: пернетақтамен таныстыру арқылы оқушылардың білімін арттыру.
  • Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар

  • Компьютер
  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы

  1. 1

    Оқушыларды ұйымдастыру

    Сабаққа қатысуды тексеру, жұмыс орнының дайындығын бақылау.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    Алдыңғы тақырып бойынша орындалған жұмыстарды талдау, қателерді түзету.

  3. 3

    Өткен материалды қайталау

    • Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
    • Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?
    • Тұрақты жад деген не?
    • Компьютер деген не?

Жаңа тақырып: Пернетақта (клавиатура)

Пернетақта дегеніміз не?

Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізетін негізгі құрылғы. Көп жағдайда онда 101 немесе 102 перне болады. Ол таңбалық деректерді (әріп, сан, белгі) енгізуге арналған.

Негізгі ой

Әр перне басылғанда компьютер оны код ретінде қабылдап, тиісті әрекет орындайды.

Пернетақтаның жұмыс істеу принципі

  1. 1

    Перне басылғанда пернетақтадағы арнайы микросхема скан-код жібереді.

  2. 2

    Скан-код микросхемаға түседі де, процессорға белгілі нөмірі бар үзу (interrupt) сигналын береді.

  3. 3

    Процессор үзуді қабылдап, ағымдағы жұмысын уақытша тоқтатып, үзу нөмірі бойынша өңдеу бағдарламасының адресін табады.

  4. 4

    Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

  5. 5

    Енгізілген, бірақ әлі өңделмеген символдар пернетақта буферіне түсіп, бағдарлама оларды алғанға дейін сақталады.

Пернетақтаның бөліктері

Шартты түрде пернетақтаны 5 бөлікке бөлуге болады:

  • Алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер

    Мәтін, цифр және арнайы таңбаларды енгізуге арналған негізгі блок.

  • Функционалдық пернелер (F1–F12)

    Бағдарламаға байланысты жылдам командаларды орындайды.

  • Арнайы операция пернелері

    Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, Backspace сияқты басқару пернелері.

  • Меңзерді басқару және редакциялау пернелері

    Меңзерді жылжыту, мәтінді өңдеу әрекеттерін қолдайды.

  • Сандық пернетақта (NumPad)

    Сандарды жылдам енгізуге арналған қосымша блок. Num Lock арқылы қосылып/өшіріледі.

Негізгі пернелердің қызметі

Функционалдық пернелер (F1–F12)

Символдық пернелердің үстінде орналасады. Әртүрлі бағдарламаларда қызметі өзгеріп отырады және күрделі операцияларды жылдам орындауға көмектеседі.

Символдық пернелер

Пернетақтаның негізгі бөлігі. Әріптерді, цифрларды және таңбаларды енгізуге арналған.

Меңзерді басқару пернелері

Меңзерді экранда жылжытуға арналған (бағыттауыш пернелер және соған ұқсас басқару пернелері).

Num Lock және сандық блок

Num Lock пернесі сандық пернетақтаны қосады немесе ажыратады.

Жиі қолданылатын пернелер

Enter
Белгілі бір әрекетті аяқтау немесе команданы орындау үшін басылады.
Бос орын (Space)
Сөздер мен символдарды бір-бірінен ажыратады.
Backspace
Меңзердің сол жағындағы алдыңғы символды өшіреді.
Delete
Меңзердің оң жағындағы символдарды өшіреді.
Shift
Кіші әріпті үлкен етуге немесе керісінше ауыстыруға көмектеседі (пернемен бірге басылады).
Caps Lock
Үлкен әріптерді тұрақты енгізу режимін қосады/өшіріп тұрады.
Ctrl және Alt
Кейбір командаларды орындау үшін пернелер комбинациясы ретінде қолданылады.

Тапсырмалар

Практикалық жұмыс

Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу: әріптерді дұрыс теру, пернелерді табу жылдамдығын арттыру, қателерді азайту.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата.
  • Енгізу және шығару құрылғыларын ата.
  • Мониторға сипаттама бер.
  • Монитордың қандай түрлері бар?
  • Пернетақтаның блоктарын ата.
  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?

Үй тапсырмасы

Пернетақтаның 5 бөлігін және негізгі пернелердің қызметін қайталау. Пернетақта тренажерінде қысқа жаттығу орындау.