Омыртқа жотасының бөлімдері

Сабақтың тақырыбы

8-сынып: қаңқаның негізгі бөлімдері, омыртқа жотасының бөлімдері, қаңқа сүйектерінің типтері және адам қаңқасының ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қаңқаның түрлері, қызметтері және ерекшеліктері туралы білімді талқылап, қорытындылау.

Тәрбиелілік

Оқушыларды өз денсаулығын күтуге, үнемі дене жаттығуларын орындауға дағдыландырып, сымбаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Топта өз бетімен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге баулу, ойды еркін, сауатты әрі нақты жеткізу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Қаңқа моделі
  • Электронды оқулық
  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Жүйелеу және қорытындылау
Сабақтың әдістері
Тірек білімін белсендіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, кестемен жұмыс, биологиялық диктант.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  • Топқа бөлу.
  • Топ ережесін анықтау және келісу.

2) Ой қозғау: үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

Тірек-қимыл жүйесі және қаңқа туралы базалық түсініктерді белсендіру.

  1. 1 Тірек-қимыл жүйесіне не жатады және оның маңызы қандай?
  2. 2 Қаңқа қандай қызмет атқарады?
  3. 3 Қаңқа сүйектерінің саны қанша?
  4. 4 Адам қаңқасының сүйектену үдерісі неше жаста аяқталады?
  5. 5 Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?
  6. 6 Сүйектегі минералды заттардың құрамы қандай?
  7. 7 Сүйек қандай ұлпадан тұрады?
  8. 8 Сүйектің құрылысы неден тұрады?
  9. 9 Қаңқаның дұрыс дамуына қандай витамин әсер етеді?

3) «Білгің келсе» хабарламалары (топтық жұмыс)

Әр топ қысқа хабарлама дайындап, негізгі ойды сыныпқа ұсынады.

I топ

Сүйектің химиялық құрамы

II топ

Омыртқа жотасының қисаюы және алдын алу

III топ

Сүйек аурулары

4) Негізгі бөлім: жаңа материалды меңгерту

Жоспар

  1. 1 Қаңқаның негізгі бөлімдері.
  2. 2 Омыртқа жотасының бөлімдері.
  3. 3 Қаңқа сүйектерінің типтері.

Айналмалы бекет әдісі (оқулықпен жұмыс)

Оқушылар мәтінмен өз бетімен жұмыс істейді, топ тапсырмасын қорғайды және өзара бағалау жүргізеді.

I топ тапсырмасы

Қаңқаның негізгі бөлімдері

II топ тапсырмасы

Омыртқа жотасының бөлімдері

III топ тапсырмасы

Қаңқа сүйектерінің типтері

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру және шаршауды азайту.

5) «Сандар сыры» (интерактивті тақта)

Қаңқа мен омыртқаға қатысты негізгі деректерді сандар арқылы бекіту.

7

Мойын омыртқасының саны

12 жұп

Қабырғалардың саны

5

Бел омыртқасының саны

40%

Омыртқа жотасы ұзындығы адамның бойына шамамен қатынасы

200-ден аса

Қаңқа сүйектерінің жалпы саны

33–34

Омыртқа жотасындағы омыртқалар саны

26

Табандағы майда сүйектер саны

1,5 тоннаға дейін

Ортан жіліктің көтере алатын салмағы

6) Биологиялық диктант

Берілген сөйлемді тиісті терминдермен толықтырыңыз.

Қаңқа сүйектерден және олардың __________ тұрады. Ол біздің денемізге __________ болып, __________ сақтайды, __________ және __________ қызметін атқарады, сондай-ақ __________ қатысады. Қаңқа __________, __________, __________ болып бөлінеді.