Шоқан сөзімен байланысты бес жолды өлең құрастыру
Лексикалық тақырып
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым.
Грамматикалық тақырып
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын қайталау.
Сынып
9-сынып (орыс сыныбы).
Сабақтың мақсаты
Шоқан Уәлихановтың өмірі үлгі-өнеге екенін оқушыларға түсіндіру. Осы арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, диалогтік әдісті тиімді қолдануын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер мен модульдер
Қолданылған әдіс-тәсілдер
- Топқа бөлу
- Cluster әдісі
- Ойтолғау әдісі
- Бес жолды өлең
- INSERT стратегиясы
Қолданылған модульдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- Талантты және дарынды балаларға білім беру
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
- Сәлемдесу, сабаққа жұмылдыру.
- Психологиялық дайындық.
- Қызығушылықты ояту: интерактивті тақтада глобус, алақан және көгершін суреттері көрсетіледі. Оқушылар суреттерді өз қалауынша орналастырып, ойын білдіреді.
Топқа бөліну
Оқушыларды топқа бөлу үшін Астана қаласындағы ғимараттардың қима суреттері ұсынылады.
Жаңа тақырыпты анықтау
Флипчартта берілген сөздерді оқып, олардың қай ғалымға қатысты екенін анықтайды. Кейін Ш. Уәлихановтың туған жері, шыққан тегі және балалық шағы туралы қысқаша түсіндірме беріледі.
Грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма
Г. Н. Потаниннің Шоқан туралы ой-пікірі ұсынылады.
Мәтін бойынша жұмыс
- Мәтіннің аудармасын тексеру.
- Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу.
2-тапсырма
Семантикалық кестені толтыру.
3-тапсырма — Ойтолғау
Берілген сұрақтарға жауап беру:
- Шоқанның туып-өскен ортасы қандай болды?
- Шоқан қайда оқыды?
- Ол неше жасында қайтыс болды?
4-тапсырма
«Шоқан» сөзімен байланысты бес жолды өлең құрастыру.
1-жол
Зат есім — 1 сөз
2-жол
Сын есім — 2 сөз
3-жол
Етістік — 3 сөз
4-жол
Толықтауыш — 4 сөз
5-жол
Түйін сөз — 5 сөз
Жазбаша жұмыс
73-беттегі Ш. Уәлиханов туралы мәтін бойынша жазбаша жұмыс орындалады.
Бағалау
Әр топтың басшысы бағалау парағы арқылы топ мүшелерінің әр тапсырма бойынша нәтижесін бағалайды.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы түсіндіріліп, келесі сабаққа дайындық бағыттары нақтыланады.