Шеңбер бойымен әңгімелесу ойыны
Сабақ тақырыбы
Вирус және вирусқа қарсы құралдар
Мақсаты
Оқушылардың оқу әрекетін жүйелі ұйымдастыра отырып, вирустар, вирусқа қарсы құралдар және компьютерді қорғаудың өзге тәсілдері туралы түсінігін кеңейту. Сонымен қатар, вирустарды анықтаудың әртүрлі әдістерін меңгерту және қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
- «Шаттық шеңбері»
- «Миға шабуыл»
- «Мені түсін»
- «Шеңбер бойымен әңгіме»
- «Құрылымдалған кесте»
- «Ақпараттық диктант»
- «Еркін жазу»
Табыс критерийлері
- 1 Вирустардың түрлерін атай және ажырата аламын.
- 2 Вирусқа қарсы бағдарламаларды орната аламын.
- 3 Файлға жұққан вирустарды анықтап, тазалай аламын.
- 4 Ғаламтордан келетін қауіп-қатерлерді түсінемін және қорғану тәсілдерін қолдана аламын.
Сабақ барысы
Кіріспе
Уақыты: 3 минут
Мұғалім оқушыларды сыныпта қарсы алып, амандасады. Оқушыларды орындарынан тұрғызып, шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтуға бағыттайды. Осы арқылы сыныптың назарын сабаққа шоғырландырады.
Шеңберді бұзбай, «Вирус және вирусқа қарсы құралдар» тақырыбы бойынша оқушылардың бастапқы білімін анықтау мақсатында үй тапсырмасын сұрайды.
«Шеңбер бойымен әңгімелесу» ойыны
Уақыты: 7 минут
Мұғалім ойын шартын түсіндіреді: ортада тұрған мұғалім кез келген оқушыға нұсқау береді, ал ойыншы мәтінді ойдан жаңғыртып бастайды. Бұдан әрі сағат тілі бағытымен әр оқушы мәтіннің бір сөйлемін қосып айтады. Осылайша мәтін соңына дейін жалғасады.
Жауап барысында кеткен қателер бірлесіп түзетіледі. Ең белсенді оқушы анықталып, мадақталады.
Тұсаукесер және топқа бөлу
Уақыты: 5 минут
Сынып 3 топқа бөлінеді. Топ атаулары ретінде антивирус бағдарламаларының түрлері алынады:
-
1-топ
Kaspersky
-
2-топ
Avast
-
3-топ
ESET NOD32
«Миға шабуыл» сұрағы
«Мәтін бөліктерін ерекшелеу» дегенді қалай түсінесіңдер?
Негізгі бөлім
Уақыты: 15 минут
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын нақтылайды: бүгінгі сабақ — «Вирус және вирусқа қарсы құралдар».
«Мені түсін» ойыны
Оқушылар мәтін бөлігін оқып, түйінді сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Содан кейін мұғалім кітаптарды жабуды сұрап, әр оқушыға мәтіннің негізгі ойын ашатын шамамен 10 сөз жазуды тапсырады.
Кейін қарсылас топтардың түйінді сөздерімен салыстырып, бір-біріне түсіндіреді. Түпнұсқаға сәйкес келген сөздері көбірек болған оқушы мадақталады.
Практикалық жұмыс
Оқушылар жеке дербес компьютерге отырып, компьютерде тапсырмалар орындайды.