Қолөнер сайысы
«Мөлдір бұлақтан» отбасылық сайыс сценарийі
Бұл сценарий отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайтуға және тәрбиенің қоғамдағы маңызын айқындауға арналған.
Жүргізуші 1
Қайырлы күн, ұстаздар, ата-аналар, құрметті шәкірттер!
Жүргізуші 2
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!
Мақсатымыз
- Отбасылық қарым-қатынасты нығайту.
- Отбасының қоғамдық рөлі мен беделін арттыру.
- Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.
Дәйексөз
«Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңесе алмайды, ол өле-өлгенше сөнбейтін махаббат».
— Ғабит Мүсірепов
Тәрбие туралы ой
Жақсыдан жаман туады — Бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады — Адам айтса нанғысыз.
Баланың алғашқы ұстазы — ата-ана. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды.
Әр отбасында ата-ананың орны ерекше: бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке — отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі болса, ана — отбасының ұйытқысы, жылуы мен шуағы. Жақсы ана — отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейтін жан.
Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. Бала — өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі. Сондықтан әр ата-ана баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды.
Ата-ана — бала үшін ең бірінші үлгі, өзіне айна болатын тұлға. Ендеше бүгінгі сайысымызда бақ сынайтын үміткер отбасыларды сахна төріне шақырамыз.
Қатысушыларды шақыру
Жүргізуші 1
Алдарыңызға ____________________ отбасын шақырамыз.
Жүргізуші 2
Алдарыңызға ____________________ отбасын шақырамыз.
Қарап тұрмай сайысымызға еріңіз,
Отбасына әділ шешім беріңіз.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығар» деген —
Сайыскерлерімізге әділ баға беріңіз.
Қазылар алқасы
Сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырайық:
_______________________________
Сайыс шарттары
- 1 Өзін-өзі таныстыру
- 2 Қолөнер сайысы
- 3 Сұрақ-жауап
- 4 Спорттық жанұялар сайысы
- 5 Мақал-мәтел сайысы
- 6 Өнер сайысы
Бағалау жүйесі
Бағалау бес балдық жүйемен жүргізіледі және ашық түрде жарияланады.
Жүргізушілер сөзі
Жүргізуші 1
Ата-анадай қамқор болмас өмірде,
Саналық бар өсіп-өнген білімде.
Шарапат ал жаныңа, күлім күн сайын,
Елім өсер білімдіге сүйеніп.
Жүргізуші 2
Алдарыңызға алғашқы шартымыз бойынша ____________________ отбасын шақырамыз.
Қолөнер сайысы
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, келесі кезекті қолөнер сайысына береміз.
Сұрақтар
- Бақытты отбасы болудың негізгі шарты ретінде нені атар едіңіз?
- Бала тәрбиесінде отбасының жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
- Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?
- Отбасында бос уақытты қалай тиімді пайдаланасыздар?
- «Тәрбие адамның тағдырын шешеді» дегенді қалай түсінесіз?
Ән нөмірі
Жүргізуші 1
Ата-ана жаны — жазғы нұр,
Сендерсің жолын жалғар шың.
Сыр толы мынау сазды жыр —
Соларға енді арналсын.
Орындау
Ән: «Әкеме»
Орындайтын: _____________________
Спорттық сайыс
Келесі кезекте спорттық сайыс. Сахна төріне үміткерлерімізді шақырамыз.
Жүргізуші 1
_____________________ отбасы
Жүргізуші 2
_____________________ отбасы
Мақал-мәтел сайысы
«Мақал — сөздің атасы». Тапсырма: аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру.
Жалғастыруға берілетін мақалдар
- Бала — жас шыбық, қалай исең, солай иіледі.
- Бала жақсы болса — қуаныш, жаман болса — күйініш.
- Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
- Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
Ескерту
Қатысушыларға уақыт шектеуі мен ұпай қою тәртібін қазылар алқасы сайыс барысында нақтылайды.