Тәуелсіз елімнің - ерлік жолы

Тәуелсіздік – оңай келген сый емес

Қазақ елі еркіндікке жету үшін талай сыннан өтті. Бұл жолда аналар көз жасын төкті, талай боздақ туған жер үшін жанын қиды. Сондықтан тәуелсіздік – ұлттың тағдырын айқындаған ұлы жеңіс, ұрпаққа аманат болған қасиетті құндылық.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақыт, береке, бірлік, денсаулық тілейміз.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Тақырып пен мақсатты таныстыру.
  • Әнұран орындау.
  • Сұрақ-жауап: «Қазақстан туралы не білеміз?»

Топтық жұмыс

Оқушылар мақал-мәтел арқылы екі топқа бөлінеді:

І топ

Қазақстан

ІІ топ

Тәуелсіздік

Слайд тақырыбы: «Тәуелсіздік — ата-бабам аңсаған».

Тарихи кезеңдер: азаттыққа апарған жол

Әр топ белгілі бір уақыт аралығындағы оқиғаларды еске түсіріп, негізгі сабақтарын атап өтеді.

І топ: 1465–1986

  • Қазақ хандығының құрылуы — елдің тұтастығы мен дербес мемлекеттіліктің бастау алған сындарлы кезеңі.
  • Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, азаттық үшін күресті.
  • Нақты дерек

    Қазақ хандығы 1465–1847 жылдар аралығында өмір сүрді. Алғашқы ханы — Керей, соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы.

Екінші дүниежүзілік соғыс: ел жадындағы ерлік

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасап, халық адам айтқысыз ауыр кезеңді бастан кешірді. Алайда бірлік пен достықтың арқасында 1945 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңіс келді.

Жеңіс туы туралы

1945 жылғы 30 сәуір күні кешкі сағат 18:30-да Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға жуық созылған қанды қырғын аяқталды.

Уақыт өткенмен, соғыстың зұлматы ұмытылмайды — ол адамзат жүрегінде мәңгілік із қалдырды.

Желтоқсан 1986: намыс пен ерлік

Халық жадындағы оқиға

1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыдағы Орталық алаңға қазақ жастары шығып, елдің тәуелсіздігін талап етті. Алаңда «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек» деген ұрандар айтылды.

Сол күндері шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген жалған айып тағылды. Көптеген студенттер қудаланып, түрмеге қамалды, оқу орындарынан шығарылды.

Ерлік есімі — ел есінде

  • Қайрат Рысқұлбеков
  • Ләззат Асанова
  • Ербол Сыпатаев
  • Сәбира және басқа да құрбандар

Марапат туралы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Желтоқсанға қатысқан бірқатар жастарға да лайықты құрмет көрсетілді.

Тәуелсіздікке бастар шешім

Осы оқиғалардың тарихи сабақтары мен халықтың жігері нәтижесінде 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.

Хор: «Желтоқсан желі» әні.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан

Бүгінгі Қазақстан — әлемдік аренада өз орнын айқындаған, Азия мен Еуропаны мойындатқан, рухы биік ел. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз халықаралық қауымдастықтың көптеген ұйымына мүше болып, ел бірлігі мен аумақтық тұтастықты нығайтатын құжаттар мен келісімдерге қол қойды.

Бейбіт өмір

Ел ішіндегі тұрақтылық пен татулық — ең үлкен байлық.

Ата заң

Құқық пен жауапкершіліктің берік тірегі.

Мемлекеттік рәміздер

Көк байрақ, Елтаңба, Әнұран — елдіктің нышаны.

Ұлттық валюта

Теңге — тәуелсіз экономиканың белгісі.

Қорытынды ой

Тәуелсіздік — тарихтан жеткен аманат. Оны қадірлеу — рәміздерді құрметтеу, ел тарихын білу, бірлік пен білімді бірінші орынға қою. Болашақ ұрпақтың міндеті — осы еркіндікті нығайтып, елімізді өркендету.