Түркия халқы
Сабақ тақырыбы
Түркия Республикасының мемлекеттік құрылысы, географиялық орны, табиғат жағдайы мен ресурстары, халқы.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Түрік мемлекетінің географиялық орны, халқы, табиғат жағдайы туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық: пәнге қызығушылықты арттырып, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру деректері
- Сабақ типі:
- аралас
- Әдістері:
- түсіндірмелі, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, картамен жұмыс
- Түрі:
- дамытушылық
- Көрнекілігі:
- интерактивті тақта, дүниежүзінің саяси картасы, мектеп атласы
- Пәнаралық байланыс:
- тарих
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныпты сабаққа дайындау, мақсат-міндеттерді қысқаша хабарлау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: «Тоғыз ғаламшар» әдісі
Үйге берілген тақырып: Корей Республикасы. Қайталау сұрақтары ғаламшарлар атауымен беріледі.
| Ғаламшар | Сұрақ/бағыт |
|---|---|
| Меркурий | Корея мемлекетінің мемлекеттік құрылымы |
| Шолпан | Кореяның климаты |
| Жер | Халқы |
| Марс | Еңбек ресурстары |
| Юпитер | Корея экономикасы |
| Сатурн | Корея компаниялары |
| Уран | Чеджудо аралы |
| Нептун | Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыс |
| Плутон | Бейнематериал арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе |
Өтпелі көпір: Плутон — әлі толық зерттелмеген, құпиясы мол ғаламшар. Сол сияқты бізге жаңа тақырыпқа жетелейтін бейнематериал ұсынылады. Бейнероликте:
- Түркияның тарихтағы орны, Осман империясымен сабақтастығы;
- Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған, татулық пен достықты қолдаған мемлекет ретінде Түркия Республикасы.
III. Жаңа сабақ: Түркия Республикасы
Мемлекеттік құрылымы
- Басқару формасы:
- президенттік республика
- Мемлекет басшысы:
- Абдуллаһ Гүл
- Заң шығарушы орган:
- Ұлттық мәжіліс
- Ресми тілі:
- түрік тілі
- Діні:
- ислам
- Ұлттық валютасы:
- түрік лирасы
Географиялық орны
- Ел аумағының 97% — Азияда, 3% — Еуропада орналасқан.
- Батыстан шығысқа дейін шамамен 1000 км, солтүстіктен оңтүстікке 550 км созылады.
-
Жағалауы:
- Солтүстігі — Қара теңіз
- Батысы — Эгей теңізі
- Оңтүстігі — Жерорта теңізі
- Мәрмәр теңізі — елдің еуропалық және азиялық бөлігін байланыстыратын маңызды аймақ
- Астанасы: Анкара.
- Тәуелсіздігі: 1923 жылғы 29 қазан.
Тарихи қалыптасуы (пәнаралық байланыс)
Тарих пәнімен байланыстыра отырып, Түркияның Осман империясымен сабақтастығын және 1923 жылы республика ретінде қалыптасуын түсіндіру.
Халқы
- Халық саны: 72 600 000 адам (әлемде шамамен 7-орын).
- Тығыздығы: 1 км² аумаққа орта есеппен 97 адамнан келеді.
- Этникалық құрамы: халықтың 90%-ы — түріктер.
- Түрік тілі — Алтай тілдері семьясының түркі тобына жатады.
- Халықтың 99%-ы — мұсылман.
- Ірі қалалары: Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурса, Анталия, Адана.
Табиғат жағдайы
Түркияның табиғат жағдайы күрделі әрі алуан түрлі.
Таулары
- Арарат (5165 м)
- Анадолы таулы қыраты
- Тавр жотасы
Өзендері
- Евфрат
- Тигр
- Қызыл-Ірмақ
Туризм: әлемдік деңгейдегі Анталия курорты (бейнематериал).
Татулық пен ынтымақтастық мысалдары
- Түркияда Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне қойылған ескерткіш бар.
- Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне көше атауы берілген.
- Н. Ә. Назарбаевқа түркі халқының ақсақалы атағы берілген.
- «Қазақстан–2050» стратегиясы контекстінде ынтымақтастықты талқылау.
IV. Оқушының зерттеу жұмысы
Оқушыларға төмендегі бағыттар бойынша қысқа ізденіс тапсырмалары беріледі:
- Түркияның салт-дәстүрлері
- Ұлттық киімі
- Ұлттық тағамы
- Тарихи ескерткіштері
V. Практикалық бөлім
1) Картамен жұмыс
Түркиямен шектесетін мемлекеттерді картадан анықтау.
2) Кестемен жұмыс
«Қазақстан – Түркия» салыстыру кестесін толтыру: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
3) Оқулықпен жұмыс
Түркия қандай пайдалы қазбаларға бай екенін анықтау.
4) Рефлексия кестесі
| Білемін | Жаңа ақпарат алдым | Мені таң қалдырды |
|---|---|---|
| ... | ... | ... |
Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқу жетістігін қорытындылау.
Үй тапсырмасы
Негізгі тапсырма
«Түркия Республикасы» тақырыбын оқу және қысқаша конспект жазу.
Реферат
Түркияның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік кешені туралы зерттеу жұмысы.