Ағашты ата
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырыбы
Орманға саяхат (4-сынып, Дүниетану)
Сабақ түрі
Саяхат сабақ
Мақсаты
- Оқушылардың сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы білімін жинақтап, жүйелеу.
- Ойлау қабілетін жетілдіру, сөз қорын молайту, тілін дамыту.
- Мағыналы сөйлем құрауға дағдыландыру.
- Ұқыптылыққа, жинақылыққа, таза әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
Көрнекіліктер
- Слайдтар
- Қима қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білімді пысықтау, сұрақтар қою және жауап алу.
III. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Оқушылар орман әлеміне «саяхат» жасап, дара және күрделі сөйлем мүшелерін ажырату бойынша тапсырмалар орындайды.
Көркем жазу сәті: «Шәкірт кездегі — білімнің безбені» (баға)
Жаттығулар мен тапсырмалар
41-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазу және талдау
Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз. Қайсысы дара, қайсысы күрделі мүше екенін анықтаңыз.
Орманның асқақ ағаштары
Қарағай, қайың, көктерек, шетен
Сипаттама
Бұл — биік, алып ағаш. Көптеген халықтар оны сиқырлы, бақыт әкелетін, қауіп-қатерді қуатын қасиеті бар деп сенген.
Ағашты ата: қарағай
Сипаттама
Ағаштың қабығын сарбаздар етіктің ұлтарағының арасына салған. Көмір дәрісі дайындалған. Моншада одан жасалған сыпырғышпен шомылып, шырынын ішкен.
Ағашты ата: қайың
Жалғасы
Сипаттама
Халық медицинасында кең қолданылады. Қазіргі кезде сіріңке мен фанера жасауға пайдаланылады.
Ағашты ата: көктерек
Сипаттама
Көктемде көгереді, жазда сарғаяды, күзде қызарады. Қыста құстарға қорек болады.
Ағашты ата: шетен
42-жаттығу: сурет бойынша күрделі мүшені табу
Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшесін тауып жазыңыз және сөз табын анықтаңыз.
Аңыздар гүлдейді: інжугүл, көктікен, тұңғиық, венераның кебісі
Інжугүл
Грек тілінен аударғанда, мамыр айында гүлдейтін қыр лалагүлі. Аңыз бойынша ол көктемге ғашық болған. Жаз шығып, көктем кеткенде, көз жасын көлдетіп төккен.
Венераның кебісі
Сұлулық құдайы Венера батпақтың үстімен келе жатып сүрініп, аяғындағы бір кебісін жоғалтып алған деген аңыз бар. Бұл гүл Қызыл кітапқа енген.
43-жаттығу: күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрау
Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құраңыз. Күрделі мүшенің қай сөз табынан екенін айтыңыз.
Саңырауқұлақ «жаңбыры»
Майқұлақ, шыбынжұт, ақ саңырауқұлақ, арыш, түлкішек
Майқұлақ
Көп таралған саңырауқұлақ. Топ болып өседі. Жеуге жарамды.
Шыбынжұт
Жеуге жарамсыз, бірақ пайдасы бар: өкпе ауруы (туберкулез) мен ревматизмді емдеуде қолданылған. Қарағай мен шыршаға да қорек болады.
Ойлануға арналған сұрақтар
1) Сұрақ
Қай саңырауқұлақ орман жануарымен аттас?
Жауап: ________
2) Жұмбақ
Балақай, қарашы,
Бір түзу аяқты.
Қалпағы қып-қызыл,
Шашылған ақ тары.
Жауап: ________
Сергіту сәті
Әуенге ілесіп, қимыл-қозғалыс жасап, бой сергіту.
44-жаттығу: өлеңнен дара және күрделі мүшелерді табу
Өлеңнен дара және күрделі мүшелерді тауып, олардың бір-бірінен айырмашылығын дәлелдеңіз.
Жидектер: бүлдірген, таңқурай, қожақат, қаражидек, итбүлдірген
Итбүлдірген
Таңқурайға ұқсайды, бірақ жидегі қара түсті.
Қаражидек
Дәмді жидек, бірақ жеп болған соң ауыз қап-қара түске боялады.
Қайталау: орман тұрғындары бойынша сөйлем құрау
Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құраңыз: аю, қасқыр, түлкі, бұғы.
Аю
Ұзындығы шамамен 2,5 м, салмағы 500 кг-ға дейін жетеді. Жай жүреді, сақ келеді. Қорегі әртүрлі: тамырлар, өсімдік жуашығы, саңырауқұлақ, жидек, ұсақ кеміргіштер, бақа, құс жұмыртқасы мен балапаны, балық. Қыста апанда ұйықтайды.
Қасқыр
Ірі жыртқыш. Ізіне қарап, топта нешеу екенін дәл ажырату қиын: арттағысы алдыңғысының ізімен дәл басып, шатастырмай жүреді.
Бұғы
Ұзын сирақтары (шамамен 90 см) қардың үстімен жүруге мүмкіндік береді.
Түлкі
Орманның айлакер жыртқышы ретінде танымал. Берілген сөзді қатыстырып, күрделі мүшесі бар сөйлем құрастырыңыз.
Үй тапсырмасы және қорытынды
IV. Үйге тапсырма
46-жаттығу.
V. Қорытынды бөлім
Бағалау.
Негізгі ой
Жер — біздің ортақ үйіміз. Орман — ауаның фабрикасы. Сондықтан орманды қорғауымыз және сақтауымыз керек.