Жапанда жылқышының киіз үйі

Қазақта қасиетті үш нәрсе бар
Қара шаңырақ, қара орман, қара қазан.
Осы үшеуін аман сақтап қаламын деп
Қанша қазақ қыршынынан қиылған.

Отанымыз – от басынан басталады
Терең ой даналықтан бастау алды.
Ер – ел үшін туады - деген әке сөзін
Ақылды ұл есінен еш тастамады.

Қазағымның қараша киіз үйі,
Болмаса да мәз емес оның күйі.
Әр отбасы қадірлеп, қастерлеген,
Домбыраны үкі тағып, төрге ілген.

Нағыз қазақ, қазақ емес – домбыра
Ақиқаты осы сөздің дәл тура
Дархан дала, сайын дала – Сарыарқа
Құрманғазы күйін естіп, шер тарқа.

Түндігінен төгілген Күн шуағы
Демеп жүрсін қолтығынан қос пырағы
Қазақ – деген қасиетті ұлтымның
Шаңырағы шайқалмаған – бұл тұрағы.

Жаулап алған дүниенің талай жерін
Аты әйгілі – Ескендір Зұлқарнайын
Көзі көріп Әлемнің жеті кереметін
Риза болып қаққан екен таңдайын.

Тыңдаңыздар, озық ойлы, жарандар
Мән беріп мына қызыққа бір қараңдар
Киіз үй – ғажайып сәулет мұрасы
Қазағымның даналық пирамидасы.

Уықпенен жалғасқан – кереге мен шаңырақ
Көшірмесі аспанның дер ме екенсің нақпа - нақ
Жүз сегізге тең екен – балашық пен сағанақ
Әр кереге басында шоқ - жұлдызы Зодиак.

Сақтанып жаздың ыстық күндерінен
Басқан екен киізді аппақ жүннен
Борланған, үгітілген сүйекпенен
Алмасуы ауаның, көрініп тұр пішінінен

Шаңыраққа бақан көлбей тірелген
Алпыс екі градусқа бұрыштары тең екен
Жүз сегіз бен алпыс екі – аспан саны ежелден
Айта алмаймыз: Бабалар мұны білмеген...

... Жапанда жылқышының киіз үйі...
Жасағын Ақсақ Темір жақындаған
От басы, ошақ қасы болып жүрген
Жас әйелі ең бірінші байқаған.

Бір баланы артына мінгестіріп,
Қашқан әйел соңынан қуып барып,
Шаш ал десе, бас алатын жендеттері
Жаһангерге желкелеп, келді алып.

Бір баланы неге кеттің қалдырып? -
Деп сұрады Ақсақ Темір таң қалып.
Жалғыз інім, әке – шешем көзі еді
Өлімін оның көруге кім төзеді...

Күйеуге тиіп, бала туып алармын
Бауырды туған, бірақ қайдан табармын
Естіп Әмір келіншектің жауабын
Қайтарыпты жер майысқан сарбазын.

Отбасының шайқалтпай шаңырағын
Ақылымен сақтап қалған бар жанын
Үлгі болар болашақ ұрпақтарға
Оқып едім, осындай дала аңызын.

Ақ жаулықты, аяулы, аналарым,
Аман болсын, отағасы, қорғандарың
Өсе берсін жайқалып, ормандарың
Өшпесін жаққан оты бабалардың!

Ұстаз: Гульнар Хабаева



Ұқсас жұмыстар

Тәкен Әлімқұлов өмірбаяны, шығармашылығы
Жылқы шаруашылығында еңбекті ұйымдастыру
Қазақ халқының қолданбалы өнерінің семантикасы
Оралхан Бөкей повестеріндегі автор-кейіпкер мәселесі
Мифтік ұғымдар және әдебиет
Көркем еңбек сaбaғындa оқушылaрдың дәстүрлі қолданбалы өнер дaғдылaрын дaмыту
Киім
Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасы
Ауыл шаруашылық малдарын күтуге қойылатын гигиеналық талаптар жайында
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ
Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары
Заттың үш күйі
Киіз үйдің жасау-жиһазы
Күйік аурулары туралы
Алисияны сүйіп тұрып
Түлектерің өлең жазса шумақтатып, Тыңдар оны құштарлықпен дүйім халық
1934 жылы Петропавл ауданы Новая жизнь ұжымшарындағы балалар үйінде тәрбиеленді
Қызды үйінен ұзатып салу ата - ана үшін өте үлкен бақыт