Механикалық құралдардың даму кезеңі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Сабақ форматы

Түрі:
Жаңа сабақ
Типі:
Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдері:
түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Кестелер
  • Сөзжұмбақ
  • Сәйкестендіру сызбасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Есептеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылық қалыптастыру.

Тәрбиелік

Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді әрі бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушыларды екі топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасы

Сұрақтар

  • Информатика дегеніміз не?

Тапсырма №1

Ұжыммен жұмыс

Адасқан әріптерді дұрыс орналастырыңдар: берілген сипаттамаға сәйкес терминді табыңдар.

  1. 1) Ақпаратты қабылдауға, түрлендіруге және беруге арналған өзара байланысты құрылғылар тобы.

    қ п р а п т а т ы а ж а с а у

  2. 2) Компьютер жадына бағдарламалар мен деректерді кодтауға және беруге арналған құрылғылар.

    г е н і у з қ ұ р ы л ғ ы с ы

  3. 3) Деректерді өңдеуге арналған бағдарламалар.

    о қ д л а б н ы л а б а ғ д а р л а м а л а р

Жаңа сабақ

Жоспар

  1. Есептеуіш техниканың даму тарихы
  2. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы
  3. ЭЕМ буындары

Есептеуіш техникасының дамуы: негізгі кезеңдер

Көпшілік мойындаған жіктеу бойынша есептеуіш техниканың (ЕТ) дамуын төрт ірі кезеңге бөлуге болады. Бұл кезеңдердің әрқайсысында жасалған құралдардың кейбірі бүгінгі күнге дейін қолданыс тапқан.

1) Қол кезеңі

Б. з. д. елуінші мыңжылдықтан бастап

Есептеу үшін адамның дене мүшелерін (ең алдымен саусақтарды) пайдалану, ал нәтижені белгілеу үшін түрлі заттарды қолдану.

2) Механикалық кезең

XVII ғасырдың ортасынан бастап

Механикалық принциптерге негізделген құрылғылар арқылы арифметикалық амалдарды орындау.

3) Электромеханикалық кезең

XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап

Электр мен механиканы біріктірген есептеу құрылғыларының пайда болуы.

4) Электрондық кезең

XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап

Электрондық элементтерге негізделген құрылғылардың дамуы және ЭЕМ-нің қалыптасуы.

Қол құралдарының даму кезеңі

Бұл кезеңде есептеу әрекеттері көбіне адамның мүмкіндіктеріне сүйенді: саусақпен санау, түйіншек байлау, белгілер қою, заттарды топтастыру және орын ауыстыру арқылы есеп жүргізу.

  1. Ондық және он екілік санау жүйесіндегі саусақ есебі

    Қолдағы төрт саусақтың әрқайсысында үш буын сүйегі бар: 4 × 3 = 12. Осылайша он екілік санау элементтері қалыптасқан.

  2. Колумбқа дейінгі Америка халықтарының түйіншек санауы

    Ақпаратты сақтау және санауды белгілеу үшін жіпке түйін байлау тәсілдері қолданылған.

  3. Заттарды топтастыру және санап қою арқылы есеп жүргізу

    Белгілі бір нысандарды жинақтап, орын ауыстыру арқылы санды белгілеудің қарапайым әдістері кең тараған.

  4. Есепшотпен санау (абак)

    Алғашқы жетілдірілген санау құралы. Есепшоттың XV ғасырда кең қолданылғаны айтылады. Оны көбейту кестесімен біріктіру арқылы жетілдіруге жасалған соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

  5. Дж. Непер: логарифм және есептеу таяқшалары

    XVII ғасырдың басында Джон Непер логарифмді және логарифм кестесін ұсынды, сондай-ақ есептеу таяқшалары мен есептеу тақтасын енгізу арқылы есептеуді жеңілдетті.

Механикалық құралдардың даму кезеңі

Бұл кезеңде есептеу амалдары механикалық тетіктер арқылы орындала бастады. Нәтижесінде арнайы құрылғылар мен аспаптар жасалып, кейінгі есептеу машиналарының негізі қаланды.

  1. 1623 жыл: В. Шиккардтың алғашқы механикалық машинасы

    Алты разрядты сандармен арифметикалық амалдарды орындауға арналған. Құрылымы көбейту, қосу және сандарды жазу сияқты тәуелсіз тетіктерден тұрған.

  2. 1642 жыл: Блез Паскальдың арифметикалық машинасы

    Он разрядты сандармен негізгі арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын құрылғы.

Негізгі ой

Қарапайым санаудан бастап механикалық машиналарға дейінгі эволюция есептеуіш техниканың кейінгі электрондық дәуіріне жол ашты.