Екінші асудан асу

Биология · 8 сынып

Сабақ тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Сабақ экспедиция формасында ұйымдастырылады: оқушылар білім «шыңына» жету үшін екі сатыдан өтеді — экспедицияға дайындық және шыңға жету.

Сабақтың мақсаты

  • Ас қорыту жүйесі мүшелерінің құрылысын меңгерту.
  • Зат алмасуда ас қорытудың рөлін түсіндіру.
  • Ауыз қуысында, қарында және ішектерде астың қорытылуын толық талдау.
  • Салыстыра ойлау қабілетін дамыту, оқу белсенділігін арттыру.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Сабақтың типі
Экспедиция сабақ

Ойын екі сатыдан тұрады: 1) Экспедицияға дайындық, 2) Шыңға жету.

І. Ұйымдастыру: экспедиция барысы

Сабақ «экспедиция» түрінде өтеді: әр тапсырма — келесі асуға өтудің шарты. Дұрыс жауап берген оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

І саты. Экспедицияға дайындық

А) «Жолға не алу керек?» — терминдер қоры

Оқушыларға жол сөмкелерінен биологиялық терминдер жазылған қағаздар ұсынылады. Әр оқушы терминге қысқаша анықтама береді.

сілемейлі эпителий дәнекер ұлпасы ауыз қуысы жұтқыншақ өңеш қарын аш ішек тоқ ішек ерін ұрт тіс қызылиек аңқа таңдай кеңірдек тік ішек ұлтабар бүрлер бүйен соқырішек аппендикс сфинктер

Ә) «Метеоболжам» — сұрақтар бұлты

Бұлт бейнелерінің артында сұрақтар мен тапсырмалар жасырылған. Жауап берген оқушы келесі кезеңге өтеді.

  1. 1. Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
  2. 2. Ауыз қуысының құрылысы қандай?
  3. 3. Жұтқыншақ пен өңештің құрылысы қандай?
  4. 4. Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
  5. 5. Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады?
  6. 6. Тоқ ішектің құрылысы қандай?

ІІ саты. Шыңға жету

«Шыңға» шығу қиын болғандықтан, сынып екі командаға бөлінеді. Бұл кезең тәртіпті, сергектікті және ой ұшқырлығын талап етеді.

А) Тәртіп орнату

Командалар рөлдерді бөлісіп, уақыт пен жауап беру тәртібін келіседі.

Ә) «Ұйықтамай тыңда!» — тест тапсырмалары

  1. 1) Адамның асқазан безі бөлетін зат:

    а) шырын · в) химозин · с) птиалин · д) күкірт қышқылы · е) пепсин

  2. 2) Бауыр қақпасынан өтетін құрылымдар:

    а) сілекей безінің өзегі · в) жүйкелер · с) веналар · д) өт жолы · е) артериялар

  3. 3) Адамның күрек тістерінің саны:

    а) 2 · в) 4 · с) 6 · д) 8 · е) 10

  4. 4) Өзегі ауыз қуысына ашылатын бездер:

    а) жақ асты · в) жұтқыншақ маңы · с) тіл асты · д) шықшыт · е) қосымша бездер

Б) «Ойлан тап» — иә/жоқ сұрақтары

Тақтаға ас қорыту мүшелерінің құрылысы көрсетілген сурет ілінеді. Командалар қысқа тұжырымдарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.

  • 1. Мынау ауыз қуысы ма? Иә.
  • 2. Жұтқыншақтың ұзындығы 11–12 см (бұлшықетті түтік) пе? Иә.
  • 3. Дәм сезу рецепторлары жұмсақ таңдайда орналасқан ба? Жоқ.
  • 4. Ас қорыту және тыныс жолдары жұтқыншақта қиылыса ма? Иә.
  • 5. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 3–5 см ме? Жоқ.

Шыңға жеткен оқушы — нағыз альпинист.

Қосымша кезеңдер: асулар мен кедергілер

Қарлы бұрқасын

14 ұпай

А) Бірінші асу — сәйкестендіру

Берілген тұжырымдарды тиісті мүшелермен сәйкестендіріңіз.

  1. 1. Ас қорыту жүйесіндегі ең көлемді бөлік — бауыр.
  2. 2. Ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі — аш ішек.
  3. 3. Ең үлкен ас қорыту безі — бауыр.
  4. 4. Жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлім — өңеш.
  5. 5. Қоректік заттарды сорып, сіңіру қарқынды жүретін бөлім — аш ішек.
  6. 6. Құрт тәрізді өсіндісі (аппендиксі) бар бөлім — соқырішек.
  7. 7. Төменгі жағына өт қабы жалғасатын мүше — бауыр.

Ә) Екінші асу — тіс өрнегін оқу

Тіс формуласы бойынша жоғарғы және төменгі жақтағы тістердің сандық өрнегін оқып түсіндіріңіз.

3 3 — 2 2 — 1 1 — 2 2 — 2 2 — 1 1 — 2 2 — 3 3

Мұздық

16 ұпай

Дұрыс тұжырымдарды белгіле

  1. 1. Қоректік заттар организмде энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
  2. 2. Жұтқыншақ ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
  3. 3. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар.
  4. 4. Аш ішек — ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі.
  5. 5. Ұйқы безі тек сыртқы секреция безіне жатады.

Тасты жартас

Әр қатарға бір парақтан беріледі. Оқушылар ас қорыту туралы білетіндерін жылдам жазып, парақты артында отырған оқушыға кезекпен ұсынып отырады. Соңғы оқушы жазылған ақпаратты толық оқып береді.

Қорытынды және бағалау

Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланады. Үздік жауап беріп, барлық кезеңнен сүрінбей өткен оқушы «Нағыз альпинист» атағына ие болады.