Тапсырманы орында

Қызылорда қаласы

№112 орта мектеп, қазақ тілі пәнінің мұғалімі — Рысбаева Р.

Пәні: Қазақ тілі · Сынып: 4

Сабақ туралы

Тақырыбы
Нәтиже сабақ
Сабақтың типі
Бекіту сабағы
Сабақтың түрі
Сынақ сабақ
Әдіс-тәсіл
Сұрақ-жауап

Қамтамасыз ету

Көрнекілік
Суреттер, кесте, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік

    Модуль бойынша алған білімді қорытындылау, нәтиже жасау.

  • Дамытушылық

    Оқушының ой-өрісін кеңейту, білімге ынтасын арттыру.

  • Тәрбиелік

    Ата-анаға ізгі ниет қалыптастыру, мамандықтардың пайдасы туралы әңгімелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  3. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Сұрақтар

  • Қазір қай мезгіл?
  • Күз айларын ата.
  • Қазір қай ай?
  • Бүгін аптаның қай күні және нешінші күн?
  • Бүгін нешесі?
  • Бүгін ауа райы қандай?

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. Сабақтың тақырыбын айту, тақтаға жазу.
  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

VII. Сабақты бекіту

Тапсырмалар

1-тапсырма

Әр мамандыққа бір сөйлем құрастыр.

Нұсқа

Мысалы: «Дәрігер адамдарды емдейді.»

2-тапсырма

Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Аспаз

  1. Аспаз.
  2. Аспаз пісіреді.
  3. Аспаз ас пісіреді.
  4. Аспаз асты дәмді пісіреді.
  5. Аспаз асты өте дәмді пісіреді.

Дәрігер

  1. Дәрігер.
  2. Дәрігер емдейді.
  3. Дәрігер адамдарды емдейді.
  4. Дәрігер адамдарды қарап емдейді.
  5. Дәрігер адамдарды мұқият қарап емдейді.

3-тапсырма

Дауыссыз дыбыстарды жаз және топтастыр.

Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді

р, л, м, н, ң, й, у

Қатаң

к, қ, т, с, ф, п, х, ц, ш, щ, ч, һ

Тест (5-модуль)

Білімді тексеруге арналған тапсырмалар

1. Дауыссыз дыбыстарды көрсет.

  1. 1) Б, в, г, ғ, д, ж, з, қ, к
  2. 2) Б, в, ә, ө, е, ж, з, и, у
  3. 3) Б, в, г, ү, ұ, ы, м, н, ң
  4. 4) Б, в, а, һ, ч, ш, щ, ә, ю

2. Қазақстанның рәміздеріне не жатады?

  1. 1) Әнұран, кітап, елтаңба
  2. 2) Президент, астана, ту
  3. 3) Әнұран, елтаңба, ту
  4. 4) Елбасы, астана, бас қала

3. Қазақстанның елтаңбасының ортасында не бейнеленген?

  1. 1) Қыран
  2. 2) Шаңырақ
  3. 3) Пырақ
  4. 4) Күн

4. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?

  1. 1) е-скерт-кіш-тер
  2. 2) еск-ертк-іш-тер
  3. 3) ес-керт-кіш-тер
  4. 4) ес-керт-кішт-ер

5. Дауысты дыбыстарды ата.

  1. 1) к, п, о, а, л, т, б
  2. 2) е, у, ж, з, и, ш, һ
  3. 3) а, ә, е, э, ө, ұ
  4. 4) р, с, ф, я, ә, к, ү

6. «Балта» сөзінің 1-жақ жекеше түріндегі жалғауын көрсет.

  1. 1) –м
  2. 2) –ң
  3. 3) –ңыз
  4. 4) –сы

7. Жалғасын тап: «Нан — ас …»

  1. 1) Басы
  2. 2) Арқауы
  3. 3) Атасы
  4. 4) Әні

VIII. Сабақты қорытындылау

Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмалар мен тест нәтижесіне қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

Жіктік жалғауын қайталау.